27.02.2022
  331


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ

Тағы да түн.
Тағы жазып жатырмын,
Арпалыспен
тағы таңды атырдым.
Алысам деп
шалыс басып жүргенім
Іске сараң,
сезімге бай пақырмын.
Көз ұшында сағым бар ма,
шаң бар ма?
Қайда асықтым, мені күткен
жан бар ма?
Ұмытсаңдар,
қараңғы түн серігім,
Тастамайды,
ризамын таңдарға.
Ұнатамын
үміт отын жаққанды.
Сабыр бермей
сезім тулап жатқанды.
Ұйқы қанар
мәңгі ұйқыға кеткенде,
Таңмен бірге
қарсы алайын ақ таңды.





Пікір жазу