24.02.2022
  290


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Емшектауға әбіржу

 


 


Жер тәуілігі есебімен апта бойы Шолпан ғаламшарының қыртысын бұрғы


қондырғыларымен бұрғылап, зерттеп, қажыған ғарышкер-геологтар бүгін демалыс күні болғандықтан түнгі ұйқыларынан асықпай тұрған. Оянуларына күнделікті дабыл да кеш берілген. Жер тәуілігі уақытымен сағат тілдері таңғы жетіні көрсеткенде ғана әрқайсысының жатын бөлмелеріндегі сағаттардан әсем әуендер төгіле жөнелген.


Басшының бірінші орынбасары Есмұхан сол мезетте басын жатқан төсегіндегі жастықтан көтеріп алған. Шадыманның өзін мезгілсіз оятпайтынын білетіндіктен бүгін тұруға


асықпаған. «Жата беремін. Түскі асқа бір-ақ барамын» десе де өз еркі бүгін. Аптасына бір рет келетін қызыл күнде кім кімнің де осылай еркін демалып алғысы келетіні түсінікті.


Бірақ бүгін өзінің басшлығымен біршама шаралар өткізілмек-ті. Таңғы сағат жетіден кеш қалмай тұрғанының бір себебі де сол еді. Төсегінен тұрып, үлкен терезеден адам қолымен жасалған шағын табиғат аясына бір қарап алып, келесі бөлмеге өтті. Ондағы спорттық құралдармен бірнеше жаттығулар жасады. Содан соң салқын сумен жуынып-шайынып, үлкен айнаға қарап, бойын түзеді.


Әдетте, түнгі ұйқыдан оянаып, жатын төсегінен тұрғанда айнала-төңірек қарағңғылау болатын. Ал бүгін таңғы сағат жетіде тұрғандықтан, онан кейін жасайтын таңғы жаттығулары бар, жуынып-шайынатыны бар, айнала-төңірек жарықтанып, шығыс жақ ағарып, жасанды Күннің шапағы да шашырай түсе бастаған шағын табиғат аясына. Қанша қолдан жасалған, қанша шағын болса да осы табиғат аясы қай қайсысына да тап бір Жер ғаламшарындағыдай, туылып өскен елдеріндегідей ерекше бөлек әсер береді. Осындай сезімде Есмұхан терезеден сыртқа ұзақ қарады. Ол ортадағы тірішілік әрекеттері әлдеқашан басталып кеткен. Құстар да енді сайрағандарын қойып, ағаштардың бұтақтарынан бұтақтарына ұшып қонып, құйрық қанаттарын таяқша қозғап, бастарын


бұлт-бұлт бұрып, төменнен бірдемені көздейді де, пыр етіп ұшып жерге қонады. Тапқанын шоқып-шоқып жеп, қайта ұшып, ағаш бұтақтарының біріне қонады. Сонда да тыныш қала алмайды, бастарын бұлт-бұлт қозғайды.


Есмұхан Торғайлардың азық табу әрекеттерін жаңа көрген адамдай оларға қадала қарап қалды. Содан соң көңілін басқа тірішілік иелеріне аударған. Бұл шектеулі ортада осындай-осындай нәрселерді қызықтағаннан басқа не болсын. Сол жасанды көл, оған жағалай егілген ағаштар, қолдан құарлған тау-тастар,. Оларға жіберілген Арқарлар, Қасқырлар мен Түлкілер, құстар және басқалар. Осылайша Емшектаудың астындағы ұңғы Жер ғаламшарындағыдай шағын табиғи ортаға айналдырылған. Бүйтпейінше,


Шолпан табғатына шыдап бағу қиынның қиыны. Оған қоса ғылыми зерттеу істері тағы бар.


 


Есмұхан бүгін ғарышкер-геологтарға шағын концерт ұйымдастырмақ болған. Қос Емшектаудың астындағы жабық қалашықтың орта тұсында ұшатын беймәлім табақ пішіндес ғимарат та бар. Ол әмбебап болғандықтан онда концерт те өтеді, цирк пен бейнефильмдер де көрсетіледі. Ара-тұра Жерден, елден әншілер мен бишілер, цирк әртістері қысқа мерзімге келіп өнерлерін ортаға салады. Олар келмеген жағдайларда


өздерінің араларындағы өнер иелерімен концерт қойылады. Ьрс уақыттарын қызықты етіп өткізеді. Шолпан ғаламшары мен Жер ғаламшарының екі арасы да аз қашықтық емес. Ғарыш кемелері қанша жылдам ұшса да, уақыт шіркін, өз есесін жібермейді. Ғарыш кемелерінің екі арадағы ұшуы барысында жылдамдық алуға және Шолпан ғаламшарына жақындағанда жылдамдығын тежеуге кететін уақыты тағы бар. Жер ғаламшарынан бірден жылдамдық ала алмайтыны және Шолпанға қатты жылдамдықпен қона алмайтыны белгілі. Сондықтан ол да есепке алынады.


