27.02.2022
  120


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

БІЛМЕЙМІН

(Ксения Некрасовадан)
Сен жанымда жүргенде,
Сен қуанып күлгенде,
Ұмыт қалды айыбың,
Жүрегіммен байыдым.
Күн көзінен ашылған,
Жұлдыз көрдім шашылған.
Аяқ асты қимаймын,
Жапырақты сыйлаймын.
Жеп-жеңілмін ауадай,
Сұлу болам даладай.
Ал сен тұрсың жанымда,
Сабыр, жүрек, дамылда.
Сүйесің бе? Гүлдеймін.
Сүймейсің бе? Білмеймін.
18.03.2013 жыл.





Пікір жазу