27.02.2022
206
САҚАЛДЫ ҚАРИЯ
Темір жәшіктің аузы сарт етіп ашылғанда, Қара Қарындаш селк ете қалды. Ең алдымен қарияның тарам-тарам ақ шулан сақалы көзге шалынды.
Содан соң қалың қасты қабағы мен суықтау қарайтын көзі назарға ілікті. Сәлден кейін оның жуан, қайратты саусақтары мұны жеп-жеңіл іліп алды. Қара Қарындаш осы кісіні алғашқы күннен-ақ онша ұната қоймаған. Түсінің суықтығы, әлде жуан, быртық, түкті саусақтары, әлде назар салғанда өңменіңді тесе қарайтын көз жанары ұнамай ма, әйтеуір, оның қолы тигеннен-ақ денесі тітіркеніп, өн бойын суық бір сезім жайлап алатын.