26.02.2022
  425


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

Біздің ауыл

Біздің ауыл
Електің жағасында,
Қарасу, тау,
төбенің арасында.
Адмдары жайдары,
жарқын көңіл,
Ұнатасың кәрісін,
баласын да.
Жүгіріп қырға
шықса ала таңда,
Барлық ауыл
жатады алақанда.
Көлбеңдейді
ақ жаулық үй алдынан,
Мені іздеген
шай қойып жан апам ба?
Қарсы алады
күлімдеп жеңгелерім,
Мінезімен
оларға тең келер кім?
Жүгіреді
әжелер жас келінше,
Сыңғырлатып
шашбаудың теңгелерін.
 Жасаураған
көздері қариялар,
Шежіре,
сырға толы дариялар.
Шапқылаған
бір кезде құлыншағын,
Айдарынан
сипай сап тани қалар.
Сарқырап
Қотыртастан су ағады.
Қар суына
әкем ат суарады.
Бозторғайдың
шырылы естіледі,
Атқан таңға
тіршілік қуанады.
Қыр астында
қызғалдақ жайқалады.
Табиғат та
мас болып шайқалады.
Кереметсің Туған жер!
Айқайладым.
«Керемет!», –
деп таулар да қайталады.





Пікір жазу