Елдегі әбіржу
Шолпан мен бейтаныс жігіт ауыл көшелерін аралап өтіп, төбе басына қарай кетіп, көзден ғайып болғаннан кейін тарап кеткен тұрғындар қайта дүрліккен. Бұл оқиға әсіресе
Шолпанның әкесі Ералы мен анасы Перизатқа, ағасы Қажыбек пен інісі Арғынғазыға, сіңілісі Айыгүлге жеңіл соқпады. Сол күннің ертеңінде Шолпан қыздың әкесі Ералы бастаған ауыл қариялары мен жастары Орталық мәдениет үйіне жиналып, болған көріністің мән-жайын түсінісуге тырысып баққан. Ол көрініс елес дейтін елеске де, галографиялық көрініске де ұқсамайды. Егер ол елес болса, оны ауылдың барлық тұрғыны бірдей көре алмаған болар еді. Ендеше, ешқандай елес емес, тап телеэкрандағдай анық көрініс. Осы жиынға дейін ауыл ақсақалдары мен жастары Ералыдан Шолпан қыздың Шолпан ғаламшарында бұдан біраз бұрын белгісіз
себептерден көзден таса болғанын білген. Ол жайсыз хабарды Байқоңырдағы
Ғарышкерлерді ғаламшаралық сапарларға дайындау орталығының басшылығы Ералыға
«Үй-ішін ерте әбіржітпейік» деген оймен кештеу хабарлаған. Кешегі көрініс ол жайды күрделендіріп жіберді. Енді міне, тек Ералының отбасы емес, бүкіл ауыл тұрғындары әбіржуде.
Ауыл ақсақалдары мен жастары Орталық мәдениет үйінде ұзақ жиын жасаса да,
пәлендей бір ғылыми тұжырым жасай алмады. Болмаған соң Шолпан қыздың әкесі Ералы мен ағасы Қажыбек астанаға баратын болып шешті. Осы күнгі кеште Ералы ғарышкерлерді ғаламшарарлық сапарларға дайындау орталығы басшылығына бейнетелефон қоңырауын соқты. Оның басшысы Бақтыгерей Тәлімұрпағымен біраз әңгіме қозғады.
- Сіздердің сол көргендеріңіз жай бір елес болар? – деп күмәндана жауап берді Бақтыгерей Ералының сұрағына.
- Жоқ, ол көргендеріміз ешқандай елес емес. Менің қызым жанындағы бір бізге бейтаныс жігітпен бірге ауылымыздың орталық даңғылы бойымен жүріп өтті. Тап бір телеэкраннан көрінген көріністей болды. Сондықтан қызыммен қауыша да, тілдесе де алмадық. Бірақ олардың жүрген аяқ дыбыстарын да, бір-біріне айтқан кейбір сөздерін де естідік. Мұны ауылдағы кейбір ғалымдар бізден бөлек уақыт пен кеңістіктің қиылысындағы көрініс деп түсіндіреді. Сонда қалай олғаны?
- Олай болуы да мүмкін, - деді дөңгелек жүзді, қой көзді, қияқтай қара мұртты басшы жігіт, - тек мен сол көріністің тап сіздің ауылыңызда болғанына таңмын.
- Егер оны тек менің отбасым көрсе, бір жөн. Ауылымның бүкіл тұрғындары куәсә болды, ол көріністің. Шолпан қызымның бізбен қауышқысы да, тілдескісі де келді. Бірақ қандай да бір мөлдір жұқа шыны қабырға бізді бір бірімізге белгілі бір өқашықтықтан әрі жақындатпады.
- Мөлдір шыны қабырға дедіңіз бе?
