24.02.2022
  479


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Маңызды шешім

 


 


 


Шолпан ғаламшарының Жер ғаламшары сияқты табиғи серікті емес екені бесенеден белгілі жайт. Ғарышкер-геологтар сондықтан Шолпан ғаламшарының Айсыз т.һүндеріне үйренген. Ғаламшардың тағы бір ерекшелігі, атмосферасын үемні қоршап, өзін сырттағылардан жасырып тұратыны. Оның үстіне, і түн түнегінде көкте жылжи қозғалатын Ай болған күнде де ғаламшар беті мардымды күміс сәулеге малынбайды.


Тіпті, сол қалың қоб ала бұлттары Айдың өзін де көлегейлемек. Одан да бұрын көкте Ай болуы үшін Шолпанның ұзақ-сонар тәуілігін Жер тәуілігіндей ету қажет.Осыны ойлаған ғарышкер-геологтар кеңістіктен Ай болатын аспан денесін ғарыш жүк кемесімен сүйреп әкеліп, ғаламшардың төңірегінде мәңгілік табиғи серігі етіп қоюды жөн деп таппаған.


Шадыман сырқатынан толық жазылып шыққаннан кейін ғарышкер-геологтар көңілдерін Шолпан ғаламшарының беті емес, оның төңірегіне аудара бастаған. Өйткені, Шолпан қыздың ізім-ғайым жоғалуы мен сәуле болып түсетін түрлі көріністердің түп көзі де сол аспанда. Ал ол көріністердің қандай түп көзден шығатынын анықтау өзінше бір үлкен іс. Егер ол түп көз табылса, Шолпан қыздың қайда жүргені де белгілі болмақ.


Шадыман әріптестерінің қаперыне осыны салған. Бұл ғарышкер-геологтар тарапынан қолдау тапты. Көпшілігі қызығушылық та танытқан. Осыдан соң Шолпан ғаламшары


қыртысын бұрғы қондырғылармен қазып, су мен кен орнын іздеулерін уақытша тоқтатуға шешім қабылдады. Артынша уақыт жоғалпастан осы Емшектаудың төбе шыңынан және төңіркгенідегі жазықтан ғаламшар төңірегіне радиодүрбілерден тың тыңдау жұмыстарын бастап кетті.


Ол ғылыми-зерттеу еңбектері бекер-бос кеткен жоқ. Жер тәуілігімен есептегенде айналасы бір тәуіліктің ішінде аспан кеңістігінен Жер ғаламшары төңірегіндегі Ай сияқты бір аспан денесі байқалды. Тек байқап қарағанда, Айға да онша келіңкіремейді. Одан аздап өзгешелеу. Егер оны қандай да бір жарық сәулесін жұтқыш дене деп санаса, онда өздеріне ғана емес, мына Шолпан ғаламшарындағы күллі зат атаулыға қатерлі болмақ.


Ғаламшар бетінен бір де бір нәрсені қалдырмай өзіне жұтып алмақ. Ал сонан соң одан әрі қарай өмір сүріп көр. Сондықтан аспаннан табылған құпия дене қанша дегенмен де ғарышкер-геологтарды ойландырған. Жерлегілермен дереу бейнебайланысқа шығып, бұл жаңалықты жеткізген. Жерден осы Шолпан ғалмшарына қарай, бұдан Жерге қарай ұшатын ғаламшарарылық кемелерді уақытша тоқтату керектігін де ескертті ғарышкер- геологтар екі жаққа да.


Осындай-осындай нәрселер басшы Шадыманды ерекше бөлек жігерлендіріп те жіберген. Бұрынғы байыптылығынан да арылған. Қанша қиналса да өткендегі үңгірдегі сегіз көзді мақұлықпен арпалысқаны да өзінің күш-қуатын еселегендей. Оның үстіне Шолпан қыз жоғалғалы аз уақыт өткен жоқ. Осының бәрін түн ұйқысын төрт бөліп ойлаған Шадыман ертетұрған. Таңғы серуенін, жаттығуларын жасап, жуынып-шаынып,


 


әріптестерімен бірге таңғы асын ішкен соң оларды кеңесу бөлмесіне жинады. Алдарында тұрған өте жауапты әрі қатерлі істің мән-жайын талқылаған.



