26.02.2022
167
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Түс
Түсімде ылғи құс болып ұшып жүрем,
Көз жеткісіз көк төсін құшып жүрем.
Шалқарларда шалқыған шағала боп,
Бірде түпсіз тереңге түсіп жүрем.
Түсінікті, әрине,
Түс дегенім –
Өз қолыммен өмірде істегенім.
Ал, өңімде қызыға қарап қалам
Іздеріне зымыран құс-кеменің.