27.02.2022
  330


Автор: Абдрахман Асылбек

Өңеш жыртқан қарқылынан қарғаның

Өңеш жыртқан қарқылынан қарғаның
Ұғынамын жауатынын қар қалың.
Оған сірә қуануға болар ма? –
Аязы бар сықырындай арбаның.
Қарқылдаса қарқылдасын қарғалар,
Артық зат жоқ табиғатта таңданар.
Шөбін жиып, қымтап қора-қопсысын,
Шаруалар қыс күніне қамданар.





Пікір жазу