26.02.2022
  158


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

Құран ұстаған хандар, сертке серттiң болмауы

Ханның сөзi түзiк деп, Орынсыз сөздi жолдама!


Бұхар


Үстiмiздегi жылы мамырдың он сегiзiнде «Қазақ әдебиетiнде» шық- қан Ибраһим Шәмшәтовтiң «Қазақстан Россияға өз еркiмен қосылды ма?» деген мақаласын оқығанда, терең ойға қалдық. Шынында да, неге Қазақстан тарихының кейбiр беттерi көрнеу көзге бұрмаланған, қайсыбiр тұжырымдары адамды сендiрмейдi — дүмбiлез, сол себептен аз уақыттың iшiнде мың құбылды. Кеше ғана ұлт-азаттық деп таныған қозғалысты таптық көзқарастың бесiгiне бөлегiмiз келедi.


 


 


Тар жол, тайғақ кешiп жүрiп, басын бәйгеге тiгiп, елдiң тәуелсiздiгi, бүтiндiгi үшiн күрескен ерлердi жау санасақ, досымыз кiм болмақ, азат- тық деген ұғым не боп шығады?


Империялық амбициядан туған, аждаһа құлқынның құлы, табанының бүрi жоқ құбылмалы көзқарастың қалыптасуында, аңғаруымызша, iшкi заңдылық бар. Осы жерде үндi халқының үлкен мемлекет қайраткерi Джа- вахарлал Нерудiң әдiлдiгi мол даналық сөздерi ойымызға оралады. Ол үндi халқының ағылшындар жазған тарихы туралы айта келiп, оның концеп- цияларының сөз боп отырған елдiң мүддесiне мүлдем алшақ жатқанын ашып көрсеткен едi: «Тарихты көбiне жеңiске жеткендер мен басқыншы- лар жазады, тарих олардың көзқарастарының айнасы iспеттi, одан қалса, жеңiс иелерiнiң жорамал ойларына қаттырақ көңiл бөлiнiп, ақыры күштiнiң көзқарасы, сөзi үстем болады... жаман болса да өз iс-әрекетiн ақтап, күнәнiң бәрiн қарсыласына үйiп-төгедi. Шындық шыңырау түбiнде қалып, бетiнде ұятсыздық аралас ашық өтiрiк жатады» (Дж. Неру. Открытие Индии. — Кн. 2. — 1989 . — С. 6-7).


Қазақ ССР-інің 1982 жылы шыққан тарихында (III том, 40-б.): «1731 жыл- ғы 10 қазанда А. И. Тевкелевтi қазақ ру басыларының жиналысына шақыра- ды, онда Әбiлқайыр, содан соң Бөкенбай, Есет, оның тумасы Құдайназар мырза, ал олардан кейiн тағы да 37 бiлiктi қазақ феодалдары Кiшi жүздiң Россияға өз еркiмен қосылуы туралы юридикалық актiге қол қойды», — делiнген Мұхамеджан Тынышпаев пен Ибраһим Шәмшәтовтiң зерттеу- лерiнде көрсетiлгендей, осы жерде жарты ғана шындық айтылған. Елшi Тев- келев қазақ жерiнде болған кезiнде, атап айтқанда, 1731 жылдың 3 қазанынан 1733 жылдың 13 қаңтарына дейiн күнбе-күнгi алған әсерлерiн хатқа түсiрiп отырған. Айтылмыш 10 қазан күнгi уақиға былай сипатталады. «Бiзге не үшiн келдiң?» — деген ру басыларының сұрағына Тевкелев: «Әбiлқайыр- дың өтiнiшi мен императрица Анна Иоановнаның бодандыққа алдық де- ген сенiмқағазын әкелдiм», — деп жауап берiптi. Сол жайында Тевкелев:


«...услыша, оная старшина начала говорить Абулхаирхану, для какой при- чины просил он, хан, подданства российского один без согласия их, киргиз- ских старшин, и приводит их в неволю (сөйлем сол кездегi сөз өрнегiмен берiлген, кейiнгiлерi де солай — Ш. У.) Из древних-де лет имеется обычай, что ханы без совету старшин ничего не повинны чинить, а он то учинил без совету, и перещаше ему смертию... А буде Тевкелев приехал смотреть кир- гиз-кайсацкого войска, и высмотреть и потом будет воевать...» (Казахско-


 


 


русские отношения в ХVI–ХVIII веках. — Алма-Ата, 1961. — С. 53), — деп жазған.


Анығында, Тевкелев тыңшылық жұмыспен де айналысқан. Оған келтiрiл- ген құжаттағы (86 бет) мына сөздер куә: «В бытность в Киргис-кайсацкой орде переводчик Тевкелев мог усмотреть, что в киргиз-кайсаках пушек не льют и у них нет и не употребляется, також и ружья сами не делают, а полу- чают из Хивы и из Бухары, меняют на бараны и на лошадей, порох и селитру делают сами, кому надобно, всяк про себя, а заводов больших нет, сайдаков употребляют мало, а в войне имеют большую часть огненного ружья без замков с фитилиями».


