ЖЕРІМІЗ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНЕ БАЙ
Құрметті оқушылар!
Мәдениет пен әдебиет, музыка мен сәулет өнері саласында әлемнің асыл қазынасына қосылып, ғасырлар бойы сан ұрпаққа қалтықсыз қызмет етіп келе жатқан бір тума шығармалармен ескірмес ескерткіштер аз емес. Олар — ата- бабалар ақыл-ойының, дарын қабілетінің перзенті. Олар — адам жанының асқақ та әсем, абзал да нәзік сезімінің сәулетті бейнесі. Олар — құлазыған қу мекен далаға шырай берген еңбекқор шебер қолдардың өшпес таңбасы. Олар — адам құдіретінің жарқын куәсі, өмір шежіресі. Сондықтан оларды адам баласы қадір тұтып, қастерлейді.
Мына жаңғыртылып жарияланып отырған «ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ» атты рубрикамен біз мұнан былай әдебиетті аңсап оқитын, музыканы сүйе- тін, өнерді қастерлейтін оқырмандарға арнап сол бір тарих сөресінен өз ор- нын алған асыл қазыналар жайлы зиялы ғалымдардың, музыка мамандарының, өнер зерттеушілерінің материалдарын жариялап отырмақпыз.
Алғашқы сөз республикамыздың белгілі архитекторы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шота Уәлихановқа беріледі.
Белгілі ғалымдар Әлкей Марғұлан, Төлеу Бәсенов, Малбағар Меңдіқұлов жолдастардың еңбектерінде қазақ сәулет өнерінің тарихы, бүкіл туындылар түгел қамтылмаса да жан-жақты талданып, ең озық дегендері сұрыпталып, ғылыми тұрғыдан бір жүйеге келтірілген. Олардың еңбектері «қазақ жерінде құнды ештеңе болмады» деген жаңсақ тұжырымға орынды жауап береді. Нақтылы деректер келтіріліп, қазақ халқы өзінің бай ауыз әдебиеті, қолөнері, музыкалық еңбектерімен қатар, сәулет өнерінің де сәнді перзенттерін туғызғандығын баяндайды.
Әрине, әлі де сол туындыларды біз көпшілікке толық уағыздай алмай келеміз. Келбетімен көз тартатын түрлі түсті фотоальбомдар жоқ. Толық зерттелмей, назардан сырт қалған еңбектер қанша десеңізші?! Ғасырлар бойы халық даналығын, суреткерлігін атадан балаға жеткізіп келе жатқан ар- хитектура мұрасы, кезегі келгенде, өз бағасын алатыны сөзсіз.
Қазақ жерінде бір кезде сауда-саттықтың, саяси, әрі мәдениет ошақтары болған көп қалалардың іздері табылды. Олар: Исфеджаб (қазіргі Сайрам), Отырар, Тараз, Оттық, Құмкент, Баласағұн, Екіөгіз, Созақ, Сығанақ, Мер-
ке, Алмалық, т.б. Бүкіл әлемге аты әйгілі жерлесіміз Абу Насыр әл-Фараби, ғалымдар: Исхақ әл-Отырари, Жемал әл-Түркістани, Қадырғали Жалайыри туып-өскен бұл қалалар осал болмаса керек. Бір жағы уақыттың құрбаны бол- ған, бір жағы Александр Македонскийден бастап (Ескендір Зұлқарнайын деп те атайды) арабтардың, моңғолдардың, жоңғарлардың, Ақсақ Темірдің жойқын шапқыншылықтарына ұшыраған көне қалалар бұл күнде жермен- жексен. Олардың кейіптерін бүгінге дейін сақталған қыруар есекерткіш- терді көріп, археологиялық материалдардан, қалалардың гүлденіп тұрған шақтарында болып қайтқан грек, араб, қытай авторларының естеліктерінен көзге елестете аламыз.
Плано Карнини деген итальяндық 1246 жылы біздің елге саяхат шегеді. Сол кісі ханның ордасы тұрған Қарақұрым қаласының әсемдігін тамсана суреттеп, зәулім сарай алдында үш фонтан боғанын, оның бірінен қымыз атқылап тұрғанын таңдана жазып кетен.
Араб географы Макидиси Тараз туралы: «Тараз дегеніміз бау-бақшалары көп, үйлері тығыз салынған бекінісі мықты, тамаша қала. Айнала ор. Төрт қақпасы бар. Халқы тығыз, шет аймағы Рабад деп аталады... Базардың орта- сында зәулім мешіт тұр», — дейді.
Археолог А. Н. Бернштамның 1938 жылы жасаған қазба жұмыстарына қарағанда да, Тараз сол кездің өзінде тас төсеген көшелі, су құбыры, әсем сарайлары мен көпшілікке арналған ғимараттары бар қала екен. Қалада- ғы құрылыстардың жоспарлы жүргізілгендігі анықталады. Тараз әсіресе X–XII ғасырларда, қарахандықтар кезеңінде күшті дамыған. Бізге аман жетке ғимарат — Қарахан мазары ғана.
Осы дәуірге жататын туынды Жамбыл қаласынан 18 километр жердегі Головачевка селосындағы Бабажа қатын мазары. Күмбез төрт бұрышты, он алты сайлы. Қалыңдығы бір метрден астам, қабырғасы кірпіштен қаланып, оңтүстік, шығыс беттері — сүйір мүйісті болып келген, үстінде дөңгелек суреті, әрі есігі бар үш қуыстан тұрады. Сырты сыланбаған, мазардың маң- дайынан: «Бабажа қатын аталатын бұл ұлы мазар... салушы... Мұхаммед», — деген кейбір сөздері көшкен жазуды оқуға болады. Сәулеттік шешімі өзінің аз сөзділігімен, тұтастығымен ұтымды.
