27.02.2022
186
ОЙЫЛ – КӨПТОҒАЙ ЖОЛЫ
Кездесеміз
Ойылдың жағасында,
Қиыл келіп
қосылған сағасында.
Сарсаң көңіл
серігіп қалатындай,
Тобылғы мен
изеннің арасында.
Ерекше бір
қонақжай жігіттері,
Осынысын
сен бұрын біліп пе едің?
Алып ұрып марқасын,
мәз болады,
Тулаған
сазанындай шіліктегі.
Бар жұмысын
қалдырып сейсенбіге,
Уақыт тоқтап
қалады дүйсенбіде.
Қонақ болсаң
қараусыз қалдым дей бер,
Шақырусыз
сол күні кірсең үйге.
Қара жол
қанат беріп қиялыңа,
Тура тартсаң
шығасың Миялыдан.
Көптоғайда
көп тұрды бір келіншек,
Жолды кесіп
өтуге ұялды ма.
Суық шалса көктемде,
қысты күні,
Ойылға бар,
ем болар ыстық құмы.
…Үркіп қашқан
қой шықты алдымыздан,
Қырқылмапты
әлі де қыстық жүні.
21.03.2013 жыл