- Иә, бәріміздің байқағанымыздай, мөлдір жұқа шыны қабырға. Мұндай да оолады екен, бұл жарық дүниеде. Содан қызым жаныдағы бізге бейтаныс жігітпен қатарласа жүріп, ауыл сыртына шығып, қыр асып кетті. Одан кейн ол екеуі де көзден ғайып болды. Барлық көрініс санаулы минуттар ішінде болып өтті. Ештемені түсіне алмадық. Өзіміз де, күллі ауыл тұрғындары да күні бойы елеңдеп, ол көріністің қайталануын күтті. Көрініс қайталанбады. Бүгін ертемен ауыл ақсақалдары мен жастары Орталық мәдениет үйіне жиналып , сол көрініс жөнінде пікір алцыстық. Бірақ бір көңілге қонарлық тұжырымға келе алмадық. Тек жиын соңында ұлым Қажыбек екеуміз ертең ертемен сіздерге баратын болып шештік. Соның алдында сізге хабарласып тұрғаным ғой.
- Мұныңызға мың алғыстымын, - деді Ғарышкерлерді ғаламшараралық сапарларға дайындау орталығының басшысы, - жаңа ғана Шолпан ғаламшарындағы құрамында Шолпан қызымыз болған ғарышкер-геологтардың басшысы Шадыман ағадан бейнежазба алған едік. Өкінішке орай, олар Шолпан қызымызды әлі таппапты. Тек уәйім етпеңіздер. Ондағы ғарышкер-геологтар Шолпан қыздың тірі екеніне, қандай да бір ортада жүргеніне еш шүбә келтірмейді. Өйткені, Шолпан ғаламшарында да сіздердегі сияқты көріністер болған. Шолпан қызды да көрген. Сондықтан Шолпан қыздың табылатынына толық сенімді ғарышкер-геологтар.
- Ләйім солай болсын! – деп Ералы көңілденіп қалды, - өзімізді өзіміз қанша ұстасақ та, Шолпан қызмыздың мүндай күйге түскені ауыр соғып тұр бізге. Қайтеміз, енді. Басқа салса, амал нешік. Үлкен ұлым Қажыбек екеуміз осы жағдайдың анық-қанығына жету үшін сіздерге ертең бармақшы едік...
- Енді бекер-бос жол жүріп шаршаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Біз де қарап отырған жоқпыз. Шолпан ғаламшарындағы ғарышкер-геологтарға көмек беретін арнайы ғалыдмар тобын жақында аттандырмақпыз. Ол жөніндегі барлық мәліметтерді өздеріңізге бейнебайланыс құралдары арқылы дер кезінде хабарлап тұратын боламыз. Шолпан
қызымыз табылады деп сенеміз! Сауі болыңыз, аға, - деді басшы жігіт.
- Аман-сау бол, қарағым! Ізденісті еңбектерің қашан да жемісті болсын! – деді Ерлан сәл толқып.
Одан соң да бір сәт ойға батып отырды. Сйқітп барып бейнетелефон құралын сөнідрген. Айналасындағ отырған жұайы, балалары мен көрші-қолаңдары үнсіз қалған. Әрқайсысы өзінше ойға батқан. Ералы Шолпан қызының кішкентайынан-ақ жұлдызды әлемге құмар болғанын есіне алды.
- Өзі жұлдызтанушы болмас да, жұлдыздарды бақылауға құмар еді, - деді қоңыр дауысмен жай сөйлеп, - қазақтың ежелден танитын бес жұшлдыз – бес аспан денесін: Олпанды, Шолпанды, Қызыл ғаламшар, Асқақ ғалмшар мен Қоңырқай ғаламшарды жақсы білетін. Мектеп қабырғасында оқып жүрген скезінің өзінде-ақ Мектеп
сыңардүрбісімен сол аспан денелері мен басқа да жұлдыздарды, Құйрықты жұлдыздарды талай бақылаған. Жұлдыздар жайлы ғылыми, ғылыми-танымдық кіітаптарды жиі оқитын. Кейіннен оқуға түсіп, геолог мамандығын алды. Ғарышкерлер құрамына енп, өзі есімдес Шолпан ғаламшарына аттанды. Ол жөнінде газет-журналдарда жазылды, стереотеледидарлардан айтылды, көрсетілді. Сөйтіп, Шолпан қызының есімі мен ерлігі Жер шары халқына тарады...
