27.02.2022
  423


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ОПЕРАЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ

 


(АВТОРДЫҢ ӘҢГIМЕСI)


Әдiлдiң өңi бiртүрлi түнерiңкi. Ол келген бетте сылқ етiп, жарқабақтың жиегiне отыра кеттi. Балалардың барлығы да бұлар көрген-бiлген жайдан хабардар болып-ақ қалғандығы жүздерiнде бiлiнiп тұр.


Сәлден кейiн өмiр:



  • Не iстеу керек ендi? Ұстап алып милицияға берсек қайтедi? – деп Әдiлге қарады. Бiрақ ол бұған жауап қатқан жоқ. Жұдырықтары түйiлiп кетiптi. Мазасыз бiр ой үстiнде отырғандығын сырт көз бiрден-ақ аңғарар едi.

  • Барып төбелесу керек, – дедi Ораз жұлып алғандай.

  • өй, сабазың-ай, өмiр екеуiңнiң ауыздарыңа түсетiн алғашқы сөз төбелес- ау, – деп Сәуле жақтырмай қалды.

  • Ал, не iстеймiз ендi, айтсаңдаршы. Болат айналасына жауап күте қарады. Балалардың барлығы осы үшеуiнiң айтқан шешiмiне қосылуға әзiр отырған қалып танытады. Әйтсе де Әдiлдiң сөзi бәрiнен салмақты болмақ. Ол ойлы қалыпта. Тегi қандай шешiмге келудiң орайын таба алмай отырған тәрiздi. Астыңғы ерiнiн тiстелей бередi.


Осы бiр сәт оның жас жүрегiн Сатан аузынан шыққан әлгi бiр ауыр сөздер пышақпен осып өткендей едi. «Қубас!» Қалай шiмiрiкпей айтады, ә!»


Әдiл әкесiнiң iнiсi соғыста қаза тапқанын бiлетiн. Үйлерiнде төр алдында үлкейтiлген суретi iлулi. өзi бiр тамаша түскен сурет. Пилоткасының астынан бұйралана шыққан шашының өзi тiптен бөлекше. Осы суретке қарап тұрып, тап осындай жанның бұл дүниеде жоқтығына тiптен сенгiң де келмейдi.


Былтыр Абзал ағай Ұлы Отан соғысы туралы шығарма жаздырған болатын. Сонда Әдiл өзiне белгiсiз ағасы туралы әкесiнiң айтқан әңгiмелерiн шығармаға арқау еткен.


Осы күнге дейiн төр үйдегi сұр жәшiкте сол ағасының алған алғыс қағаздары, сарғайған хаттары сақтаулы. Оларды әкесi ерекше рұқсатпен ғана өзгелерге көрсететiн. Былтыр бiр алғыс қағазын облыстық пионер үйiнен келген қыз ерекше өтiнiп, музейге алып кеттi. Әкесi қалаға барғанда музейге соғып, әлгi алғыс қағазды әйнек астына салып, қастерлеп iлiп қойғанын көзiмен көрiптi. Ол бұл жайды бiрталай елге айтып, мақтанып отырып едi. Осы сәт Әдiл: «Егер бiреу сол ағайымды соғыста сүйегi қурап қалған десе, мен не болған болар едiм», – деп ойлады. Бұдан артық қорлау, бұдан артық табалау болар ма?!



  • Менiңше, олардың сорақы қылығын беттерiне басып, әбден масқаралап ұялту керек сияқты, – дедi Сәуле.

  • Менiңше Сәуленiң шешiмi дұрыс сияқты. Бiрақ мектепке әзiр бiлдiру ертелеу шығар. өздерi не дер екен, соны бiр байқайық, – дедi Әдiл құрбысының шешiмiн қуаттап.


Ораз күңк ете қалып:



  • Қап, жауыздар, аузынан қара қанын ағызу керек-ақ едi, – деп өмiрге қабақ астынан қарап қойды. Әдiл мырс етiп күлiп жiбере жаздады. Ол Ораздың көзiн ала бердi де:


 



  • Қазiр олар алдарына еттi алады. Бiз тап сол кезде үстiнен түсуiмiз керек. Бiрақ бiреуiң де даурығып, айқайлап жүрмеңдер. Ең бастысы – сұғанақтарды естерiнен кетпестей етiп, көп алдында әшкерелеу. Бұл үшiн оларды бұлтартпайтындай амал қолдану керек.

  • Сонда қандай амал қолданамыз?

  • Олардың өз айтқанын өздерiне айту керек! Әдiлдiң көзi күлiмдеп қоя бердi. Тегi, тапқан тәсiлi өзiне де тым ұнап кеткен болу керек.

  • Мысалы, мен кемпiр болып былай деймiн: «Балалар, менiң қара тауығымды көрген жоқсыңдар ма?» Ал, өмiр, сен Сатан немесе Уәлихан болып: «Жоқ, ойбай, әже, бiз тауық бағып жүр дейсiз бе?» – дейсiң. Түсiндiң бе? Осылайша жалғастырып әкете беремiз.

  • Оњо, өте керемет әдiс! Балалардың көзi жайнап кеттi. Осыдан соң Әдiл соңғы нұсқауын бердi:

  • өмiр, сен қарсы бетке бiр топ баламен барып жайғас. Мен бергi жақта болайын. Олар сонда ортада қалады. Бәрiмiз тура жер астынан шыға келгендей болайық. өздерi естерiнен танып қалсын.

  • Мiне, айла, мiне, тактика! Бiздiң Әдiл шынында да нағыз генерал! – деп өмiр өз серiгiне сүйсiне көз салды.





Пікір жазу