27.02.2022
  340


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

САҒЫНЫШ ДИАЛОГЫ

– «Сағындым ғой», – дедің-ау тағы да сен.
Жалындайды жанарың, жаның әсем.
От боп жанып кетермін, абайлашы,
Жаным-ау, жақындама жаныма сен.
– «От боп жандым», – дедің бе? Өзіңнен көр.
Сабыр күнім сарқылды.Көзіңнен көр.
«Жаным», – деген сөзіңді есту үшін,
Келе берем, өзіңнен, сөзіңнен көр.
Ерекше боп жаралған еркем менің,
Ерекшелік не деген көркем едің.
Сен қасымда жүргенде сәби болып,
Менің саған келеді еркелегім.





Пікір жазу