Ералының бұл сөздерін мұқият тыңдап отырған жамағат тіл қалпады. Не десін. Бәрі де жаңа бір ұсынысты да, ол ұсынысына айтар жауапты да Ералының өзінен күтіп отыр. Ералы отырғандарды көздерімен жай ғана шолып өтті. Жаңағы Шолпан жайлы айтқан сөздеріне басқа сөз қоса алмады. Шолпан қызының:
- Көке, мен құрбым Айман және басқа ғалым ағаларыммен бірге Шолпан
ғаламшарына аттанып барамын. Оны зерттеу маған өте қызық, - деген сөзін есіне алды..
- Шолпан ғаламшарына ғаламшараралық кемемен ұшып бару, оны зерттеу сенің кішкентайыңнан аңсаған арманың ғой! Бара бер, зерттей бер! – деп ақ батасын беріп қала берген өзі сонда.
Енді сол қызының мынандай жұмсбақ оқиғаға тап болғаны өзінің ғана емес, өзгелердің де жандарына батқан. Ералының бір сенетіні Шолпан қызының ессіз еместігі.
Ол қандай қиын жағдайға тап болса да, туылған Жерін, елін, өздерін бір сәтке де ұмытпақ емес. Ұмытпайды да. Әйтпесе, дәл кешегідей ауылға қараң бермес еді. Тек жанында қатар жүрген өзіндей өрім жігіттің кім екені, қай ауылдан екені белгісіз.
Байқоңырдағы ғалымдар мен мамандар біле алмай отырғанда өздері – ауыл адамдары қалай анықтай алсын. Ералы кешелі бері белін жаза алмай да қалған. Көрші-қолаңдары мен ауылдың зиялылары мұнысын түсініп, сөзбен болса да демеу үшін осы үйге жиналған. «Ғарышкер-геолог Шолпан қыздың үйі бұл» деп мақтан тұтады ауыл адамдары сырттан келген меймандарға.
Рас, бұдан бұрын да осы үйден мейман үзілмейтін. Емен-жарқын әңшімеге толы жиындар жиі-жиі орын алатын. Ендігі жиын көңілсіздеу өтуде. Бірақ отырғандардың бәрі де Шолпан қыздың кешікпей-ақ табылатынынан үмітті. Шолпанның өмірге құштар сүйкімді бейнесін көрмейінше ешқайсысы да тыныш қала алмақ емес. Шолпанның анасы Перизат та осындай ойда отыр. Шолпан қыздың әлі табылмай жатқанын әлдекім еске салса болғаны, көз шараларынан ыстық жас мөлт-мөлт аға жөнелмек. Сол нәзік
жандылығын біліп, айналасындағыларға сирек көз тастайды. Мұндайда қазақ салтында жасы үлкен ерлер мен әйелдер сөйлейді, басу айтады. Бір өкініштісі, бүгінде көп жағңдайда осындай күйге түскендерді басу үшін үлкендерге сөз айтқыбайды, дәрі береді, онан болмаса, денесіне инемен дәрі жібереді. Осылай тыныштандырады. Бірақ Ералы да, Перизат та ондайды қалаған емес. Өйткені, жасы үлкен адамдардың айтқан басу сөздері сол дәрі мен инелі дәріден көп есеге артық әрі денсаулыққа зиянды емес.
Біраздан соң сөзді осы ауылдың ең үлкен ақсақалы Жақсыбек алған. Жақсыбек осы сәтке дейін Ералы және басқалардың ой-пікірлерін мұқият тыңдап отырған болатын. Оның үстіне іштегілердің бәрі де: «Ақсқал, енді өзіңіз басу айтыңыз» дегендей сол кісіге қараған. Жақсыбек ақсақал ақ сақалын екі қолының алақандарымен кезек-кезек сипап
алып, шалға тән жіңішкелеу дауысымен сөйлеп кетті.
