27.02.2022
  169


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ЖАРЫҚҚА ҰМТЫЛУ

Қараңғы қапасқа тағы да енген Қара Қарындаш мазасыз халге қайта ұшырады. Көзілдіріктінің көкірек сырылы мүлдем күшейіп кеткендей. Құлаққа естілуі де соншама жағымсыз. Тағалы аяқ киімнің өкше тықылы да жүйкені жеп барады.


«Жарыққа қашан шығар екенмін?» – деп тықырши ойлаған Қара Қарындаш көйлек пен кеудешенің арасынан арагідік жылт еткен жарыққа құмарлана көз тікті. Көзілдірікті мұның жарық дүниеге ұмтылуынан мүлдем бейхабар. Өзімен-өзі болып келеді. «Иә, сонымен бүгін не істеуім керек?»





Пікір жазу