27.02.2022
  133


Автор: Пернебай Дүйсенбин

МҮМКІН ЕМЕС!

Оның қиялының ұшқырлығына елдің бәрі таңданатын.


Өзінің мінезі де былайғы жұрттан өзгешелеу. Кейде сабақ үстінде көзін алысқа қадаған қалпы, ұзақ ойланып отырып қалатын. Былайғы жұртқа беймәлім, бөлекше бір әлем құшағында отыратын қалпын кластастары да, мұғалімдері де жиі байқаушы еді.



  • Дәурен! Алысқа кетіп қалдың-ау! Ауылға қарай қайтып оралсаң қайтеді?! Мұғалімнің қамқор үні оны қиял құшағынан қалыпты ортаға қайта оралтты. Ол ағайына көз салды. Бірақ езуіндегі жұмбақ жымиыс табы сол өшпеген қалыпта екен.

Берден ағай тақтаға ілінген плакаттағы көрнекі, бояулы суретті алуан түспен әдеміленген сүйрік таяғымен нұқи көрсетіп, сөйлеп тұр.


-Мысалы, сендер Жерді өте үлкен деп ойлайсыңдар. Ал сол Жер Күннен тоғыз жүз есе кіші. Оның Күнді 365 күнде бір-ақ рет айналып шығатынын білудің өзі де қызық. Соның өзінен-ақ Күннің ғаламат үлкен екенін білуге болады. Ал Күнді айнала қозғалған Жердің жылдамдығын көз алдарыңа еелестетіп көріңдер, - деп Берден ағай сәл іркіліс жасады.


Дәурен тап осы кезде барып айтылып жатқан әңгімеге шын ықылас аударып еді.


-Қандай дейсіңдер ғой ә?


-Иә,иә! – Құмарлық ұшқыны шарпыған көздер мен ынтықтық билеген үндер қатар бой көрсетісті.


-Бір секундта отыз километр жылдамдықпен!


-Мүмкін емес!


-Охо!


-Отыз километр дейсіз бе?


-Иә, отыз километр!


Дәурен көзін жұмды. Ойша өзі тұратын ауыл мен жас қала Кентастың арасының отыз километр екенін елестетті де, соншама қашықтықты Жердің бір-ақ секундта жүгіріп өтетінін таңдана әрі мүлдем таңырқай ойлады. Сонда қалай? Біра-ақ секундта жүгіріп өткені ме?





Пікір жазу