Есмұхан сыртқа шығып шектеулі ортадағы табиғат көрінісін біршама уақыт


қызықтаған соң Шадыманның түнгі ұйқыдан тұрған-тұрмағанын білмек болып, оған қаласындағы бейнебайланыс құралынан бейнеқоңырау соқпақ болды да, артынша ол ойынан айныды. Шадыманның соңғы кездері Шолпан ғаламшарын зерттеуден де, Шолпан қызды іздеуден де қатты шаршап жүргені есіне алды. Шолпан қыз жоғалғалы Шадыман қатты түсіп те кеткен. Екі сөзінің бірінде сол қыз жайлы айтады. Оны қалай табудың жолын ойлайды. Егер Шолпан қыз таыла қалса, Шадыман Шолпан ғаламшарының қыртысын зерттеуден бас тартып, Жерге оралуға дайын. Бірақ жұмбақ жағдай өз құпиясын ашар емес. Ол тек Шадыманға емес, өздеріне де ауыр. Осыны ойлаған Есмұхан қолындағы бейнебайланыс құралының көп түймелерін басқалы қалған оң қолының сұқ саусағын кейін тартып алды. Содан соң пәтеріне кіріп, жуынып-шаынып, айнаға қарап үсті-басын түзеп, тіке асханаға қарай тартты.


Қос Емшектаудың астындағы алапат киіз үй пішіндес жасалған үлкен ортаның ішкі жағына салынған Ғарышкерлер үйінің пошымы да қызық еді. Бір шетінен қараған адам үлкен киіз үйдің ішкі жағынан тігілген киіз үйді көргендей болар еді. Бірақ бұл үйдің қабырғасының материалы басқа, тас тақталардан құралған. Ішкі жағы салқындатылған. Бір жеңілдігі, мұнда Жердегідей от жағып жылытып жатудың еш қажеті жоқ. Үйдің төбесі тұсынан Шолпан ғаламшардың алпыс градустық ыстығы сезіліп тұрады. Сондықтан мұндағы басты бір құрал – тоңазытқыш. Онсыз күн жоқ. Өмір сүру қиын. Сондықтан да


үйдің қабырғалары бойымен қазақы ою-өрнектер салынған сәнді салқындату құбырлары жүргізілген. Сол құбыр жүйелерімен салқын ауа келгенде, іште тамаша жағдай орнайды.


Температура он сегіз бен жиырмаи үш градустың аралғында тұрақтайды. Іштгі


ылғалдылық та қырық пен алпыс пайыздың аралығында болады. Үй ішінің басты ерекшелігі де осында-тын.


Есмұхан асханаға бара жолда осындай жүйелердің құбырларын қолымен ұстап көріп келеді. Құбырлар қанша салқын болса да, төбе тұстан келген ыстық ауаның лебі кәдімгідей білінеді. «Шіркін, соындай жылы ауа Жердегі елде де болса ғой, газдың да, көмір мен жылыту жүйелерінің де керегі болмас еді. Жер қыртысынан газ бен көмір өндіру ісі тоқтар еді. Тек газ бен көмір ме, ағаш атаулы да кесілмес еді, отқа жағылмас еді» деп те ой тереңіне батты Есмұхан. Бірақ ұлы табиғат өз есесін жіберген бе, адам пендеге?


Жылыту қажет болмаған жерде, салқындату қажеттігі туындайды. Бұл ортада негізінен салқындату жүйелері жұмыс істейді. Ал сол салқындату жүйелерін жұмысқа келтіретін жүйелерге де жылыту жүйелері керек емес пе? Ендеше, бірінсіз бірі жоқ.


Есмұхан ұзын дәліздің бойымен салқындату құбырларын тексере-тексере жүріп асханаға да жетті. «Ас – адамның арқауы» деген мақал еш жерде, ешқашан ескірген емес.


