27.02.2022
  168


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ҚАЛҚА

Жанымды жаңартқан жырыңды,
Сезімді төңкерген сырыңды
Сағынып келемін қалқа,
Өлеңмен тағайын алқа.
Қарамай жағдайға тосын,
Мойныңнан тастама сосын.
Өлеңім – тынымсыз жүрегім,
Өзің де сезесің, білемін.
Жүзіңнен көрейін сағыныш,
Жанымды жаныңмен алып ұш.
Айналып кетпе тек сағымға,
Тойлайық махаббат бағында.
01.05.2014 жыл





Пікір жазу