27.02.2022
  245


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ЖАСЫЛ ТӨБЕГЕ СЕЙІЛ

Қара Қарындаш пен Ақ Альбомның жата-жата іштері пысты. Екеуі де кешегі шаршағандарын біржола ұмыта бастаған.



  • Кішкене сейіл жасап қайтсақ қайтеді? Бойым сергір емес, – деді Ақ Альбом қайта-қайта есінеп.
  • Мынауың тапқан ақыл! – Қара Қарындаш қуана келісімін берді.

Бұлар қуысын паналап жүрген ағаштан жырақтау жерде кішігірім төбешік бар болатын. Қара Қарындаш оқшаулау жасыл төбешікке көптен бері құмартып жүрген. Соның сәті түсетініне қуанды.



  • Жүр, онда анау төбешікке шығайық.

Төбе сырт көзге аласа көрінгенімен, өрлегенде екеуін әжептеуір-ақ шаршатып тастады. Қара Қарындаш төбенің ұшар басына бірінші жетті. Жеткен сәттте көлденең жатқан тақта тасқа ырғып шығып:



  • Алақай, бірінші боп мен жеттім, – деп, мақтана дауыстады. Ақ Альбом ентігін баса алмай:
  • Әй, мақтаншағым-ай, бөсе түс! – деп мысқылдай күліп қойды.
  • Өзіңнен көр! Жайбасарлығыңа мен кінәлімін бе, – деп әзілдеген Қара

Қарындаш Ақ Альбомды қолынан тартып, тақта тастың үстіне шығарды.





Пікір жазу