АТАУЛЫ ДА АСҚАҚ ӨНЕР
Архитектурамен қабырғалас, қоян-қолтық келген өнердің бірі — мо- нументтік өнер. Монументтік өнер шығармаларында әдемілік пен әсемдік, мәңгілік пен ұлылық тоғысқан. Ата баласы ғана емес, адам баласы бола білген ұлы адамдардың бейнесі мен терең философиялық өмір тұжырымдары ғана монументтік өнерге тақырып, мазмұн бола алады.
Монументтік өнер — ең алдымен көшелер мен алаңдар, зәулім сарай- лар өнері. Демек, оның халыққа деген құшағы кең, айтары сан алуан.
Бұл өнердің халыққа рухани тәрбие берудегі зор орнын түсіне білген ұлы көсеміміз В. И. Ленин өзінің қызғылықты ойларын А. В. Луначарскиймен әңгімесінде ортаға салады. «Қазіргі Сізбен бөлісейін деп отырған идея көптен бері көңілімде жүрген еді, есіңізде шығар, — деп жазады В. И. Ле- нин. — Кампанелла өзінің «Күн сәулетті мемлекетінде» қиялдан туған социалистік қалалардың қабырғаларына фрескалар салынған, олар жастар үшін жаратылыстану мен тарихтан көрнекті құрал боп, азаматтық сезім туғызады, бір сөзбен айтқанда, жас ұрпаққа тәрбие және білім беруге сеп дейді ғой. Меніңше, бұл мүлдем балалық ой емес, мұны кейбір өзгерістер- мен біздің пайдалануымызға, қазірден бастап іске асыруға болар еді. Ойлаған ойымды мен монументтік насихат деп атар едім».
В. И. Ленин Совет үкіметінің алғашқы күндерінен бастап «Монумент- тік насихатқа» мән, маңыз береді. 1918 жылы Октябрь мерекесіне қарсы көптеген ескерткіштер орнатылды. Мысалы, Москваның Совет алаңында Бостандық атты обелиск, Қызыл Алаңда мемориалдық тақта ашылады. Пет- роградта мүсіншілер Л. Шервуд, А. Матвеев, В. Синайский жасаған Ра- дищевтің, Лассальдің, Карл Маркстың, Герценнің бейнелері айтарлықтай боп шығады. Әсіресе, Маркс алаңында революция құрбандарына арнап салынған архитектор Л. М. Рудневтің еңбегі осы күнге дейін көркемдік қасиетін жоғалтқан жоқ. А. В. Луначарскийдің тасқа жазған сөздері рево- люциялық пафосқа толы ескерткіштің саяси маңызын арттырып, Октябрь революциясының азаттық идеясын бүкіл әлемге паш етіп тұр.
Қазақстанда да монументтік өнер кең өріс алды. Республикамыздың қа- лалары мен селоларында айта қаларлықтай ескерткіштер бар. Олар ұлы көсеміміз Ленинге, қазақ халқының ұлы перзенттері Абай, Аманкелді, Жам- был, Мұхтар, т.б. арналған.
Талай зәулім сарайлар мен үйлерде де түрлі-түрлі, халық тұрмысының сан қырын көрсететін суреттер баршылық. Монументтік мүсін өнерінің көш басын Қазақстан топырағында бастаушылардың бірі — Қазақ ССР- інің өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, халқымыздың түңғыш профессионал мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев. Оның жасаған Абайы — ойдың адамы. Ақын жай басып келе жатқанымен жүрісі нық, барар жерін нақ білетін адам кейпінде. Хакімжанның еңбектерінде жасандылық жоқ. Ол адамдарына оқыс қимыл, нанымсыз қозғалыс беруге тырыспайды. Байырғы тұрыстарға үлкен психологиялық жүк артады, адам дүниесінің тереңіне үңіледі. Хакімжан
Шоқанның бес-алты портретін жасады, ол бір образға әр қырдан орала беру- ге қажымады, өз шеберлігін де, образ тереңдігін де ұштай түсті.