- «Үмітсіз – Шайтан» деген сөз бар емес пе, дана халқымызда, - деп бастады ол сөзін жіңішкелеу қоңыр дауысымен, - Шолпан қызымыздың қайта табылатынынан күдер үзуге болмайды, қрақтарым. Ештемеге көз жеткізбей тұрып уәйімше салына берудің жөні жоқ. Кім біледі, Шолпан қызымыз Шолпан ғаламшарында өркениетті әлдекімдерге кезіккен шығар. Шолпан ғаламшары бір ауылдың іші емес. Ұшы-қиырсыз жатқан бір әлем. Тау да, сай да, шыңырау да бар емес пе онда. Тек құдай аман етсін, қызымызды. Адамның маңдайына жазған тағдырына ешбір пенде араша тұра алмайды, қарақтарым. Сондықтан, Перизат, егіліп езіле берме. Басыңды көтер. Үміт ет. Балаларыңның амандығын тіле, құдайдан. Ел аман болсын, бәріміз де аман болайық. Шолпан қызымыз аман-есен
ортамызға оралсын!
- Жалпы, қазақ аңызы бойынша, ғаламшар Шолпан есімді ақылды, сұлу қыздың есімімен аталған ғой, - деп сөзге араласты Жақсыбек ақсақалдан кейін Шолпан қыздың ағасы Қажыбек сәл де олса көңілін орнықтырғандай болып, -сол ғажайып аспан денесіне қарындасым Шолпанның барғанына қуанып жүруші едім. Енді күтпеген жерден
тағдырының осындай болғаны өкінішті, әрине. Бірақ мен қарындасымнан үмітімді үзбеймін. Табылатынына сенемін.
Үй ішіндегілер тағы бір сәтке үнсз қалған. Ұшып жүрген Шыбынның ызыңы анық естілер тыныштық орнаған.Үлкен кісілер де бастарын төмен салып отырып қалған. Осы Жер ғаламшарында, осы ауылда емес, сонау аспандағы жұлдыздай жарқыраған Шолпан ғаламшарында жоғалған жас қызды табамын деудің өзі де оңай шешім емес-ті. Мұнда отырғандардың ешқайсысы да Шолпан ғаламшарын зерттеген, ия оған барып қайтқан
жандар емес. Сондықтан Шолпан ғаламшарының қыр-сырынан хабарсыз. Аспандағы Шолпан ғаламшары түгілі, осы аяқ басып жүрген Жер ғаламшарының құпияларын толық біліп пе. Табиғат құпиясы ешқашан да таусымақ емес, адам баласына. Тынымсыз
жылжыған уақыттай уысқа түспей алға қарай кете береді. Оған бір адамның ғұмыры да, ұрпақтармен жалғасып жататын күллі адамзаттың ғұмыры да жете бермейді. Бір құпияны ашса, екіншісі шыға келеді. Осылай кете береді. Жеке адам баласын да, күллі адамзатты да бұл ғажайып қайталанбас өмірде сондай құпия-сырлар үнемі жетелеп, қызықтырып отырады. Әуелде аспаннан құстарды көріп: «Осы құстар сияқты аспанда ұшсам ғой» деп армандаған адам баласы әуе кемесін ойлап тауып, сол құстарды кейінге тастады. Одан кейін ғарыш кемесін жасап, ғарыш кеңістігіне, Күн жүйеміздегі ғаламшарларға сапар шеге бастады. Енді бүгінде сол ғаламшарлар мен олардың беті қатты серіктерінң бәрі де адам үшін осы Жер ғаламшарындағы үлкен қалалар мен кішігірім қалалар сияқты болып қалды.
Қол созым жерде тұрғандай болып қалған Айға да, одан әрідегі Шолпан, Қызыл ғаламшар мен Қоңырқай ғаламшара барып қайтқан адамдар қазақ елінде жеткілікті. Әзірге осы ауылда ғана Шолпан қыздан басқа ешкім жоқ. Сондықтан да Жерден өзге аспан денелері ауыл тұрғындарына әлі тансық. Шолпан қыздың обасын да, күллі ауыл тұрғындарын да ойлантқаны осы да еді. Шолпан ғаламшары мен Шолпан қыз жайлы әңгіме қозғаған ауылдың үлкендері мен кішілері Ералының үйінде осылай түннің бір мезгіліне дейін отырды. Әркімнің айтқан пікірлері ұйқы қашырған. Осындай бір бас қосу мен әгңімелер болмаса да Ералының отбасы түн тыныштығында да көз ілмес еді. Қанша дегенмен де үлкендердің ой саларлық ойлары мен ұсыныстары адам баласын жақсы нәрсеге үміттендіреді. Бас қосудың басты мәні де сол.
