27.02.2022
  190


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ЕСЕТ БАТЫР КЕШЕНІ ЖАНЫНДАҒЫ ОЙ


(Бабамыздың 325 жылдық
тойы үстінде жазылған)
Дабылың асып
жатыр ғасырлардан,
Ассалаумағалейкум,
Батыр бабам.
Ескеріліп
ел үшін төккен терің,
Той қазанын
көтеріп жатыр далаң.
Арғымақтың
ащы терін төккізген,
Күндеріңді
ер үстінде өткізген.
Даламызға
басымды игім келеді,
Қаз-қалпында
ұрпағыңа жеткізген.
Серік болған
ғасырларға боз далам.
Мың-мың тұяқ
таптағанда тозбаған.
 Құлағыма
еміс-еміс жетеді,
Бота үні
көш соңында боздаған.
Аңыраған
Ана үні естілер,
Жесір үні,
жүрегіңді кескілер.
Жауда қалып
алты қанат ақ ордаң,
Қаралы ел,
қара қосты кеш тігер.
Аттан салып
буып ап белді бекем,
Қорғаны боп ен дала,
елді мекен.
Қол бастап,
осы жерден Батыр бабам,
Жау қайдалап
жорыққа енді ме екен.
Түн түріліп,
қар өртеніп, жанып мұз.
Басымызға
күн туғанда ерімізді таныппыз.
Аруақ сыйлар
дәстүрі бар, салты бар,
Қарапайым қазақ
деген халықпыз.





Пікір жазу