Тевкелев туралы сөз болғанда, оның ең алдымен Россия империясының мүддесiн көздеген алаяқ дипломат болғанын, керек болса шен-шекпен үшiн кiшiгiрiм халықтың қанын төгуге де барғанын ұмытпау керек. Ол 1735 жы- лы башқұрт халқының отарлаушылыққа қарсы күресiн басуға қатысып, әскери отрядтармен бiрге 5 деревняны, 50 мыңдай адамды құртқаны үшiн бригадалық генерал атағын алған жоқ па едi? Қазақстанға алғаш келгенде небәрі тiлмәш емес пе едi? (ҚСЭ. 10-том, 640-б.)


Цитаталарды көбiрек әрi орыс тiлiнде келтiрiп жатқанымызға кешiрiм сұраймыз. Мақсатымыз, бiрiншiден «нәзiк мәселедегi» авторлардың ойы бұзылмай кетуi керек, екiншiден, олар әр жерден алынғанымен орыс-қазақ қатынасындағы стереотип болып қалыптасқан көзқарастан өзге нышандар- ды аңғартады.


1783 жылы П. Ираклий патшаның сұрауымен Грузия Россияның қол астына кiргенде, Георгий трактаты атты келiсiмшарт жасалған. Шарт бо- йынша Грузияның iшкi дербестiгi толық сақталып, сырттан бiреу соғыс ашса, жәрдем берiп қорғауға уәде берiлген. Келiсiмнiң құпия тарауы бойынша Грузияда қанша орыс әскерi болатыны, саны кесiп айтылған. Әрі-беріден соң, грузиндердiң бас бiрлiгi сақталуы қаралып, кеңес бойынша П. Ираклий Имертия патшасы Соломонмен татуласқан.


Ал бiздiң Құран ұстап, хандар, сұлтандар, билер, батырлар берген анттар- да екi жаққа бiрдей мiндеттер жүктелмейдi, анттың шарты да солай болса ке- рек, тек қазақтарға көп талаптар қойылып, «патша ағзамға пайда келтiрiп»,


«жан-тәнiмен қызмет етуi» сөз болып, ал қазақтар үшiн қандай жақсылық болады, ол жағы айтылмайды. Бұл документтердi бiрiн-бiрi сыйлайтын, бостандығын, тәуелсiздiгiн қадiрлеп, арақатынаста теңдiктi көксеген,


 


 


терезесi тең елдердiң арасында, екi жаққа да тиiмдi жүргiзiлген келiс- сөздерден туған едi деуге болмайды.


Ендi берiлген анттың халықаралық право тұрғысынан қаншалықты ле- гитимдi (латынша — заңды. — Ш. У.) документ екендiгiне келейiк. Бiр ға- жабы, Әбiлқайыр ханның 1742 жылдың 23-30 тамызындағы ғаһаднамасы (присяжной лист — Ш. У.). Әбiлмәмбет хан мен Абылай сұлтанның (шама- мен 1740 жылдың тамызы) алған ант мазмұны, бiр-екi сөйлемдерi ғана бол- маса, бәрi бiрдей сөзбе-сөз қайталанады, бiр қалыптан шыққаны көрiнiп тұр. Көптеген түсiнiксiз сөздер болғанына қарамай, жүргiзiлген «келiсiмнiң» бiржақтылығын дәлелдеу үшiн, сол кездегi ресми мұсылман тiлiнде жазылған Әбiлқайыр ханның императрица Елизавета Петровнаға бер- ген ант тексiн түгел оқып көрейiк. ҒАһАДНАМА: «Бiз төбенде естiлмiш ғаһад айтып, ант айтамын әуел барча құдiрәтлi алланың иемi шәрифi илә аның ұлұғланмыш шариф құран алдында шул сәбәблiкiм тiлеймiн, һәм узрә лазимдүр. Әуел ұлұғ падша хәзiрәтләрiнiң өзiнiң хас нәсiл тарихын- ша ұлығланмыш падшамыз императритса Илисаует Петроуна өзi биләгучи һамма орус иуртини һәм оның тарихынша әуел ұлұғланмыш тахытқа ие бек мықты һәм оның ұлұғланмыш ихтиярлы илә сайланып қайым қылынған қойылған нәсiл иесi ғасабаға иманышлы һәм иақшы қабыл қылып тыңлау- шы пәндә болып бойын сұнарға, һәм ол ең барша ұлұғланмыш қуатины, һам ықтиярыны һәм тишлi харакатларинi, яғни оканаларини, һәм қадими сәлуфларин ижмаг илә иет кузiлтун қойылмыш, һәм күн iлгерi түзләсi бар- ша әмiрiнi барша муһим илә фаһiмлап бiлдiргунча кучим уә куатим иткун- ча сақлагучи болармын, һәм аралағучи болармын, һәм шул сәбәблi хакет уақтыларда өзiмнiң жан уә тәнiмни аямайынча қатлинурмын, һәм шул жұмлә тамам қуатым истургунча қатланмаға ашықучи болармын.


