meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  27.02.2022
  199


Автор: Абдрахман Асылбек

Самайға сәуле түсіп күміс қырау

Самайға сәуле түсіп күміс қырау,
Жетпістің жотасында тұрыс мынау.
Қалдырып балалық пен шалалықты,
Көз салып өткен күнге, құрыстым-ау.
Уақыт өз дегенін тыңдатуда,
Ұршықша ғұмырымда зырлатуда.
Ендігі алаңсыздық алып соғар,
Болмайды бір минут та ұрлатуға.





Пікір жазу