27.02.2022
  129


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ЕРКІНДІК

 


«Шіркін, еркіндікке не жетсін!» деп тамсана ойлаған Ақ Альбом өзеннің арғы бетіне көз салды. Орманға дейінгі алаптың ажары мүлдем бөлекше көрінді. Шуақты көктем құшақ-құшақ гүл дестелерін осынау алқапқа төгіп кеткен дерсің. Алуан түстес гүлдер көздің жауын алып, көңілді қуантады. Осынау тәтті әсер тілдерін байлағандай екеуі көпке дейін үнсіз тұрады.


Күн де батуға таяп қалды. Батар күннің қызғылтым бояуы көз жетер кеңістіктің барлығын айрықша шырайландырған. Сезімтал Қара Қарындаш таңданысын жасыра алмай:



  • Керемет, ә! – деп дауыстап жіберді.


Ақ Альбом Қара Қарындаштың бойындағы құбылысты жіті бақылап тұрған. Оның бойындағы сезімталдық пен сергектікті осы жолы мейлінше айқын аңғарды.





Пікір жазу