27.02.2022
  158


Автор: Пернебай Дүйсенбин

АҚ АЛЬБОММЕН ТАНЫСУ

 


Демалыс күні болатын.


Қара Қарындаш мүлдем көңілсізденіп кетті. Үнемі бір сарынды бұйрық, шектеу сөздер жазудан бұл күндері әбден жалыққан. Тас сауыт та суық. Ол өзінің осы жалғыздық халіне кәдімгідей нали бастады.


Жан-жағына барлай қараған Қара Қарындаш ашық жатқан Альбомды көрді. Өзі мейлінше аппақ, ашық түсті екен.


Қара Қарындаш тас сауытта бұдан артық тұруды қажет деп таппады. Үстелдің үстіне дік етіп секіріп түсті де, Ақ Альбомның қасына таяп келіп, оған күлімсірей қарады.


Ақ Альбом дереу:



  • Неменеге шікірейіп тұрсың? Бері тақасаңшы, – деп үн қатты. Қара Қарындаш та ойнақы үнмен:

  • Немене, таяп баруға қорқады деймісің. Әлі-ақ мезі боларсың.

  • Мезі бола қоятын мен емсепін.

  • Мен де сені жалықтыра қоймаспын.

  • Сонда қолыңнан не келеді?

  • Оны өзім білемін, өзгемен ақылдасқанды онша ұната қоймаймын, – деп,


Қара Қарындаш қалжыңдады. Ақ Альбом Қарындаштың бұл сөзіне шамданған жоқ, қайта оның ойынпаздығына іштей сүйсінді.



  • Ақылдасу, ақылдаспау   өз   еркіңде.   Ал  екеуміздің   достасуымыз сөзсіз, –


 


деп Ақ Альбом жымиып қойды.





Пікір жазу