27.02.2022
  174


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ТҮНГI САЛЮТ

 


Бала мылтықты айналдыра қарап отыр.



  • Ата десе, осы қорықшы болғалы берi адамға мылтық атып көрдiңiз бе?

  • Ойбай, айналайын, о не дегенiң? Менi жынды деп пе едiң адамға мылтық атып. Әлгi анда-санда аспанға мылтық атқанымыз болмаса.

  • Осы кейбiр қарауылшылар адамды тұзбен атады дейдi ғой, сол рас па?


 



  • Қой, бекер сөз, тұзы не! Адамның көзiне тиiп. шығарып жiберсе қайтесiң! Баламысың деген-ау, ә? Ол кiм, мұндай әңгiменi бықсытып жүрген?

  • Балалар сөйтiп айтып жүр ғой.

  • Е, бала деген антұрған айта бередi де. Олардың құлағына бiрдеңе тисе болды, айда, сосын бiр көпiртедi-ай келiп!

  • Ата десе, мен бiр нәрсе айтсам ұрыспайсыз ба?

  • Е, айта ғой, ол не?

  • Мылтықпен аспанға салют атып көрейiкшi, ә! Қарт шошып кеттi.

  • Қой, ойбай, салюты несi! Құр елдi дүрлiктiрiп, о, несi-ей!

  • Ата-ау, бұл маңда ел жоқ қой дүрлiгетiн.

  • Ойбай, қарағым, бiздiң кемпiр бар, жеңгең бар, оның жас балалары бар, шошып кетедi.

  • Неге шошиды? Айтпаймыз ба, ұрылар келдi, соларды қорқыттық деп.

  • Туњ, сенiң өзiң бала екенсiң ғой, – дедi Төлепбек қарт кiнә аралас үнмен сөйлеп, сәл күлгендей болды.

  • Ата десе, атайыншы, ұрыспаңызшы! Атайыншы, а! Ол қарттың тура жүрегiн суырып алардай жалынады.

  • Теуiп жiберiп жүрсе, құлап қалмайсың ба?

  • Иығыма мықтап тiреймiн ғой.

  • Әй, қой, болмайды! Оғы жазым болып бiреу-мiреуге тиiп кетер.

  • Ой, ата-ай, аспанға атылған оқ құстан өзге неге тиедi дейсiз.

  • Ей, не бiлесiң сен. «Жазым болса тары көжеге тiс сынар» деген.


Қайдам?.. Қорықшы қарт күмiлжiп қалды.


Бала үздiге жалынады.



  • Е, не үшiн салют бермексiң?

  • Сiз үшiн, сiздiң соғыста жасаған ерлiгiңiз үшiн. – Әй, баламысың деген, ә! Қарай гөр мұны, сонша мен қандай ерлiк жасаппын? Қарт кеңкiлдей күлдi… – Елдiң бәрi айтады ғой, соғыста немiстi көп өлтiрген деп.

  • Е, жалғыз мен ғана ма екен сүйiткен.

  • Сонда да болса сiздiң орден, медальдарыңыз көп қой. Тағы сiз концлагерьдегi көтерiлiске қатысқансыз ғой.

  • Қара мұның қуын. Төлепбек атай жөткiрiнiп алып, жеңiл күлiп қойды. Мен баланы сықпырта сыбап жатырмын. Құдайға мың жалбарынып: «Е,


құдай, бермесе екен, бермесе екен» – деп тiлеймiн. Анау да бiр жүгермек екен – қадалған жерден қан алмай қоймайтынның нағыз өзi. «Ата, ата!» – деп өлiп бара жатыр.



  • Е, жарайды, болмадың ғой, пәдерiңе нәлет! Атсаң атшы салютыңды, – деп, үмiт артқан қартымның табан асты босап сала бергенi. «Бәрi бiттi. Ендi бүлiндi-ау», – деп ойлай бергенiмше болған жоқ, тып-тыныш түндi төңкерiп тастағандай сұмдық бiр үнмен мылтық гүрс еттi. Көзiм қара көк аспанды қақырата тiлiп түскен жалынды ғана шалды.

  • Ойбай, апа! – деп қосарлана шыққан ащы дыбыс құлағымды жарып өттi. Содан кейiнгiсi есiмде жоқ. Атып тұрдым да, аяғым аяғыма жұқпай безе жөнелдiм. Әр тұстан сатыр-сұтыр етiсiп, өзен тұсты бетке алып, зытып бара


 


жатқан екi серiгiм көзге шалынды. Бiреуi жоқ. Қайда кеткен?! «Ойбай, апа!» деген ащы дауыс құлағымда безек қағып, бебеулеп тұр. О, сұмдық! Оқ тиген шығар. өз ойымнан өзiм шошып кеттiм. Тiрi масқара болдық деген осы! Зытып келе жатқан бойда белгi шеңгелдiң түбiнен өте бердiм. Бейсенбектi жер жұтып кеткендей. Орнын сипап қалдық. Апыр-ау, ол қайда? Жаңағы үрей дыбыс қайдан шықты? Мiне, қызық.





Пікір жазу