Соңғы жылдары өнімді еңбек істеп жүргендердің бірі — жас мүсінші Төлеген Досмағанбетов. Оның біткен еңбектерінен де ойға алған, іске аспақшы боп жатқан жұмыстары көп. Соның бірі — Алматыға кіреберіс қақпа. Жобаның ұнамды, ұтымды жақтары мол. Кіреберіс қақпа биік екі пилоннан тұрады. Ортасында ойылып жасалған мүсіндік суреттері бар шеңбер ілінген, оюлы шеңбердегі бас композиция шауып бара жатқан аттың құлағында ойнап, садақ тартқан жас жігіттің бейнесіне құрылған. Ол — ерлік пен серпінді күштің символы. Шеңберді көмкере орналасқан аңдар тобы түрлі қимыл үстінде берілген. Бұл топ қат-қабат арпалыстың, қатал табиғат тіршілігінің елесі сияқты. Бұл жұмыстың көне тарихпен байланысы жоқ деуге болмайды. Жер жүзіне аты әйгілі Қарғалы диадемасын еске алсақ, оның өрнектік, көркемдік қасиеттері, жұмыстың орындалу әдістері мен принциптері Төлеген еңбегіне ұйтқы болған сияқты. Осы бір сәтті жұмысқа, архитектуралық шешім қаншалықты үйлеседі деген ой туады. Қос пилонға ілінген шеңбер — сұлу қыздың мойнына ілінген моншақ сияқты боп жеңіл көрінбес пе екен?
Досмағанбетовке тән ерекшеліктер осы кезден-ақ байқалып жүр. Солардың бірі — образдардың қимыл белсенділігі. Оның жасаған адамда- ры сөйлеп жіберейін деп, жүріп кетейін деп тұрады және ойлы, өжет келеді. Адам қимылының соны бір жақтан аңғаруы мақтанарлық жай, бірақ, кей- де ол жасандылыққа да соқтыруы мүмкін.
Аталған екі мүсіншінің творчествосын салыстырып қарағанда, олар бірін-бірі толықтырып тұрған сияқты. Сондықтан кей кезде ол екеуін біріне- бірін қарама-қарсы қоюшылық әрекеттері дұрыс емес. Бұлар — бір түптен нәр алған бір ағаштың екі бұтағы.
Архитектура мен монументтік өнер арасындағы үйлесімдікті табу оңайға соқпайды. Егер, росписьтерді сөз етсек, олар қазіргі заман архитек- турасындағы бар қасиетті еске алуы керек. Сурет салынайын деп отырған қабырға лайықты ма, формасы, пропорциясы, күн сәулесі, жарықтың түсуі қалай? Үйдің архитектуралық элементтеріне, тектоникасына сай суреттің колориті, ритмі, бөлшектерінің өзара байланысы қалай болуы керек? Кей- де көркемөнер шығармасы архитектуралық функцияға да бағынады. Егер монументтік шығарма қаға беріс жерге орнатылса, жарық аз түсіп, көруге мүмкіншілік жоқ болса, ол адамды тартпайды. Бұл тұрғыдан алғанда респуб-
15-0238 225
ликамызда сәтті шыққан бірнеше еңбектер бар. Ол — Молдахмет Кен- баев жасаған Алматы ресторанының ақ банкет залы. Суретші Богомолов жасаған кафенің росписі де бояуының әдемілігімен, бейнелеу мәнерінің сыпайылығымен, тақырыбының анықтығы, нақтылығымен қуантады.
«Арман» кинотеатрын әшекейлеуге қатысқан суретші В. Константинов та бұл салада өнімді, жақсы еңбек туғызып жүр.
Дегенмен, бізде ортақол жұмыстар басым. Қазақстан суретшілерінің шы- ғармаларында бірден бірге көшіп жүретін образдар штампқа айналды. Дом- быра ұстаған ақсақал, би билеген қазақ қызын, атқа мінген жігіттің бейнесін көптеген қалалардан кездестіреміз. Тым болмаса бұлардың жүріс-тұрысында, қимылында айырмашылық болса екен. Таба алмайсың. Қазақстандағы ірі монументалистердің бірі — Е. Сидоркин. Оның шығармалары архитек- турамен көп үйлесіп жатпаса да, суреттің композициясын жақсы құра біледі, колорит таңдауға да шебер, фигуралардың өзара байланысы да үйлесіп-ақ жатады. Бірақ, адамдарының ішкі дүниесі жұтаң, тар боп келеді. Е. Сидор- кин жасаған қазақтардың кейбір бейнелері өрескел, тұрпайы боп келеді. Көздері сығырайып, ауыздары қисайған адамдар реніш туғызады.
