27.02.2022
172
МЕН 48-ДЕМІН
Қырау кірді самайыма,
шашыма,
Келдім бүгін,
Апа, сенің жасыңа.
Еңіреп ем
сені алып кетерде,
Ерік бердім
тағы көздің жасына.
Жылдар өтті,
Не жоғалтып,
не таптым?
Талай күйдім
ыстығында аптаптың.
Ызғарында
қалып талай суықтың,
Өзің жаққан
үміт отын сақтаппын.
Бар қызығың
бала еді ғой, бала еді,
Жанарыңа
баланы ойлап нала енді.
Жан ұшырып өмір сүрдің.
Не таптың?
Бәрі орнында.
Тыныш ұйықта ал енді.
Кемеңгер ең осы жаста.
Есімде.
Кемелденген іс-қимылың,
шешім де.
Бет-әлпетің
көмескі боп барады,
Белгі қалмай
өткен күндер көшінде.
Өтіп жатыр күндер,
айлар, сан жылдар.
Тексереді төзіміңді
сан шыңдар.
Сенің бейнең
жүрегімде сақтаулы,
Сабырымды
сабай берсін сан сындар.
11.04.2011ж