Айша бибі мазары да шамасы XI ғасырда салынған. Сыртқы қабырғасы- ның төрт бұрышында диаметрі 60х80 сантиметр төрт жартылай бағанасы бар. Шаршы, төрт қабырғадағы төрт есік, кірпіш тіреу мен кішкене бағаналар
көтеріп тұратын жартылай күмбезбен жабылған, ал мазардың ортадағы үлкен шаңырақ күмбезі қирап қалған.
Ғажайып мазар қазақ ою-өнерінің, қолөнер жетістіктерінің музейі тәрізді. Мұнда қазақтың үй бұйымында күні бүгінге дейін кездесетін геометрия- лық, өсімдік тәрізді нақыштармен бірге, «қошқар мүйіз» мотивтері де кез- деседі. Мазардың бейнесіне қарап тұрсаңыз, мұндағы әрбір қаланған кірпіш, адам табиғатының бай қиялына мойынсынып, мың түрлі түр тапқанын аң- ғарасыз. Ғимараттың кішкене бөлігіне дейін зергердің қолынан өткен нәзік бұйым тәрізді. Сан алуан бөлшектер бөлек-салақ емес, тұратын өзіндік қана орны болып, адамды гармониялық тұтастығымен таңғалдырады.
Мазарға қарағанда, көз тоймайды, қараған сайын өзіңе белгісіз жаңа қырын аңғарасыз. Айша бибі мазары шырқалған ән сияқты. Ол қалқып, тамылжиды, жүрек тербеп, баста миды оятады. Ғасырлар бойы пайдаланы- лып келе жатқан қарапайым кірпішті «әнші» еткен шебер бабаларымызды мәңгі өлмейтін өнер иесі дей аламыз.
Әспетті аса бағалы ғимаратың бірі — XV ғасырда салынған Хожа Ах- мет Иасауи мазары. Бұл құрылыстың ерекшелігі — әрі мазар, әрі мешіт, төрт бұрышты. Ортадағы қазандық аталған бөлмені диаметірі 18 метрлік биік күмбез жауып тұр. Зиратхана, асхана, кітапхана деген бөлмелері және кішкене күмбезді мешіті бар. Мешіт пен кітапханада кезінде көптеген бағалы кітаптар мен соғыста қолға түскен қазыналар сақталыпты. Мешіттің ішкі мәнері — ерекше ағаштан, сүйектен ойып жасалған, түрлі түсті қымбат тас- тардан жасалған бедер, бояуы осы күнге дейін оңбаған көгілдір, ақ плитка- лармен қапталған қабырғалар көркемдігімен көз тартады.
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы Алаша хан мазары да айтса айтқандай. Аңыз бойынша, Шыңғысханның өзі болмаса да, оның баласы жерленіпті-міс. Бірақ нақтылы дерек жоқ.
Алаша хан ғимаратының алғы беті сүйір мүйісті, терең қуысты, артқы және бүйір қабырғалары киіз үйдің керегесі тәрізді нұсқамен қаланған, биік күмбез он алты қырлы барабаннан барып өседі. Шамасы, үш жарым метр- дей биіктікте, қабырғаны қуыстап салынған айналмалы галерея бар. Біздің заманымызға мазардың алдыңғы алқымы жартылай қираған күйде жетсе де, сәнді тұлғасымен көз тартады.
Кеңгір, Сарысу бойында да айта қаларлықтай Жошы хан, Болған ана, Жүзден, Жұбан ата, Қайып ата мазарлары бар.
Қаратау, Сырдария өзені бойындағы Шікнияз, Қармақшы ата, Созақ ма- зарларына өзгеше бір ерекшелік тән.
Белгілі ғалым, архитектор М. Меңдіқұлов 1951–1952 жылдары Маңғыс- таумен Батыс Үстіртте жүргізген жұмыстарын да көптеген сәулет өнері ескерткіштерінің сырын ашты. Оларға ғылыми талдау жасап, архитекту- ра тарихынан алатын орнын көрсетіп, дұрыс баға берді М. Меңдіқұлов бұл ескерткіштерді мүсінді-декоративті тастар, күмбезді мазарлар және сағана тамдар деп үш топқа бөлдеді.
Күмбезді мазарлардан айтатыны: Иманбай, Айтман, Сенеке, Артық ма- зарлары, сағана тамдар Қамыспай, Ахмет, Сүгір, Өтеп деген кісілердікі. Бұл құрылыстардың бәрі де қызғылт, қабыршақ жеңіл тастардан салынып, ешбір цементсіз қаланған. Көлемдері де аса үлкен емес — ұзындығы бес- жеті метрден аспайтын төрт бұрышты. Қабырғаларға қашап немесе бояумен салынған ою-өрнектер орындау техникасы мен көркемдік дәрежесінің өте жоғары екендігіне күмән келтірмейді.
Әлі де зерттелмеген дүниелер көп. Бәрін тізіп, оларды қадірлей де қастерлей де біліп, бүгінгі күннің керегіне жарату — өнер сүйетін көптеген азаматтардың қасиетті міндеті.
«Қазақстан әйелдері», 4 апрель, 1971 ж.