26.02.2022
  419


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

Болашаққа саяхат

— Асан қайғы туралы естiген боларсыз, Аққу, — деп бастаған едi Аман- жол әңгiмесiн. — Ол шөбi шүйгiн, суы бал, елге құт, тату-тыныштық жайла- ған жердi — Жерұйықты iздеп табалмай өтедi ғой. Жалғыз Асан емес, адам баласының талай ұлы перзенттерi қоғам тарихының даму сырына терең бой- лай алмаса да, халық қамын ойлаудан туған тәттi қиялдарын ортаға салып отырған.


Англияның ХVI ғасырдағы алып ойшылдарының бiрi Томас Мор өзiнiң «Қиял аралы туралы» деген кiтабында адамның ғажайып өмiрiнiң көрiнiстерiн суреттейдi. Қиял аралында жекеменшiктiң, ақшаның жоқты- ғын айтып, өндiрiстi коллективтiк негiзге құруды, әркiмнiң өз еңбегiмен күн көруiн уағыздайды.


Француздың социалист-утописi Шарль Фурье қоғам өмiрiнiң өзгеруiне байланысты архитектураның да өзгеретiндiгiн айтқан. Ол келешекте 1600- 2000 адамға арналған фаланстер деп аталатын үйлер тобы болады, онда шеберханалар, асханалар, кiтапханалар, тағы басқа бөлмелер болады деп жазады. Үлкен үйден бөлек жерде ауылшаруашылық үйлер тобы орнала- сып, әрқайсысының кең ауласы бар, демалсаңыз демалуға, жұмыс iстесеңiз, өзгелерге бөгет болмай жұмыс iстеуге лайықты салынады деп болжайды. Фаланстердi бiз бүгiнгi микроаудандардың атасы деп бiлемiз.


«Күн сәулеттi қала» деген шығарма — итальян халқының ардақты пер- зентi Томазо Кампанелланың еңбегi. Мұнда да архитектураның қоғам өмiрiн өзгертуде үлкен құрал екендiгi айтылады. Ол былай сипатталады:


«Қаладағы үйлердiң қабырғалары тамаша жүйеге келтiрiлiп, бар ғылымнан хабар беретiн ғажайып суреттермен безелген. Әрбiр суретке өлеңмен не қара сөзбен түсiнiк берiлген. Қабырғаларға барлық жұлдыздар, математи- калық фигуралар — теоремалар, анықтамалар, жердiң тұтас түрi, кейбiр облыстардың карталары салынған. Тағы бiр қабырғаларда түрлi түстi асыл тастардың, минералдардың және металдардың суреттерi жарқырайды.


Қардың, бұршақтың, жауын-шашынның көрiнiстерi балаларға табиғат- тың заңдарын түсiндiруге көмек бередi. Қабырғадағы суреттердi көргенде, олар жер үстiндегi хайуанаттар және өсiмдiктер дүниесiнен мағлұмат ала- ды. Қабырғаларда неше түрлi өнер, еңбек құралдары, олардың әр халықта қолданылуы, аты әйгiлi ғалымдар, нелер жаңашылдар және тарихи адамдар бейнеленген».


Бұдан 350 жыл бұрын жазылған бұл сөздердi оқығанда, көркемөнер бұлағынан нәр алған Москвадағы Бородино шайқасына арналған панора- ма сарайын, Артектегi «Морской» пионерлер лагерiн, КОКП-нiң ХХII съезi атындағы ГЭС-тi көз алдымызға елестетiп, олардың заманымыздың iрi жетiстiктерiн паш ететiндей бейнелерiне көңiл толады.


Әрине, Кампанелла өз заманының перзентi. Сондықтан оның болашақ қаланың жалпы құрылысы туралы пiкiрi орта ғасырдағы қала туралы ұғым- нан аса алмай жатады. «Күн сәулеттi қаланы» бiрiнiң сыртынан бiрi салын- ған қабат-қабат қорған есебiнде суреттейдi. Мұны сол дәуiрде ең жақсы деген бекiнiс-қаланың жобасын жасаған атақты архитектор Скамоццидiң ықпалы деп ұғамыз.


