meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  27.02.2022
  199


Автор: Абдрахман Асылбек

Қыран

Біз де жас болғанбыз,
Біз де мас болғанбыз.
Өмір деген – тұңғиық,
Туғаннан басталған құз.
Баласындай қыранның
Құз басынан құладың.
Жерге жетпей, қанатты
Қаға алсаң – шыдадың.
Құласаң, кім боларсың? –
Тас-талқан күл боларсың.
Құламасаң, кім боларсың? –
Керемет пір боларсың.
Шыңға барып қонарсың,
Нағыз қыран боларсың!





Пікір жазу