27.02.2022
  213


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ҚАНДАЙ СҰЛУ ЕДІ!

Ұштала түскен сайын Қара Қарындаш айналасына ашық ажармен, жайдары шыраймен қарады. Төрткүл дүние түгел көріне бастағандай. Қатар тұрған қос терезені бар болмысымен көргенде, қуанғанынан айқайлап жібере жаздады.


Терезеден ішке төгілген мол сәуле мынау көңілсіздеу кең бөлменің күңгірт бұрыштарын, абажадай зілмауыр үстелді де, оның піл аяғындай жуантық аяқтарын да ажарлы етіп, айқындай түскен. Бір бұрышта зеңкиіп, тұнжырап тұрған темір жәшік пен оның аузындағы пілдің құлағындай салбыраған қара құлып та аз сәтке болса да шырайланып қалғандай. Бірақ терезенің ортасындағы темір тор тар бөлмеге асыққан саумал сәулеге тосқауыл болғысы келгендей тұтасып тұр. Қара Қарындаш бұған аз-кем ренжісе де, сонау заңғар көктегі бұйра-бұйра, аппақ-аппақ бұлттарды көргенде, тұла бойы дір ете түсті.


 



  • Қандай сұлу еді! – Қара Қарындаш қалай дауыстап жібергенін аңдамады.




Пікір жазу