26.02.2022
  169


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

ҒИМАРАТТАР СӨЙЛЕЙДІ

Ұлы ғалымымыз Шоқан Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихын, мәдениетін зерттей жүріп, ондағы болған сан алуан қалаларды атап, көптеген сәулеттік ескерткіштерге қатты назар аударғаны біз үшін қызғылықты. Шоқан жермен-жексен болған қалалардың ізін тауып, оларға ғылыми баға беріп, көшпелі халықтарды «қанішер ордалар» мен «жүген- сіз тағылар» деп қараған батыс оқымыстысымақтарының көзқарасын жоққа шығарды.


Омбы кадет корпусында оқып жүргеннің өзінде, жолдастарына ғайып болған қалалардың сырын ашсам деген арманын тәтті қиял қылып айта- ды екен. Осы Жайлы Г. Потанин былай деп жазады: «Шоқан ғажайып ар- манымен ашық бөлісуді жақсы көруші еді... Әрқашанда мені қанжығасына еріксіз өңгеріп алып өзімен бірге Хухунор өзенінің жағаларын кездіретін. Тибет тауларының шыңдарына шығаратын, Қарақұрым қаласының, болмаса Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх тұрған хан ордасының қалдығын іздететін». Шоқанның Земарх елші болған қала деп отырғаны Та- раз қаласы. Әрине, қиял өздігінен тумаған. Оқушы шағында-ақ, Шоқан араб, қытай және батыс елдерінің жиһанкездерінің жазған еңбектерімен жақсы таныс болғанға ұқсайды. Бұл жерде Тараз туралы жазған араб географы Ма- кидисиды, болмаса «Батысқа саяхат» деген кітаптың авторы Чан-Чунды атауға болады. Соңғы еңбегінде ескі Алматы және басқа қалалар жайлы көп мағлұматтар берген болатын. Көптеген түпнұсқаны оқыған Шоқан


«Жоңғария очерктерінде»: «Орта ғасырларда бұл жерде (Қазақстанда), әсіресе Іле алқабында отырықшылық кең тараған. Өзінің сауда-сат- тығымен атағы шыққан және үлкен жолдағы аялдама іспетті болған Алмалық (қазіргі Түркістан селениесі), Қонақай, Қайнақ (қазір де бар) және Алматы (Верный бекінісі) атты қалалар арқылы генуя сәудегерлері ханға жол тартқан», — деп жазады.


Уәлиханов профессор И. Н. Березиннің еңбектерін, Жалайырдың «Ше- жірелер жинағын» (Джами-ат-аварих) талдай отырып, Орталық Қазақстан- да болды дейтін аттары аңызға айналған Аиджа-Там, Кәрі Қырым қалала- рына тоқтайды. Қырық қақпағы бар аумағы бір тәулік жол кешті болған Кәрі Қырымның үлкен қала екенін атап айтады. Бұдан басқа бір мақаласында итальян Плано-Карпиниге сүйене отырып, Қарақұрым қаласында төрт фон- тан болғанын, оның бірі қымыз атқылап тұрған екен деп жазады.


Жоғалған қалалар туралы Шоқанның жазбаларында бір кезде мәдениетті болған елдердің табыстарына мақтаныш бар, кей жолдары қайғылы өкініш- ке толы. «Ерте кезде Моңғолстанды түгел дерлік отырықшы және білімді халықтың мекендегенін қираған қала мен тас құрылыстардың қалдықтары- нан және тарихи даталардан көруге болады.


Дегенмен Шоқан аузын қу шөппен сүртпейді. Ол салынған мазар, мешіттерді жоққа шығармай, халық ұлдарының жасаған өнер туындылары екенін ескере отырып, кейбіріне тұңғыш талдау жасайды, суреттерін салып алып жобасын қағазға түсіреді. Бұл жерде жол-жөнекей айта кететін бір жай: Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде архитектура, құрылыс өнері (строительное искусство) және топографиялық сызу пәндерін програм- ма бойынша өткен. Корпуста алған білімінің үлкен, ғылыми дәлдікпен ар- хитектура жайлы материалдар жиюға себін тигізгендігін оның архивінен көруге болады. Сонымен, қазақтың киіз үйінен бастап, кең даламыздың әр жерінде кездесетін бірде-бір құрылыс ғалымның назарынан тыс қалмайды.


«Қазақтардың молалары мен ескілік ескерткіштері» деген еңбегінде Шоқан Қозы Көрпеш, Қапал батыр, Аташ батыр, Байғазы, Кесене, Ордабай, Сөк, Ботағой молаларын зерттейді. Қамыр хан, Алаша хан, Жұбан ана, Болған ана, Айтболат мазарларын айта келіп, олардың жалпы сипатына тоқталып, қандай құрылыс материалдарынан, қандай әдіспен салынғанын, көркемдік дәрежесін сөз етеді.


Өз заманындағы қалалардың түс-тұлғасы, сыр-сипатына да Шоқан қатты зер салған. 1858–1959 жылдары Қашқар, Жаркент, Ақсу қалала- рының топографиялық пландарын жасап, олардың Шығыстың сауда қа- лаларына тән бейнесін көз алдымызға әкеледі. Ол Қашқар қаласының кө- ше аттарын, алаңдарын, құрылыстарын кірер қақпаларына дейін байып- ты баяндайды. Анжан сарайы сияқты керуен сарайын, қабырғасының ернеуі таутеке, арқар мүйіздерімен көмкерілген Аппақ қожа мазарын және бас мешіт Регистанды суреттеумен бірге тұрғын үй архитектурасы- на да тоқталады.


Шоқан еңбектерін жіті көзбен қарап оқысақ, сәулет өнері тарихы үшін бұдан басқа да көптеген бағалы материалдарды табуға болады. Сәулет өнері жайында жазған мақалаларын оқи отырып тұңғыш ғалымымыздың бұл салада да құнды ғылыми еңбек қалдырғанын қуана еске аламыз.


«Қазақ әдебиеті» №17(744)


23 апрель, 1965 ж.


 





Пікір жазу