27.02.2022
  124


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ЛЕРМОТОВТАН АУДАРМА


Алдыңда сенің бас имен,
Сан тарау жолдар таңдармыз.
Жаныма мені оқ тиген,
Біліп қой, бөлек жандармыз.
Азаттығымды өзіңе
Адастыруға бермеспін.
Күлкіңе, арман көзіңе,
Садақа жылдар, көрмеспін.
Онсыз да үміт, арманды
Бір ғана сеннен көріппін.
Аяққа басып жалғанды,
Өзіңе ғана сеніппін.
Кім білсін, сұлу сәттерді
Тапталған, жалғастырып ем.
Сезімдер жылап жатты енді,
Сен немен алмастырып-ең?
Жанымның, мүмкін, жалынын
Әлемге сый қып тартар ма ем,
Қарымтасына жалын үн,
Мәңгі өмір алып қайтар ма ем.
 Уәдең, сөзің не болды?
Ауыстырам деуші ең шуағын.
Кезінде айтқан бос сөзді,
Бүгінде сезген шығарсың?
Тәкәппар жүрек, кешірші мені,
Өзгеден бақыт тапқайсың.
Дауылдар тұрар, мені өшіргелі,
Құл болып бәрібір жақпайсың.
Өзге тауларға, жылы өңірге
Жыл құсыменен кетермін күзде.
Бірақ та білемін, осынау өмірде
Бір-бірімізді ұмыту жоқ бізге.
Ендігі жерде ләззат қуамын,
Шын ғашықпын деп уәде беріп.
Бәрімен күліп, шаттық құрамын,
Жыламаспын енді біреуге еріп.
Үріп ішіп, шайқап та төгермін.
Қалайша білмей сұлуды сыйладым?
Адасқан күндер..
өзімді сөгермін,
Періштем өзгерді, өсекке қимадым.
Бас тіккем сонда өлім мен азапқа,
Сынамақ болдым әлемнің күшін.
Қолыңды берсең, бармақпын тозаққа,
Ақымақ басым. Бір сөзің үшін.
 Қатігез тағдыр,
Беймәлім жаттым.
Ерте көктемде ерте гүлдеппін.
Қадірі жоқ-қой қолдағы бақтың,
Сен мені білсең де, мен сені білмеппін.
07.02.2003 ж.





Пікір жазу