27.02.2022
208
![](/uploads/shorttexts/author_image/pernebaj-d-jsenbin.jpg)
СӘТ САПАР
Таң құлан иектеніп атқанда, олар соңғы Сары Қарындашты жасап бітіп еді. Кекілді Қыз:
- Ал, Сары Қарындаш, сәт сапар болсын, енді сен де сапқа қосылдың,
–
дегенде, ол:
- Рақмет, Кекілді Қыз! Сенің бұл жақсылығыңды еш ұмытпаймыз, – деді.
Бұйра шашты ағасы өз қолынан шыққан қарындаштарға елжірей қарап, қызықтап көп отырды. Күсті алақанымен барлығын сипап қойып:
- Қара Қарындаштай қайсар, еңбекшіл, өнерлі болыңдар. Барлығыңа тілер
тілегім сол, – деді де, отырған орнында қалғып кетті. Өзі әбден титықтап шаршаса керек.
Кекілді Қызды да ұйқы жеңе бастады. Ол да қалжыраған еді, отырған күйі ұйықтап кетті.