  • Алдымызға қойған мақсат пен бағдар түсінікті деп ойлаймын, - деді Шадыман әдеттігсінен қатқылдау үнмен, - Шолпан ғаламшары бетінде кенеттен пайда бола қалатын сәуле көріністердің түп көзін ашатын мезгіл жақындаған сияқты. Тек қай сәтте де өте сақ болайқ. Ол денеге қарай біз мініп ұшатын ғарыш кемелері аттануға дайын.


Кімде қандай сұрақ бар?


 


Бөлме ішінде әдеттегідей үнсіздік орнады. Ғарышкер-геологтарға тән емес әрекетке тез арада пәлендей пікір айту оңай емес-ті. Сәлден соң көпшілікпен қатар отырған Есмұхан орнынан жайыментұрып, мінберге көтерілді.



  • Өзімізге әзірі белгісіз жарық жұтқыш аспан денесіне жақындау болса да қатерлі әрекет, - деді ол қоңыр дауысымен сөйлеп,- сондықтан жаңа ғана Шадыман айтқандай, бірінші кезекте өте саөқтық керек. Ал менің айтайын дегенмін, бұл аспанда Ай сияқтанып көрінген дене табиғи дене емес. Оны өздеріңіз де байқап-біліп отырсыздар. Сондықтан оған ұшатын ғарыш кемелеріміздің антигравитациялық жүйелерін мұқият тексеріп алуымыз керек аттанар алдында. Бұл бір. Екншіден, ол құпия аспан денесіне әуелі өзіміз мінген кемелер емес, биотұлғалар мінген кемелер жақын ұшып баруы тиісті. Тек содан соң ғана барып жағдайға қарай өзіміз жақындаймыз кемелерімібен оған.

  • Бұл өте дұрыс ұсыныс, - деді Есмұханға жақындай берген Шадыман. – әуелі биотұлғаларымыз мінген кеме жақындасын оған! Сонда күтпеген қауіп-қатерге тап болмаймыз! Әуелі ішіне үш биотүұлға мнген барлаушы кеме аттансын олай қарай! Содан соң өзіміз!

  • Тек сіз мінген барлаушы ғарыш кемесі басқа кемелердің соңынан ұшатын болсын! – деді орнынан көтеріле сөйлеген Алдияр, - сіздің амандығыңыз бізге маңызды.

  • Бұл ниетіңе алғыстымын, - деді Шадыман сәл жымиып, - мен мінген кеме басқа кемелердің соңында емес, орта тұсында болса деймін.Осыған келісейік.

  • Мұныңыз да дұрыс, - деп қойды Алдияр орнына қайт отыра беріп.


 



  • Тағы қандай ұсыныс, сұрақ бар?


 



  • Ендігісі, осы жоспарымызды жүзеге асыру. Қалғанын сапар барысында көре жатармыз, - деді Есмұхан отырған орнынан сөйлеп.


Шадыман оның бұл сөзін толық құптады. Содан соң қабырғадағы үлкен эғранды іске қосып, Шолпан ғаламшарының төңірегіндегі кеңістікті көрсетті. Ғаламшар төңірегіндегі кеңістікте не бар, не жоғы ғарышкер-геологтарға әуелден жақсы белгілі-тін. Сонда да


сапар алдында оны тағы бір көріп алғанның еш зияны жоқ-ты. Қанша дегенмен де, бұл Жер ғаламшары емес. Шолпан ғаламшарының өзінің де, төңірегіндегі кеңістіктің де құпия- сырлары жетіп жатыр.


Шұғыл әрі қысқа жиын аяқталғаннан кейін ғарышкер-геологтар аз ғана уақытқа өз пәтерлеріне кіріп, сапарға арналған киім-комбинезондары мен қажетті заттарын алып


шыққан. Сөйтіп, барлаушы ғарыш кемелері тұрған орынға жеткен. Шадыман ол орындағы шағын шыны үйшікке аспандағы Ай сияқты құпия денеге бірінше болып аттанатын, оған бастап жақын баратын үш биотұлғаны шақырып алды. Алдағы тапсырманы тағы бір


пысықтады. Биотұлға дегені болмаса, олардың іс-әрекеттері мен айтқан сөздері тірі


 


адамнан еш кем емес. Сондықтан Шадыман ол үшеуімен жақын жаншырларындай жылы сөйлесті.



