27.02.2022
  196


Автор: Пернебай Дүйсенбин

КҮНГЕ АРНАЛҒАН ӘН

Қыз ұйқысынан ерте оянып кетті. Қара Қарындаш Ақ Альбомның жанында пысылдап, ұйқыны соғып жатыр.


Аяқ ұшымен ақырын басып, сыртқа шықты. Күн ұясынан енді


көтеріліп келе жатыр екен. Қыз жүгіріп, өзен жағасындағы төбеге шықты.


Сонау қалың орманның көкжиекпен астасар тұсынан қамшы бойы көтерілген Күн осы сәтте тым шырайлы көрінді. Қыздың кішкене жүрегі дүрсілдеп,


кеудесін жарып кетердей аласұра соқты. Қатты толқыған Кекілді Қыз Күнге арналар әнін қалай бастарын білмей, біраз бөгелді. «Күміс Айдың түндегі


айтқанын орындай алсам жақсы болар еді-ау», – деп, мазасыздана ойлады.


 


«Не болса да тәуекел!» Кішкене кеудесін кере дем алды да, Кекілді Қыз ән бастай жөнелді. Ә дегеннен еркін самғай, ашық үнмен шырқалған ән таңғы тынық ауаны жаңғырықтыра естілді. Тұла бойды шымырлатып, жан- дүниені еліткен осы бір тамаша сазды әнді бүкіл әлем ұйи тыңдап қалған тәрізді. Көк кеңістігіне жаңа талпынған бала бүркіттей биіктеген ән қанаты


құлашты тым алысқа сермегендей. Көк кеңістігіне, Алтын Күннің шапағына шомылғысы келіп, шырқай көтеріліп бара жатты...



  • Ризамын, Кекілді Қыз! Әніңе әбден риза болдым. Тыңдаудан еш жалығар


емеспін. Тілегіңді айт!


Қыз Қара Қарындаштың басындағы халді қысқаша баян етті.



  • Тілегің орындалды, Кекілді Қызым! Енді Қара Қарындаш жетімсіремейтін болады. Кәне, алақаныңды тос!


Қыз қос алақанын тосқаны сол еді, Күн көз ілеспес жылдамдықпен өзі түстес сап-сары, жұп-жұмсақ, қоймалжың бояуды құйып жіберді.



  • Ал Қара Қарындашқа менен сәлем айт! Мынау жер мен көк, орман- тоғай,


тау мен тас, өзен мен көл – барлығы менің перзенттерім. Ендігі бояуларды


солардан тапсын. Тек талап, талмас қанат тілеймін! Жолдарың болсын! – деп, Алтын Күн мейірлене жымиған қалпы көкке өрлеп кете барды...





Пікір жазу