27.02.2022
  173


Автор: Пернебай Дүйсенбин

МАЗАСЫЗДЫҚ

 



  • Иә, сонымен бүгін не істеуім керек? Иә... Імм... Солай да солай.

Жоғары


әкімге ел жайында хабар жазуым керек. – Ол Қара Қарындаш тұрған тұсын саусақтарымен қағып-қағып қойды. Өзінше ән салған болып, әлдебір жеңіл әуенді ыңылдай бастады. Үні қатқылдау, құлаққа жағымсыз. Тық-тық еткен тағаның тықылымен үндес, әуендес сияқты. Кенеттен Қарындаш өзі сағынған құс әнін қайта естіді.


Бірақ әлгі мазасыз әуен құстардың үнін көмескі тартқызып, тұншықтырып тастауда. Ол үздіге тыңдап, бойын жазып, Көзілдіріктінің қалтасынан сыртқа шықпақ болып тырмысты. Оның осы әрекетін сезе қойғандай Көзілдірікті қолын қойнына салып, енді көтеріліп келе жатқан Қара Қарындашты төмен қарай төбесінен басып қойды.



  • Мынау қайтеді-ей, түсіп қалайын деп келе ме? – деп, әлгі әуенін күрт

үзді де, қойнына үңіліп қарады. Қара Қарындаш қапасқа қайта қамалғанда, мүлдем мұңайып: «Енді қайттім?» – деп ауыр күрсінді.


 





Пікір жазу