27.02.2022
  160


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ҚУАНЫШ

Сәлден соң Қара Қарындашты қалтасынан шығарып үстел үстіне қойды да, оны айналдыра қарап біраз отырды.



  • Дегенмен, жаман Қарындаш көрінбейсің. Ал енді сені ұштап, іске


кірісейін, – деп желпіне сөйледі де, үстелдің суырмасынан бәкісін алды. Қара Қарындаш қатты қуанып кетті. Ол ақ қағазбен қауышар сәтті асыға күтіп жүрген. Көзілдіріктінің аузынан шыққан сөзі көңілін марқайтып тастағандай болды. Күдік тұманы сейіле түскендей. Қылпыған бәкі денесіне тигенде, қытығы келіп кетті. Бұлт етіп иесінің қолынан түсіп кете жаздады.



  • Мынау ант ұрған қайтеді-ей. Тентектігін қарашы! – деп, Көзілдірікті күңк ете түсті де, ұшын шығара бастады.





Пікір жазу