27.02.2022
  162


Автор: Пернебай Дүйсенбин

МАЗАСЫЗ САУСАҚТАР

 


Көзілдірікті әлгіде болған жайды ұмыта бастағандай. Қара Қарындашты алдында тұрған алты қырлы тас сауытқа салып, үнсіз барлап біраз отырды.


Келесі сәтте орнынан әрең көтеріліп, бөлменің ішін әрлі-берлі кезіп жүре бастады.



  • Мына күннің ысуын-ай! Бөлменің іші қапырық болып кеткен бе? – деп,


терезенің кішкене желдеткішін ашты. Ішке самал жел еркелей енді. Самалмен бірге ішке жел тербеген жапырақтардың сыбдыры, алыстан көңілдене шуласқан балалардың үндері естілді. Бұтадан бұтаға секіріп, әрлі- берлі ұшқан құстардың әр алуан құйқылжыған үні бөлме ішіне бұлақ суындай ақтарылғанда, Қара Қарындаш тас сауыттан сыртқа секіре жаздап барып қалды. Күсті қолдарын артына қайырып, терезеге тұнжырай қарап қалған Көзілдіріктіге көзі түскенде, тас сауыттың кенерінен ішке лып етіп қайта түсіп, тынши қалды.



  • Осы құстар да шуылдап, адамның миын жеп қойды-ау!


Желдеткішті сарт еткізіп жауып жібергенде, үстел де, сауыт та солқ ете түсті. Жүзі түтігіп кеткен Көзілдірікті ашулана адымдап, есіктің жанындағы жұмсақ орындыққа сылқ етіп отыра кетті. Мазасыз қозғалған саусақтары тыным табар емес. Бүкіл санасын жаулап алған тыншусыз ой безек қаққан саусақтарымен бірге тулап жүргендей.



  • Қап! – Тістерін шықырлатты. – Бұларды аямау керек екен. Иә, иә, еш аямау керек!


Үстелді нән жұдырығымен солқ еткізіп қойып қалды да, Қара Қарындашты сауыттан жұлқи суырып алды.


 





Пікір жазу