Кейбір суретшілер өмірді әсірелеп көрсетпеуден натурализмнен аулақ болуға тырысып, қарабайырлыққа ұрынуда. Мәселен, В. Константиновтың Т. Г. Шевченко атындағы көркемсурет галереясында тұрған «1941 жыл» деген суреті тап осындай. Мұнда бейнеленген жігітті фашистерге қарсы қан майданда жан қиған батыр дей алмайсыз, әр мүшесі колақпандай дөрекі, бір түйір ой жоқ, солғын бейне.
Көкшетау облысында, космонавт Быковскийдің қонған жеріне ескерт- кіш орнатылыпты. Монумент совет адамының ұлылығын, батырлығын паш ете алмаған. Архитектурасы қандай келісімсіз. Ретсіз қаланған үлкен-үлкен тас бөлшектер. Оның бетіне үйіп-төгілтіп талғамсыз салынған төменқолды суреттер нені ғана баяндамайды. Мұнда күн, космонавт, қанатты Икар — бәрі бар, тек көркемдік жоқ.
Қарқаралыда салынған «18-жыл» атты ескерткіште (авторы мүсінші Билык) архитектура мен мүсіннің үйлесімдігі табылмаған. Формасы мен пропорциясы батпандай биік обелиск пен бір топ батырлардың кейіпкері өзара байланыспай тұр.
Кейбір авторлар архитектура мен монументтік шығарма стиль жағынан бірдей болса болғаны, синтез мәселесі шешіледі деп ойлайды. Ескерткіш са- лынатын орынды дұрыс таңдай білу, мазмұн мен түрдің үйлесімдігі бір болып,
ол шеберлікпен ұштасса, нағыз тартымды шығарма туар еді. Осы тұрғыдан алғанда Петропавловск қаласы үшін архитектор Н. И. Рипинскийдің жобасы өте ұнамды. Квадрат формалы боп келген бітеу қабырға жіңішке бағаналар- ға орнатылып, дәл түбінен қараған адамға аспанда қалықтап жүргендей сезім қалдырады. Басыңызды сәл иіп, ішкі алаңға кірсеңіз дәл ортада, жердің тереңінен от атқылап түр, әрі ол төрт түстан кіруге боларлықтай ашық. Ав- тор азғантай ғана тәсіл арқылы зор эмоционалдық сезім туғызады. Сіз өткендерді еске алып ойға шомасыз, тамаша ерліктеріне тәжім етесіз.
Дүниедегі ең жаман — ойдың тайыздығы. Монументтік өнерде адамды бейнелеуден біз кенде емеспіз, бірақ мәселе сол адамды қалай бейнелеуде. Су- ретшілердің профессионалдық шеберліктері, тәсілдері мазмұнға үстеме, су- ретті түсінуімізге көмекші бола алады. Бірақ олар ой тапшылығын, образдық жетімсіздігіне арашашы бола алмайды. Мексика монументалистері Ривера мен Сикейростың еңбектерінің өлмейтіндігі олардың тарихи жағдайды дұ- рыс түсініп, уақыт талабына, қоғам мүддесіне сай туынды бере білуінде. Қазақстан монументалистеріне ой салатын тақырыптар адам айтқысыз мол. Олай болса, біздің суретшілеріміз бен архитекторларымыздың замана шежіресі болуына жағдай бар. Демек, алда келетін торқалы той В. И. Ленин- нің туғанына 100 жыл толуы мен Қазақстанның 50 жылдығы қарсаңында творчество адамдарынан үлкен еңбектер күтуге болады.
«Қазақ әдебиеті» газеті,
№ 17, 26 апрель, 1969 ж.