Орыс ойшылдары да жаңа қоғам туралы ойлағанда, архитектураны шет қалдырмайды. Оған Н. Г. Чернышевскийдiң «Не iстеу керек?» деген кiтабындағы мына жолдар куә: «Үй, зәулiм биiк үй, қазiргi кезде мұндай үйдi iрi астанадан бiрен-саран табуға болады, мүмкiн, табылмас та. Ол көгал мен бау-бақша арасына орналасқан. Бұл үйдiң архитектурасы қандай жеңiл десеңiзшi! Терезе аралығындағы қабырға көзге iлiнбейдi. Ал терезесi ше? Үлкен, кең, бүкiл қабатты алып жатыр...»


Осы жерде Аққу:



  • Бұл сурет «Казгорстройпроекттiң» үйiне ұқсайды екен, — деп күлдi. Аманжол аз күмiлжiп қалды да, оның сөзiне жауап бердi.

  • Жоқ, Аққу, Чернышевский сипаттаған үй мен бұл үйдiң арасы алшақ, анада айтпап па едiм. Мәселе әйнектiң көптiгiнде емес, оны орынды пай- далануда. Ыстық күндерi әуе тарылып, бөлменiң температурасы отыз екiге дейiн көтерiлсе, оның несi жақсы дейсiз. Москвада өткен бiр жиында «Каз- горстройпроект» үйiн формалистiк бағытта жасалған деп бағалағаны тегiн емес. Әр нәрсенiң өзiне лайық орны, жұмсалатын жөнi бар емес пе?


 


Адамзат баласының жаңа дәуiр жайлы асыл арманы Ұлы Октябрь рево- люциясынан кейiн ғана iске аса бастады. Өз еңбегiнiң жемiсiне қожа болған еңбекшi халық бұл күнде талай қалалар салып, еңбекте, техникада, ғылымда, мәдениетте үлкен табыстарға ие болып отыр.


Ал ендi коммунизм кезiндегi қалалар қандай болмақ? Ол кездегi үйлер- дiң қазiргi үйлерден айырмашылығы неде болу керек? Басты бағытты бiзге КОКП программасы нұсқап отыр. Мысалы, тұрғын үйлер мәселесiн ше- шуде бiз қоғамдық мекемелердiң дамуын қатар ойлаймыз. Еңбекшiлердiң әл-ауқатын көтерудiң, қоғамның, оның iшiнде жеке адамның тұрмысын жақсартудың анық коммунистiк жолы — совет адамдарын жайлы тұрғын үймен толық қамтамасыз ету, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру, бала- лар мекемелерiнiң торабын кеңейту, халық ағарту iсiн жетiлдiру, демалысты ұйымдастыру, халыққа дәрiгерлiк көмектi күшейту, мәдени мекемелердi салу, т.б. Осы тұрғыдан алғанда архитектура кандидаты Г. Градовтың экс- перименталды микроаудан жүйесi өте қызғылықты.


Бұл жұмыс тұрмыс күйi коммунистiк принципке құрылған совет адам- дарының болашағына барлау сияқты.


10 мың адамға арналған микроауданның көлемi 31 гектар. 1440 балалық 8 жылдық мектеп-интернат және жоғарғы класта оқитын балалардың мек- теп-интернаты бар. Қарт адамдар тұратын 2 этажды үйлер бау-бақшаның аясында. Қарт адамдарға қамқорлық жасайтын, бағып-қағатын, күтетiн адам- дар белгiленген. Бұл үйлердiң адамы асханаға, клубқа әйнекпен қоршалған дәлiздер арқылы барады. Клубта кiтапхана, түрлi жұмыспен шұғылданатын бөлмелер бар.


Микроауданда тұрғын үйлердiң бiрнеше тобы болады.


