27.02.2022
184
ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Жігіт пен қарындасы күннің демалыс екеніне қарамастан жаңа іске
мейлінше ынтамен кірісті. Екеуі түнімен тыныс алған жоқ. Кекілді Қыз ағасының көңілді қалпына ерекше қуанды. Қолы-қолына жұқпайды. Ақ жаңқа болып жонылған сұлу қалыптар көздің жауын алады. Қаз-қатар тізіліп, қай түсті бояудың өзіне салынарын асыға күтіп жатқан тәрізді.
Жігіттің маңдайынан шып-шып тер шықты. Кекілді Қыз қолынан келген көмегін аяған жоқ, құтыдағы сұйық бояуды қарындашқа айналдыру оңай шаруа емес-ті.