27.02.2022
  358


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ТАҢ САМАЛЫМ

Көрмеймін деп,
ермеймін деп ойлап едім сөзіңе,
Көнбеймін деп,
сенбеймін деп ойлап едім көзіңе.
Бекер екен, қайда кетем?
Сенсіз менде тыным жоқ.
Шуағыңмен аймалашы күнім боп.
Есіңде ме?
Шешілгенде,
Айтылатын қалмай сыр.
Сағынғанда сол күндерді,
қиналарсың ойлай жүр,
Жүйрік жоқта бәйге алар
қорадағы жабылар,
Бірақ жаның аңсағанын,
таң самалын сағынар.
Қатты жауып
кете бардың қарайламай артыңды,
Ұнатамын сенің осы
тәкаппар бір қалпыңды.
Тек алқымды,
Тек алқымды жас алады қарқынды,
Қиын екен бағаламау парқыңды.
 Телефонның қоңырауы
мазаны алды, сен емес,
Хабарлама келіп жатыр,
тек сен емес – құр елес.
Жырақ тұрдың.
Жылап тұрдым кең әлемге сия алмай.
Шаттық күндер,
Бақыт түндер,
Өтті деуге қия алмай.





Пікір жазу