Осы түнде қанша білмедік десе де, отырғандар Шолпан ғаламшарының біршама сырын айтып та тастаған. Ең ғажабы, сол Шолпан ғаламшарының Шолпан қыз есімімен аталуы. Бұл қазақ халқының ол ғаламшарға жұлдыз ретінде көңіл аударып, оған ойша Шолпан есімді қызды апарып, осындай ат беруінің өзі де бір ғажап көрегендік еді. Бүгінде Шолпан ғаламшарының барлық дерлік аймақтары қыз, әйелесімімен талады. Бұл ғажап емес пе? Ал осы ауылда дүниеге келіп, осы ауылда өсіп, сол Шолпан ғаламшарына Шолпан қыздың баруының өзі де үлкен мақтаныш!
Үйдегілер таң қылаң бере осындай рухта тарай бастады. Бұл бір қайталана бермейтін маңызды отырыс еді. Мұндай ақыл-кеңесті жиын ертеректе, қазақ халқы кең-жазира далада көшіп-қонып жүргенде жиі болатын. Бұл отырыс сол тамаша дәстүрдің салауатты жалғасы еді. Несі бар, қазақтың ежелгі дәстүрі осылай қайта жаңғырса, оған кім қуанбас. Қажет десе, бүгінгі күнде де атылар әаңыз-әңгіме жетерлік. Тек ағайын мен көрші- қолаңның осылай басы қоылып тұрса, бір-бірімен қашан да тау болса, құба-құп. Бүгінгі бас қосу сондай бір тамаша туыстық салт-дәстүрдің жалғасы еді. Кешегі дүрлігу де осы отырыстың арқасында басылған. Көріністен секем алған адам есін жиды, ақыл тоқтатты. Ералының өзі де осындай тамаша отырысты бұдан кейін де жалғастыра берді қалаған.
Ақсақалдар жағы да мұнысын қуаттап, бәрі сыртқа шыққан.
Бұл кезде Шолпан ғаламшары күн батысқа қарайғаы қозғалысын аяқтап, Күнге қарайғы қозғалысын бастаған-ды. Шолпан ғалмшарының тек таңғы мезгілде емес, Күн батар алдында батыс жақтан да жарқырай көрінетінін дана қазақ әуел бастан жақсы біледі. Шолпан ғаламшары өзінің қозғалысында бірде Күннің батыс жағына, бірде шығыс жағына шығады. Осылайша Күнді айналып жүреді. Тек онысын кейбір адам аңғара бермпйді. Ал бүгінде таң жұлдызы атанған Шолпан ғаламшарына ғарышкерлер ғаламшараралық кемелермен барып-келіп жүргендіктен Шолпан ғаламшарына екінің бірі көңіл аударады.
Сыртқа шыққандардың бәрі де шығыс көкжиктен сәл ғана жоғарыда жарық жұлдыздай жарқырап тұрған Шолпан ғаламшарына қараған. Ғаламшар: «Менде Шолпан қыздарың жүр. Жақыслап көріп алыңдар» дегендей тапжылмай жарқырап тұр. Оның аспандағы қозғалысы да білінбейді. Бір орнында қозғалмай түрған сияқтанады. Ал оны шағын сыңардүрбі арқылы көрер болса, кім кім де Шолпан ғалашарының жаңа туылған Айдың орағынан да ұзын орағын көрер еді. Қолдарында ондай бақылау құралдары болмаса да, үйден шыққандар Шолпан ғаламшарына тапжылмай қарумен болды. Шолпан қыздың әкесі Ералы да, анасы Перизат та Шолпан ғаламшарына қадала қарап, екі қолдарын алға қарай соза, іштерінен өз тілектерін айтуда. Енді сәлден соң өзін өзі қатаң ұстай алмаған анасы Перизат көз шараларына ыстық жас та іріккен. Ералы ғана іштей қатайып, өзінің
қызына деген сағынышы мен толқынысын төңірегіндегілерге білдермей тұр.