Ішбу кiм падша ағзам хазiретлерiнiң барша қызметлерини қылорға, һәм патша ағзам хазiретлерiне һар уақытта файда тикурурға қатлонармын, шул тарихша ничкiммен алла хадiретiңде һәм оның хауфлi хүкiмi заманында ол сәбәблi дайым алуақыт жауап берерге қуатым иеткай.


Ничкiм хақ тағала тахқиқ маңа жан уа сәмаяр бирур, һәм мен үшбу ан- тым маһкам итмак үчұн өзiмiзнiң iсләм дiнiмiзше ұлүғланмыш, һәм улукмiш құран шарифiнi ұбәмiз. Әмин! Әбiлқайыр хан, Ералы Сұлтан, тағы басқалар» (Жоғарыда аталған кiтап. 220-222-бб.), — деп жазылыпты.


Осы жерде айтарымыз, орысша және мұсылманша текстердiң аутентич- но (мазмұны бiр) болмауы. Кейбiр сөз тiркестерiнiң орысшаға аударғанда


 


 


өрескел бұрмаланғандығы ерекше назар аударады. Мысалы, «ант айтамын... иахшы қабыл қылып, тыңлаушы пәнде болып бойын сұнарға) деген сөйлем орыс тiлiне: «обещаюся и клянуся... послушным рабом и подданным быть...» деп тәржiмаланған. Пәнде болу мен құл болу бiр ұғымға сыймайды.


Орыс тексiндегi осы терiс ұғым бiздiң үш мемлекет қайраткерi берген анттың үшеуiнде де айнымай қайталанды.


Халықаралық келiсiмдерде екi тiлдегi құжаттың мағынасы өзгермеуi қатты қадағаланады. Сөз болып отырған ойдың бұрмалануы кездейсоқ деуге болмайды. Мұны — түлкi құйрық Тевкелевтiң айла-амалы, екi басты самұрықтың көрсеткен залымдығы деп бiлемiз.


Демек, осы жерде патшаның көкiрегiндегi дос болу емес, құл ету пиғылы тайға таңба басқандай көрiнiп тұр.


Ата-бабаларымыздың орысша бiлмегенi анық. Олардың «Көршi елмен тату болғымыз келедi, дос болғымыз келедi, шын достан жанымызды да ая- маймыз!» деуi мүмкiн, ал «құлың боламын» деп, еркiндiктi сүйетiн ерлердiң азат басын байлағысы келмегенi хақ.


Құдай-ау, олар талай қанкештi майданды басынан өткiзiп, тәуелсiздiк үшiн күрескен, халқының тағдырын ойлап, мұз жастанып, қар жамылған қас ба- тырлар емес пе едi?! Әттең, үркердей «шоқталған» ерлердiң қалмақтарға қарсы соғыстағы «Аңырақай» жеңiсiне жеткiзген ауызбiрлiктi әрi қарай жалғастыра алмағандары өкiнiштi-ақ.


Алдын ала есептелген, күнi бұрын болжанған Россия патшалығының қазақтарға байланысты өз саясаты болғанын Тевкелевке сыртқы iстер кол- легиясының 1731 жылы ақпанда берген инструкциясынан көруге болады. Нұсқау бойынша Құран ұстатып ант алу, ерiктi түрде аманат беруге, салық төлеуге көндiру, егер бас тартса, сый-сияпат (пара беру деп түсiнiңiз — Ш. У.) көрсетiп, бетiн берi қарату.


Тiптi көбiнесе: «в молчанки оставить и более не домогаться, только ста- раться чтобы... жили в верности» делiнген (Жоғарыдағы кiтап. 43-б.).


Бiз бәрiне де көнiп, асыра мiндет алуға ұмтылыппыз.


Орынбор комиссиясының төрағасы генерал-лейтенант, князь В. Уру- совтың шетел комиссиясына 1740 жылдың 9 қыркүйекте жазылған хатына қарағанда, Петербургтан күнi бұрын жазылып әкелiнген ант қағазын- да Әбiлмәмбет пен Абылай «старшина» деп аталып, «хан», «сұлтан» де- ген лауазымдары көрсетiлмеген де екен. Кеткен қателiктер кездесу кезiнде түзетiледi, бұл деректiң өзi келiссөзге немқұрайды қараудан, менсiне қоймаудан, әрі-беріден соң бұл iс-әрекеттi жауапкершiлiгi жоқ әлдекiм- дердiң жүргiзгендiктерiнен деп бiлемiз.


Келтiрiлген құжаттардың бұрмаланып жазылуы әрi бұхара халықтың қолдауын көрсететiн деректерi болмағандықтан, заңдылығы үлкен күмән туғызады. Ашып айтсақ, орасан жеңiлiске ұшырап, бас бостандығынан айырылып, капитуляцияға ұшыраған елге қойылатын талап пен үкiмдi көз алдымызға елестетедi.


«Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы» деп өмiр сүрген, үйiне ешқашан да құлып салып көрмеген момын, ақжарқын қазақ елiне бұлай қарауға болмайтын едi ғой.





Пікір жазу