27.02.2022
320
САҒЫНДЫМ СЕНІ
Сағынышпен
өтіп жатыр ай-күнім,
Сағым құсым,
айтқаныңнан айныдың.
Самал сезім,
мекен еттің қай жақты,
Сені аңсап
тұнжырайды айдының.
Жетелей ме
үміт-арман алдыңда,
Жоқпын ба әлде өміріңде,
бармын ба?
Жадымдасың
жүрсеңдағы жырақта,
Жарық күнім,
мені ұмытып қалдың ба?
Естимісің
жүрегімнің қағысын,
Еркелеуші ең
сағындырды дауысың.
Ертіп алып
әкетті ме жыраққа,
Ерік бермей
өмір-өзен ағысы?
Шырылдаған
бұлбұлым-ау бағымда,
Шуағыңмен
аймалашы таңымда.
Шырыныңа
тағы сенің мас болып,
Шомылайын
шапағатқа тағы да.