Осы маңызды отырысқа қатысқан көрші-қолаңдар мен ауыл тұрғындары да Шолпан ғаламшарына одан жақсылық күте қадала қараған. Астарында Шолпан ғаламшарына әп- сәтте жеткізетін ғаламшараралық кемелері болса, әлдеқашан аттанып кеткен болар еді бәрі де. Ондай кемені табан астында кім бере қойсын. Кеме бола қалса, Ералы болса да бірінші болып аттанар еді Шолпан ғаламшарына. Ағасы Қажыбек, ешқандай ой-арман емес, Шолпан ғаламшарына шынымен-ақ ғаламшараралық кемемен ұшып барып,
қарындасы Шолпан қызды ізеуді іштей жоспарлап тұр. Басқалардың ой-армандары өз іштерінде. Қай қайсысы да аспанда жарық жұлдыздай лапылдаған Шолпан ғаламшарының сұлулығына да тәнті.
Ғаламшараралық кемемен Шолпан ғаламшарына ұшып барып, оның ғажайып табиғатын көріп, көп нәрсені анықтап, Шолпан қызды іздеп қайтуды қай қайсысы да іштей арман етід. Шолпан қыз Шолпан ғаламшарына құрбысы Айман және басқа ғарышкер- геолог ағаларымен бірге Шолпан ғаламшарына кеткенде, ауыл тұрғындары бір қуанып, марқайып қалған еді. Ендіешқайсысы да бастарын көтере алмайды. Бәрі де Шолпан ғаламшарына қадала қараумен ұзақ тұрды. Ата-бабалардың ежелдегі жаңа туылған Айға қарап бата жасағындай бір көрініс. Қазақ халқының жаңа туылған Айға әуел бастан
табынуының бекер еместігі ғылымда әлдеқашан дәлелденген. Жер ғаламшарының өз осында ұршықша шайқалақтаамауын, Жер атмосферасындағы ауа райын
тұрақтандыратын, өсімідк пен жануарлар әлемінің өсіп-өнуіне игі әсер беретінін дана қазақ ертеден білген.
Мына көз алдарында жақұттай жарқыраған Шолпан ғаламшарының да Жер ғаламшары тірішілігіне кішкентай болса да әсері жоқ емес. Осыны білетін Ералы Шолпан ғаламшарына қараған бойда ішінен әлденелерді тағы айтып, екі қолының алақандарымен екі бетін жай ғана сипады. Тұрғандардың бәрі де соны қаталаған. Енді тұрғандардың денелері таңғы салқын ауаны сезе бастаған. Ералы оны түсініп, жанындағыларға «Ішке кірейк те» деген ишарат білдірді. Көрші-қолаңдар мұның мәнісін түсініп, Ералымен бірге үлкен үйіге еніп, төргі бөлмеге өтті. Бұл кезде үй асханасындағы автоматты-
компьютерлі жүйелер таңғы ас пен шайды дайын еткен де еді. Тез арада кең дастархан жаылды. Шолпан қыздың ағасы Қажыбек жеңіл қозғалып, отырғандардың қолдарына жылы су құйды. Ақсқалдар мен жастар түндегі әңгімелерін одан ір жалғастырды. Таңғы ас ішіліп болған соң ақсақалдар Шолпанқыздың Шолпан ғаламшарынан табылып, елге, ауылға аман-есен оралуына арнап бата жасап, бет сипасты. Орындарынан жаымен тұрып, Ералымен, отбасымен жылы қоштасып, әрқайсысы өзді-өзді үйлеріна тарасты.