  • Алдағы жоспар толық түсінікті ғой деп ойлаймын, - деп үшеуін көздерімен жай ғана шолып өтті, - қалған қажетті мәліметтер өздеріңнің «пешенелеріңе» жазылған. Қосымша айта кететінім, аспандағы Ай сияқты дененің табиғаты бізге әлі толық белгісіз. Оның Шолпан ғаламшары кеңістіктен өзінің тартылыс өрісімен қармап алған дене болуы да мүмкін. Немес, қандай да бір мәдени дамудың қолымен жасалған жасанды аспан денесі. Қандай дегенде де, біз оны ақытауға тиістіміз. Оған жақындағанда өте сақ болыңдар. Егер оның тартылыс өрісі кемелеріңдегі гравитациялық жүйенің күшінен артып бара жатса, тез арада бізге хабар беріңдер. Кейін қайтуға әрекет жасаңдар. Біз де кемемізбен оған жақын ұшып барып, суретке, бейнеге түсіріп алуға тырысамыз. Түсінікті ғой?


-Түсінікті! – деді үш биотұлғаның ортада тұрған денелілеуі, - біз сіздер берген барлық тапсырмаларыңызды бұлжытпай орындаймыз!



  • Ләйім, солай болсын! – деді Шадыман отырған орнынан көтеріле бере, - тек


тапсырманы орындау барысында ешқандай қателікке жол берілмесін! «Пешенелеріңе» дұрыс жазып алдыңдар ғой барлық мәліметтерді?



  • Бәрі дұрыс! Ол жағынан еш қам жемеңіздер. – деді биоұлғалардың басшысы тік тұрған бойда, - біз сідерден кем әрекет жасамаймыз.


-Ал біз сендерді ол денеге бірінші етіп жіберіп отырған себебіміз, қанша батылмыз десек те, сізендердей бола алмаймыз. Қатты толқыған сәтте қателіктерге ұрынамыз. Сенерде толқу, қорқу сезімі жоқ. Сондықтан да сендерге сенім артамыз!



  • Бұл пікіріңізге мол алғыстымыз! – деді басшы биотұлға.


 



  • Ал, онда, сапарларың сәтті болсын! Біз сендерді бейнебайланыс экраны арқылы мұқият бақылап, әрбір іс-әркеттеріңізді қадағалап отырамыз. Қажет жағдайда қолұшын береміз!


Бәрін түсіндік! – деді басшы биотұлға басын сәл алға қарай ип тұрып.


 



  • Ендеше, аттануларыңа рұқсат!


 



  • Түсіндік, рұқсат!


 


Үш биотұлға тап әскери адамдарша аяқтарын сарт-сұрт еткізе кейін қарай бұрылды да, жалтыр еден үстімен аяқ дыбыстарын жалғастырып жөнелді. Биотұлғалар шыны есіктен сырқа шығып кетісімен Шадыман келсі бөлмеге өтіп, ондағы биотұлғалардың сапарын бақылап, қадағалайтын үлкен экран алдында отырған кезекшілердің жанына келді. Жақындай бере олар орындарынан тұрып, Шадыманға құрмет көрсетті. Бірақ ондайды ұнатпайтын басшы тіке мәселеге көшті.



  • Үш биотұлға мінген барлаушы ғарыш кемесі ұшыруға дайындалсын! –деді.


 



  • Үш биотұлға мінген барлаушы ғарыш кемесі ұшыруға дайындалсын! – деп қайталады ол сөзді сол замат отырғандар.

  • Барлаушы ғарыш кемесін ұшыру бес минуттан соң жүзеге асырылсын!


 



  • Барлаушы ғарыш кемесін ұшыру бес минуттан соң жүзеге асырылсын! – деп қайталады отырған кезекшілер.

  • Қалған барлаушы ғарыш кемелері де ұшыруға дайындалсын!


 



  • Қалған барлаушы ғарыш кемелері де ұшыруға дайындалсын! – деді кезекшілер де.


