27.02.2022
  145


Автор: Пернебай Дүйсенбин

КҮЛІМДЕГЕН КҮН

Бір мезетте Кекілді Қыз әнін кілт үзді де, ашық дауыспен айналаны жаңғырықтыра айқайлап:



  • Ей, Алтын Күн! Қара Қарындаштың өзіңді таңғажайып қып салғанын

көрші, – деді.


Күмбез көкке жайлап көтеріліп бара жатқан Күн бағанадан бері Қыздың қылығын қызықтап тұрған еді, атын атап, арнайы тіл қатқанына масаттанып қалды. Құмар сезімге бой алдырған қалыпта:



  • Кәне, көрсетші, – деп ынтыға дауыстады.

Екі бетінің ұшы бал-бұл жанған Кекілді Қыз Ақ Альбомды көтеріп, алғашқы бетін ашып, салынған суретті Күнге көрсетті. Қара Қарындаш қатты толқыды. Өз-өзінен тыпыршып, бір орнында тұра алмай жүр. Күн күлімсіреген күйде:



  • Өте тамаша етіп салған екен! – деді. Аздан кейін сәл-пәл өкінген үнмен:
  • Әттең, түрлі-түсті бояуы жоқ екен. Әйтпесе суреті құлпырайын-ақ деп

тұр, – деді.


Қара Қарындаш бұл мақтауға қатты қуанып, секіріп-секіріп түсіп еді, артынша оның аузынан шыққан өкінішке толы лебізді естігенде, көңілі ортайып, жабырқау тартты. Қара Қарындаш бояу деген сөздің мәнін жете ұқпай, дағдарып тұрып қалды.





Пікір жазу