27.02.2022
  191


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ТОСЫН ОҚИҒА

(БҰДАН БЫЛАЙҒЫ ТАРАУЛАРДЫ ӘДIЛДIҢ ЖЕКЕ ӨЗI ӘҢГIМЕЛЕП БЕРЕДI)


Саяхаттан қайтқалы арада үш-төрт күн өткен едi. Бiр күнi өмiр маған таңертең келiп:



  • Әдiл, Ақтөбеге барып «шпион» ойнайық, – дедi. Мен қуана келiстiм:

  • Болат та бара ма?

  • Әрине, барады. өзiмiздiң кластың барлық балалары бармақшы. Тiптi Сәуле мен Ажар да.


Ақтөбе – көп баланың сауық құратын ойын алаңы. Балық аулай барғанда,


«шпион» ойынын ойнауға таптырмайтын жер. Жауыңмен айқаса кетiп, алып


 


соққанда, жамбасыңа жiбектей жұмсақ тиетiн көгалы тағы бар. Қоян-қолтық айқас кезiнде кинодан көргендегiдей, қарсы ұмтылған «жауыңды» сан айлаға салып немесе жата қалып лақтырсаң, тiптен рақат-ау. Ендi бiр сәтте «шпион» етекке қарай құлдырап бара жатқаны.


Балалар бiздi ауыл сыртындағы арық жағасында күтiп тұр екен. Мен әдейi:



  • Саламатсыңдар ма, жауынгер жолдастар! – дедiм дауыстап.

  • Саламатсыз ба, жолдас генерал! – деп Болат орнынан атып тұрды да, қолын шекесiне апарды. Топ алдында шiренiп тұра қалып:

  • Жолдастар, Болаттан өзгелерiң, немене бағынғыларың келмей ме? – деп түсiмдi суыттым. өзiм күлiп жiберудiң аз-ақ алдында тұрмын. Ажар мен Сәуле сықылықтап:

  • Сенi генерал етiп сайлаған кiм? – дейдi.


Жол бойы түрлi әңгiмелер айтып, күлiсiп келе жаттық.


Ақтөбеге барған соң, ойынға бiрден кiрiсiп кеттiк. Ең алдымен ортамыздан шпион сайлап алуға тиiспiз. Ораз санамаққа кiрiстi. Ереже бойынша алғашқы шыққан екi адам шпион болады.


Бiрiм, екiм, Алма ектiм. Қалақ басым,


Қалтаң-құлтаң Сабыр тауып, Саябырла.


Сазға қонған


Сары шымшық, Мұнда тұрмай Тез ұшып шық!


Бiрiншi ұшып шыққан – Болат. Екiншiсi – Сәуле.


Балалар екеуiне қызғана қарады. Бұл ойында кiмнiң шпион болғысы келмейдi дейсiң.


Екеуi ұзап кетiп жасырынғанша, мен екi жүзге дейiн санадым. Бiткен кезде:



  • Басталды! Басталды! – деп терiс қарап, беттерiн басып отырған балалар орындарынан атып-атып тұрысты.


Шарт бойынша, екеуiн де ұстап, қолын артына қайыра байлап штабқа тапсыру керек. Егер шпион штабтағы күзетшiнiң аңқаулығын пайдаланып, белгiленген орындағы шеңберге бұрын аяқ тигiзсе, онда олар жеңiске жетедi. Бұндай жағдайда олар қайтадан шпион болып жасырынады.


Балалар Ақтөбенiң етегiне ұйыса бiткен қау-қау ақ шеңгел мен жыңғылдардың таса-тасасын тiнте iздеп жүрмiз. Екеуi көпке дейiн табылмады.


Әлден уақыт өткен соң Болат ұсталып қалды. Бiрақ Сәуле жер жұтып кеткендей iзiм-қайым жоқ. Балалар табанынан таусылды. Ажар қауiп қылып:



  • Жардан құлап кеткен шығар, – дедi.

  • Е, құласа айқайлар едi ғой.

  • Ендi қайда?


 



  • Жүрiңдер, тағы бiр шолып шығайық.


Балалар орындарынан көтерiлдi. Тап сол сәтте арт жағымыздан айқайлаған дауыс естiлдi. өзiмiздiң Сәуле!



  • Ой, сен қайдан жүрсiң? – деп шу ете қалдық.

  • Мен бiр қызық көрiп келдiм. Ажарында толқу табы бар.

  • Е, ол не?

  • Мына мүйiстiң ар жағындағы жiңiшке сай бар ғой, ә, сонда үш бала отыр.

  • Кiмдер? – дестi балалар шыдамсызданып.

  • Сатан мен Уәлиханды таныдым. Бiреуi бөтен бала. өздерi бiр түйе тауықты осы жаңа ғана үйiтiп, шелекке салды.

  • Қой, рас па?!

  • Рас!

  • Жүр, кеттiк, ендеше, қазiр отырған орындарында ұстайық, – дедi өмiр қызуланып.

  • Давай! – дедi Ораз да елеуреп. Мен оларға:

  • Тоқтай тұрсаңдаршы, – дегендей белгi еттiм. – Не деп отыр, сөздерiн естiдiң бе?

  • Шамалысын естiдiм. Әлгi түйе тауық Әлiбек атайдiкi екен. өзенде жайылып жүрген жерiнен ұстап алыпты.

  • Ех, оңбаған! – дедiм мен жерге ызалана түкiрiп жiберiп.





Пікір жазу