 


Шадыман сәл кідіріп, қарсы алдындағы үлкен экранға бір қарап алды да, кейін бұрылды. Экран алдындағы орындықтарда отырған кезекшілерге бұдан әргі жағдай айтпаса да түсінікті еді. Алдын ала белгіленген жоспарлары бойынша жұмыстарын жалғастыра берген. Шадыман кең дәлізге шыққанда үш биотұлға мінген барлаушы ғарыш кемесі алдынан айқара ашыла берген үлкен қақпа арқылы Емшектау астынан сыртқа қарай қалықтай көтеріліп шыға берді. Бұл кезде өзі мінетін барлаушы ғарыш кемедегілер де оның есігін ашып қойып, өзін күтіп отырған. Шадыман барлаушы ғарыш кемесінің көтерілер тепкешегімен ширақ көтеріліп ішіне енді. Өзінің орнына жайғасқан бойда ұшқыш-ғарышкер Елтай Шадыманға барлаушы ғарыш кемесінің ұшуға толық дайын екенін мәлімдеді.


Шадыман басын жай ғана изеп, алдындағы экранды іске қосты. Енді ғаламшардың бар көрінісі осы экран ішіне көшкендей. Әлгі үйшіктегі кезекшілер де Шадыманның рұқсатын күтіп үнсіз отырған еді. Шадыман экран арқылы барлық дайындықты көріп шыққаннан кейін:



  • Бес минуттан соң кемелерді ұшыруға рұқсат! – деді алдындағы дыбыс қабылдағышқа қарап.

  • Бес минуттан соң ғарыш кемелерін ұшыруға рұқсат! – деп қайталады үйшікте отырған кезекшілер.


Елтай қарсы алдындағы тақтадағы жыпырлаған көп түймелердің бірнешеуін рет- ретімен нұқыды оң қолының сұқ саусағымен. Майда түрлі түсті шамдардың бірі жанып, бірі сөніп жатты. Бірақ оған ес бөліп отырған ешкім жоқ. Артынша ғарыш кемесінің соңғы


жағындағы үш құбырдан от шашыла бастады. Ғарыш кемесі алға қарай жайымен жылжып жөнелді. Оның соңынан бірнеше ғарыш кемесі өкшелей ұшты. Айқара ашық тұрған үлкен қақпа бірнеше ғарыш кемесі Емшектау астындағы қаланың базасынан ұшып шыққан соң автоматты түрде қайта жабылды. Ғарыш кемелері әп-сәтте Шолпан ғаламшарының тұтасқан қою ала бұлттарын төменге тастады. Енді біраздан соң тұла бойын бұлт көмкерген әдемі Шолпан ғаламшары дөңгеленіп, тұстарындағы терезелерден де,


алдарындағы экрандардан да анық көрініп тұрды. Ғарыш кемелері қанша жылдам ұшып бара жатса да, Шолпан ғаламшары өзінің үлкен келбетінен жуық арада кішірейе қоймады.


Енді оны тамашалап отыратын уақыттары жоқ еді ғарышкер-геологтардың. Шадыман бар барлаушы ғарыш кемесіндегілер негізінен алдарындағы экрандардан көз алмайды.


Өздері көздеп отырған Ай сияқты дене бірде жарықтанып, бірде қарайыңқырап кеткендей болады. Қарайыңқыраған мезетінде ғарыш кемелерінің аралық байланыстыра сәл де болса әлсірейді. Жкрандардағы көріністер де шамалы күңгірттенеді. Шадыман оның мәнісін іштей түсініп отыр. Кеңістіктегі аспан денесінің тартылыс өрісі де оңай өріс емес. Оның үстіне, оның не дене екені әлі толық белгілі емес.


Ғарыш кемелері тобы осылайша Шолпан ғаламшарынан ұзай берген. Құпия аспан денесіне дейінгі алдын ала есептелген қашықтыққа ұшып жеткенде алдарында ұшып кетіп бара жатқан ішінде үш биотұлға бар баролаушы ғарыш кемесінің нақты ұшу бағыты нақтыланды. Жоспар Емшектау астындағы қалашықта алдын ала жасалып,


 


бекітілген болса да, мұндай жағдайда әрбір минут сайын өзгерістер орын алады. Оны бекітетіндер Шадыман, Есмұхан мен Алдияр. Қалған ғарыш кемесіндегілер осы үшеудің әрбір айтқан шешімін бейнебайлныс жүйесі арқылы мұқият тыңдап, оны бұлжытпай


орындайды. Бүгінде кеңістікте ғарыш кемесімен осылай ұшу, бір кездегі Жер аспанында ұшқан әскери әуе кемелерінің ұшқандарымен бірдей. Сондақтан ғарыш кемелері ішіндегілердің ешқайсысы да ұшу барысында ешқандай қорқыныш сезімін бастарынан кешкен жоқ. Оның бұл ауа кеңістігі емес, ауасыз кеңістік. Ауасыз кеңістікте ғарыш кемесін жылдамдату да, баяулату да жеңіл. Ғарыш кемелерін басқарушылар осындай мүмкіндікті пайдаланып, ғарыш кемесін Қарлығаштардай құбылта ұшырады. Ол кейде ғарыш кемелері бір бірін қуалап ұшып жүргендей көрініс те береді сырттан қараған адамға.