Әрбiр топта қонақ үй типтi 1200 адамдық он екi этажды тұрғын үй, оған қоса магазин, асхана, шеберхана, т.б. арналып салынған екi этажды үй және 240 орындық этажды балабақша болады.


Егер бұл үйде тұрсаңыз, тамақ та пiсiрiп жатпайсыз, 225 орындық асха- на бар. Көңiлiңiз шапса, сонда барасыз; егер үйде тамақтанғыңыз келсе, оған да жағдай бар. Бұл үйдегi әрбiр пәтерде бiздiң ұғымымыздағы ас үй (кух- ня) жоқ. Оның орнына қабырғаның iшiне салынған тоңазытқыш, ыдыс-аяқ орны, электр плита болады, олар көп орын алмайды.


Әйелдердiң үй шаруасын жеңiлдетудiң басқа да жолдары ескерiлген.


Кiр жуу, киiмдi тазалау, өтектеу тұрмыс комбинаттарында атқарылады.


 


 


Жаңа қоғамның тiлегiне сай үйлердiң жаңа түрiн iздеу Совет Одағында отызыншы жылдардан бастап-ақ қолға алынған едi. Ол кездерде «комму- на» аталған үйлер бiрсыпыра салынды. Бiрақ бұл үйлерде үлкен кемшiлiктер жiберiлдi. Бастысы — әр семьяға жеке пәтер беру керек деген принцип сақталмады. Және «коммуна-үйлер» басқа үйлер арасында шоқ-шоқ қана болып орналасты. Оның үстiне ол кезде қоғамдық жатақхананың жаңа түрiн жасауға материалдық-техникалық жағдай да аз едi.


Болашаққа барлау жасап жүргендер, әрине, жалғыз Градов қана емес. Мысалы, жақында ғана Москваның қалалық атқару комитетi коммунизм қаласына лайықты тұрғын үйлер комплексiне жабық бәйге жариялап, оның қорытындысын көпшiлiк талқысына ұсынды. «Құрылыс газетiндегi» ма- териалдарға қарағанда, бәйгенiң басты шарттары төмендегiше бопты. Бiрiншi, жан-жақты қоғамдық жабдықты қамтамасыз ету. Екiншi, балаларға семьяда, әрi коллективте тәрбие берудi ұйымдастыру. Үшiншi, құрамы және саны әр түрлi семьялар тұруға ең қолайлы пәтерлер, үйлер жобасын табу. Төртiншi, сәулетi мен кейпi көз тартарлық комплекс жасау.


Осы талаптарға сай болып екiншi бәйге алған Москваның типтi және эксперименттiк жобалау институты мен Эксперименттiк жобалаудың орта- лық Ғылыми зерттеу институтының ұсыныстары өте қызғылықты.


Комплекс 30 этажды «Y» әрпi тәрiздi үш тұрғын үйден тұрады. Әр үй екi мың адам үшiн салынған. Бiрiншi этажда балалар бақшасы, тұрмыс-шауа бөлмелерi, заказ столы, кiр қабылдайтын пункт, уақытша пайдалануға тұр- мыстық мүлiк алатын орын, зат сақтау камерасы, т.б. болады. Кафетерий де осы этажда орналасқан. Әрбiр екi этаж өтiп үшiншi этаж сайын кең, жарық галерея. Онда сауда автоматтары, почта жәшiгi, әр семьяның берген заказ- дарын, алған посылкаларын сақтайтын шкафтар бар. Жиырма жетiншi этаж дем алуға, спортпен шұғылдануға қолайлы. Пәтерлердiң бәрi көп семьялы және салт басты адамдардың тұруына лайықталып жасалған.


«Y» әрпi тәрiздi үш тұрғын үй өзара «сақина» тәрiздi бiр қабат үймен жалғасып жатыр. «Сақинадан» магазиндердi, асханаларды, тiгiн және жа- мау шеберханаларын табасыз. Мұнда клуб бөлмелерi, тiптi жүз елудей же- кеменшiк машина үшiн гараж да бар. Ал үш этажды мектеп үйi аулағырақ жерге орналасқан. Мектептiң жобасы балалардың жас ерекшелiгiн қатты қадағалай отырып жасалған.


