27.02.2022
  534


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЛ БУУ

Осыны айтты да, Қара Қарындаш тас түйін болып, түйіліп тұрып


қалды. Жүзінен тосын бір іске бел буған ниет аңғарылғандай. Ол кенеттен:



  • Ал кеттік! – деді де, төмен қарай құлдырай жөнелді. Қара Қарындаштың

қандай іске бел буғанын жөнді түсінбеген Ақ Альбом серігінің соңынан томпалаңдап еріп кете барды. Шапшаң қимылды Қара Қарындаштың


соңынан қалмай жүру Ақ Альбомға оңай түспеді. Тікенді бұталар да жолды бөгеп, адымын аштырмайды. Екі-үш рет сүрініп, құлап та қалды... Сонда да болса намысқа тырысқан Ақ Альбом топталып келе жатқан жандардың


алдын орай жүгіріп бара жатқан Қара Қарындаштан қара үзіп қалмауға тырысып келеді.


Қара Қарындаш ентігін баса алмай, бір қалың бұтаның тасасына келіп тұрды. Оның соңын ала жеткен Ақ Альбом да демігін баса алар емес.


Қара Қарындаштың жанарында әлдебір ұшқын жалт етті. Тәуекелге бел буған сыңайда. Әрі кесімді, әрі батыл үнмен тіл қатқан Қара Қарындаш:



  • Қайткенде де қолға түскендерді құтқаруымыз керек, – деді.
  • Қалай?
  • Жасауылдар өмірі естіп көрмеген әрекет жасауымыз керек.
  • Ол үшін не істейміз, – деді Ақ Альбом.
  • Екеуінің есін шығарып, бар өнерімізді аямайық. Ақ Альбом оның ойға

бүккен құпиясын ұға алмай, дал болған күйде тұр.



  • Ал, батырым, ілес соңыма! Тек менің айтқанымды істей бер! Кеттік!


деді Қара Қарындаш.





Пікір жазу