  • Сапарымыз сәтті өтуде! – деді Елтай шамалыдан соң кеме ішінде отырған ғарышкер-геологтарды сергіткісі келіп.

  • Көріп отырмыз! – деп Шадыман оған көз тастап қойды, - ғарыш кеңістігінде осындай шеберлік керек, үшқыш-ғарышкерге!

  • Ғарыш кеңістігін қазақтың ке даласындай «дүбірлететін» болдық қой, осындай ғарыш кемесімен! – деп Елтай жымия қарап алды ғалымдарға.


Шадыман осылай сөйлесіп отырса да, тұсындағы терезеден де, қарсы алдындағы экраннан да көз тайдырмайды. Іштегі барлық автоматты-компьютерлі жүйелер қалыпты жұмыс жасауда. Фототелекамералардың көздері алдағы құпия аспан денесіне қаратылған. Фотокамераларға іліккен небір күтпеген көріністер тез арада арнайы фото қағаза шығарылып, Шадыман, Есмұхан мен Алдиярдың алдарындағы шағын үстелше үстіне түсіп жатыр. Тек оларды саралап қарауға мүмкіндіктері бола бермейд ғарышкер- геологтардың. Оның үстіне ол суреттердің кейбіреулері анық емес. Құпия дене қарайған мезетте жарықтың азаятыны да белгілі. Фотокамераға жеткілікті жарық керек. Бұл кемедегілердің қай қайсысына да түсінікті нәрсе. Шадыман сонда да алдындағы шағын үстешенің үстіне тырс-тырс түсіп жатқан фотосуреттердің бірнешеуңне көз жігіртіп өтті. Ол суреттерден пәлендей жаңалық көрмеген соң оң тұсындағы шағын суырманы тартып ашып, суреттерді сонің ішіне салды. Өзінен оңға қарай қатар отырған Есмұхан мен Алдияр да соны қайталаған. Шадыман алдындағы экранға бір қарап алды да:



  • Құпия аспан денесін оған мейлінше жақындаған кезде ғана фотоға түсірген жөн болар! –деді Есмұхан мен Алдиярға кезек-кезек қарап, - мына суреттердің кейбіреуінен ештемені түсіне алмайсың! Құпия аспан денесін фотосуретке анық етіп түсіріп алуды биотұлғаларға тапсырайық!


Есмұхан сол замат басын изеп, алдындағы тақтадан оң қолының сұқ саусағымен бір түймені нұқып қойды. Алдарындағы үш экранның үшеуі де сөніп барып қайта жанып, өздеріне жақсы таныс «Барлаушы-1» деген қазақы өю-өрнекті жазуы бар барлаушы ғарыш кемесі анық көрінді. Содан соң ғарыш кемесін басқарып отырған үш биотұлғаның жүздері шықты экранға. Олардың бойларында тірі адамға тән толқыныс, қорқыныш сезімдерінің болмайтыны белгілі. Тек дауыстары сәл-пәл дірілдеп, шыңылдап естіледі.


Оның құпия аспан денесінің төңірегіндегі күшті тартылыс өрісінің әсерінен екені үш ғарышкер-геологтарға түсінікті. Дегенмен, биотұлғалардың айтқан сөздері анық. Ең бастысы да осы. Ендігі шешуші минуттардағы ұсынысты Шадыманның өзі айтуы тиісті.


 



  • Алдын ала белгіленген бағыт бойынша ұшырыңдар барлаушы ғарыш кемесін! Әрбір сәтті фотокамераларға анық етіп түсіріп отырыңдар! – деді Шадыман сәл де болса да толқулы үнімен алдындағы қуатты дыбыс қабылдағышқа сәл еңкейе қарап отырып.

  • Түсіндік! – деген басшы биотұлғаның дауысы жетті артынша.





Пікір жазу