27.02.2022
167
АҚ АЛЬБОМНЫҢ ҰСЫНЫСЫ
Ақ Альбом біраз уақыт үнсіз тұрды да:
- Қара Қарындаш десе, маған салған суреттеріңді сыртқа шығып көрсетсек қайтеді? – деп, өзгеше бір ұсыныс жасады.
- Кімге?
- Кімге? Күнді күнге, Ағашты ағашқа, Қызғалдақты қызғалдаққа, тағы басқаларын басқаларына көрсетейік...
- Оның керегі не?
- Қызық екенсің, өздерін жақсылап салғанымызды айтпаймыз ба?
- Қара Қарындаш қуанғанынан серігін құшақтай алды.
- Мына ұсынысыңа рақмет! Олар, сөз жоқ, бізге риза болады. Ал кеттік!