27.02.2022
149
![](/uploads/shorttexts/author_image/pernebaj-d-jsenbin.jpg)
ДОСТАСУ
Қара Қарындаш сықылықтай күліп, Ақ Альбомның қасына келді. Кенет бір орында шыр айналып, кілт тоқтай қалды да, керіле дем алды.
- Қақшиып тік тұра беруден әбден жалығады екенсің. Тіптен шыдамым
таусылып кетті.
- Мен сенің шыдамсыз екеніңді бұрыннан-ақ білгенмін.
- Қалайша?
- Қалай білдің дерің бар ма? Білгім келген соң білдім де.
- Сонда қалай?
- Денеңе бәкі тигенде, Көзілдіріктінің қолынан бұлт етіп түсіп кете жаздадың емес пе?
- Мәссаған! Сен көріп жатқан екенсің ғой.
- Әрине. Көзілдірікті: «Мына антұрған қайтеді-ей», – деп өзінен-өзі сөйлегенде, мен де күліп жібере жаздадым.
- Шынымен бе?
- Рас. Бәрінен сен таңдана тіл қатқанда, оның селк ете қалғанын, шошынғанын айтсайшы.
- Неге?
- Неге?! Ол сенің сөйлегеніңді шын аңғарғанда, шаруаң бітіп еді.
- Не істер еді?
- Еденге атып ұрып, беліңнен батпан аяғымен бір-ақ басатын еді.
Содан
соңғысын айтудың қажеті де жоқ.
Қара Қарындаш қобалжып қалды. Біраз ойланып тұрды да:
- Иә, сөйтетінін сол кезде-ақ сезгенмін, – деді бәсең үнмен.
- Оның өзі бір қиқар адам. Кеңседе отырып алып, боратып қағаз жазудан
қолы тимейді.
- Саған да кезек келеді десеңші.
- Иә, соны айт. Маған не жазатынын білсем ғой, шіркін!..