26.02.2022
  282


Автор: Абдрахман Асылбек

Қосылу мен айырылу

Дүниенің ақ-қарасын біле-біл,
Өміріңді барша мәнді сүре біл.
Күн мен түннің алмасқаны секілді,
Қосылу мен ажырасу – бұл өмір.
Бір анадан туғанымен егіз боп,
Толқындарды қуғанымен теңіз боп,
Келе-келе екі айырлып кетеді,
Күнделікті күйкі тірлік негіз боп.
Бұл өмірде – қысқа ғана тірлікте
Некелесіп, жүргенімен бірлікте,
Қас қағымда қосағынсыз қалады,
Жүрек тоқтап, кеудесінен үн бітсе.
Бұл өмірдің қаталдығы осы да –
Ей, адамдар, ақиқаттан шошыма.
Қиын-қыстау күн туса егер басыңа,
Тастап кетер жаным деген досы да.
Күнің бітіп, ажал жетсе табанда,
Арашашы бола алмайды анаң да,
Арашашы бола алмайды балаң да,
Бәрі солай, бәрі солай ғаламда.





Пікір жазу