27.02.2022
  133


Автор: Абдрахман Асылбек

Көлеңке

Осы менің неліктен тұзым жеңіл?
Бір көлеңке қалмайды ізімнен кіл.
Сонда-дағы тынбайды қызулы өмір,
Сонда-дағы сәулелі, түзу көңіл.
Көлеңкеге көңілді бөлмесем де,
Тіктеп дәйім өзіне келмесем де,
Қалмайды ол ізімнен өрлесем де,
Сәл қиналып бір мезет терлесем де.
Көре алмайды жарқылдап жүргенімді,
Көре алмайды ән тыңдап, күлгенімді.
Тілейді тек көңілде кірбеңімді,
Тілейді тек күйінер күндерімді.
Тұрған шақта күлімдеп шуақ күнім,
Тұрған шақта күмбірлеп құлақ күйім,
Көлеңкелер сөз емес,
Қуаттымын,
Сүрінбейтін секілді сияқтымын.





Пікір жазу