27.02.2022
  165


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ТҮН

 


Қараңғылық түсіп, көз байлана бастаған соң, Ақ Альбом:



  • Түн де келіп қалды, білем, әне бір жуан ағаштың түбіне барып паналайық,


 



  • деді.


Қара Қарындаш серігінің сөзіне бірден құлақ асты. Жым-жырт, у- шусыз келіп, қараңғылығын жаба салған түннің жұмбақ мінезі көп екен. Әр тұстан андағайлап шыққан, әрі бейтаныс, әрі жұмбақ дыбыстар қосылғанда, құлақты тұндырып жіберді. Қорқынышты-ақ. Екеуі бір-біріне тақалып, кәрі ағаштың қуысына тығыла түсті. Әбден қалжырапты. Ұяң басып, ұрлана келген ұйқы екеуін маужырата бастады.





Пікір жазу