«Моспроект» жобалау институтының оныншы шеберханасы да жақсы проект ұсынған. Бұл комплекс те өте жинақты, «крест» формалы екi үйден  тұрады. Мектеп, балабақша, микроауданның қоғамдық орталығы — бәрi бiр жерде. Тек ясли ғана отызыншы этажға орналасқан, үйдiң жазық төбесi — балалардың ойын алаңы.


Құрылыстардың, оның iшiнде тұрғын үйлердiң келешектегi түрлерiн ой- лаумен Қазақстан архитекторлары да айналысып жүр. Архитектор М. П. Пав- ловтың ұсыныстары көңiл қоярлық.


Бес этажды үйдiң мүсiнi — сақина тәрiздi, iшiнде кең ауласы бар. Сақина үйдiң диаметрi 82-85 метр. Бұл сақина 32 бөлiкке бөлiнген. Әрбiр бөлiк 3-4 бөлмелi пәтер. Пәтерлерге iшкi галерея арқылы кiруге болады. «Сақина- үй» жерден бастап салынбай, бағаналарға орнатылған, сондықтан ортадағы ауланың ауасы үнемi алмасып, тазарып тұрады. «Сақина-үйдiң» бұл формасы кездейсоқ алынбаған. Автордың ойынша, мұның бiрнеше ұтымды жағы бар. Үйдiң «сақина» формасы, ең алдымен жердiң сiлкiнуiне жеңiл төтеп бередi. Мұндай үйдегi пәтерлердiң 80 процентiне күн сәулесi жақсы түседi. Үйдiң бағаналарға орнатылғандығы ойлы-қырлы жердi тегiстеп машақаттанбай, жер қыртысын оңай пайдалануға мүмкiндiк бередi. Бұл тәжiрибеден келешектегi үйлердiң бәрi сақина тәрiздi болуы керек деген ұғым тумайды.


«Сақина-үйлердiң» көп этажды басқа үйлермен аралас салынуы да ықтимал. Қалайда «сақина-үйлердiң» келешегi мол екенi күмәнсiз.


* * *


Шаңқай түс. Алматы — Москва пойызының жүруiне жиналған жұртқа перрон лық толы. Ойға шомып отырған Аққу анасының айтып отырған ақылын қанша тыңдайын десе де, көңiлi елегiзи бередi.


Ол биыл Москваның архитектура институтына түсетiн болды. Қабылдау емтиханын Алматының политехникалық институтында үздiк бағамен тап- сырды. Бұған, әрине, сонау бiр архитектура жайындағы әңгiмелердiң үл- кен септiгi тигендей едi. Аққу соңғы кезде әсiресе Аманжол әңгiмелерiн жиi еске алып, оған iшiнен қатты риза болатын.


Пойыз жүргелi жатқанда, Аққу шығарып салуға келген ата-анасымен, сiңiлiсi Ботамен, құрбы-құрдастарымен, қарт ғалым Асановпен қоштаса бас- тады. Пойыз жылжи жөнелгенде, оқуға кетiп бара жатқан жастар:


«...Әлемнiң жарығын Сыйладың сен маған», —


деп ән шырқады.


 


 


Көңiлi елжiреп кеткен Аққу көзiне жастың қалай келгенiн бiлмей де қалды. Осы сәтте сәл кешiгiп қалған Аманжол жеттi. Ол алқына басып жүгiрiп кел- ген бойда Аққудың қолына бiр шоқ гүл ұстатты. Жүрегiн шаттық кернеген Аққу да әнге қосылды:


«... Даланың әр гүлiн Сыйладың сен маған...».


Өлеңнiң мазмұнын өзiнше ұққан Аманжолдың құлағынан жүрек тербеп шыққан әуен ұзақ уақыт кетпей тұрды.





Пікір жазу