27.02.2022
  189


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ДОСТАРЫМ

Тастадым бәрін,
тастадым,
Қасымда
барда достарым.
Өмірде
мынау қас-қағым
Төгеді
нұрын аспаным.
Достықтың
мәнін сан ұқтым,
Достыққа
дәйім қанықпын.
Өздерің
барда марқайып,
Өздерің
барда жарық күн.
Бөлісер
мұң мен қайғыны,
Өздерің
барда ай нұрлы.
Қасымда
жүрсең дауылмын,
Бабамдай өжет,
айбынды.
 Арқамды
саған тіредім,
Өздерің
жоқта жүдедім.
Жыласаң
бірге жыладым,
Қуансаң
бірге күлемін.
Дархан
көңілге сүйінем,
Көрінбей
кетсең күйінем.
Толғанып
тірлік кешемін,
Сендерді
іздеп жиі мен.
Достарсыз
келмей күйіме,
Сыймаймын дала,
үйіме.
Қоштасып
бір күн қалады,
Сағымға
толы дүние...
18.08.2014 жыл.





Пікір жазу