 


Асхананың кірер есігінің жоғарғы маңдайшасындағы осы сөз бірден көзге ұрады. Есмұхан алдынан автоматты түрде екі жаққа қарай сырғи ашыла берген үлкен есік ортасымен өтіп, ішке енді. Асхана ішінде әдеттегіше зыр жүгірген аспазшы биотұлғалардан өзге ешкім де жоқ еді. Асхана еденін мұқият жуып-тазалап жүрген биотұлға көк түсті көздерін өзіне бір қадап, әрі қарай кетті. Есмұхан жан-жағына жалтақ-жалтақ қараған. Әдетте, бұл кезде Шадыман осында келіп, еден жуушы, аспазшы биотұлғалардың жұмыстарын қадағалайтын.


Ол әлі келмепті. Бұғанне себеп болғанын Есмұхан қапелімде түсіне алмады. Жаңа табиғат ортасында жүргенде оған бейнебайланыс құралымен қоңырау соға салмағанына іштей өкініп қойды. Бірақ бейнебайлыс құралы пәтерінде қалып қойғанымен, қажет деп тапса, мұнда да бейнебайланыс жүйесі бар. Тек ол аса қажет жағдайда қолдануға арналған бейнебайланыс жүйесі. Онымен дабыл берсе, тек Шадыман емес, күоллі ғарышкер-геологтар түн ұйқыларынан дүрліге көтеріледі. Мұндай бейнебайланыс жүйелерінің тек осы асханада емес, тірішілік ортасының барлық жерінде бар екені де белгілі. Осыны есіне түсірген Есмұхан ол түймені басуды жөн санамады.Асхананың келесі бөлмесіне еніп, ондағы жұмсақ орындықтардың біріне отырып, іштегі қимыл-


қозғалыстарды бақылады. Бөлменің өзіне қарсы қабырғасына жақын жердегі ұзына бойы қойылған үстелдер жандарындағы орындықтарда екі қолдарын алдарындағы қос


саңылауға салып, көздерін тарс жұмып, бойларына ток жинап, рахатттанып отырған биотұлғаларды көрді. Адам пенде асты қалай қажет етсе, ол бәтшағарларың токты тап солай қажет етеді. Мұны іштей түсінген Есмұхан оларға кедергі жасамауға тырысып үнсіз қалды.


Биотұлғалар ештемеге алаңдар емес. Бойларына ток жиналған сайын денелерін дір- дір еткізіп, бір рахат сезімге бөлене түскендей болады. Бір бірлеріне жиі-жиі қарап, тірі адамдарша бірдемелерді айтады. Ара-тұра маңдай тұстарындағы қабырғадағы электронды сағатқа көз салады. Есмұхан биотұлғалардың уақытқа өте мұқият екенін әуел бастан жақсы біледі. Олар токпен қуаттанып болған бойларында бағдарламалары


бойынша жұмыстарына кірісіп кетеді. Сол бағдарламаларын қадағалап жүретін басшылары да бар. Сондықтан оларға ақыл айтып жатудың еш қажеті жоқ. Әрқайсысының


«пешенесіне» алда не жасайтыны анық жазылған.


 


Тек сонымен жұмыс жасайды. Тек қанша дегенмен де күрделі биотехника болғандықтан тірі адамның «пешенелеріне» алдын ала түрлі бағдарламаларды жазып


қойғандарын сезіне бермепйді. Бойларындағы ток мол болса, тоқ адамдай көңілді жүреді. Бейнебір, осы өмірде мәңгі жүретін биотехникғалар сияқты. Бір-біріне әзіл сөз айтып,


иықтарын селк-селк еткізіп күлетіндерін қайтесің. «Ұлы Жаратушының алдында тірі адамдар – өзімізде осылардай пендеміз-ау, - деп бір ойлап қойды Есмұхан ішінен, - ал биотұлғаларға өзіміз Жаратушымыз».


Осыдан соң Есмұхан қайтадан дәлізге шықты. Іштегі биотұлғалардың ток жинау әрекеттеріне кедергі келтіргісі келмеді. Оның үстіне өзінің бұл жүрісі ас аңдыған адамның жүрісіндей көрініп те кетті өзіне. Шадыман болса да әлі жоқ. Есмұхан дәліз бойымен


жылдамдау жүріп сыртқа шықты. Ондағы табиғи көріністер біршама өзгеріп үлгеріпті. Жасанды Күн таяқ бойы көтерілген. Жарық көбейіп, ағаштардың жапырақтарының түстері де сәл өзгерген. Осының алдында ғана мұндағы тірішілік дәл осылай қызбаған еді. Енді барлық тірішілік иелері өзді-өзді әрекеттеріне көшкен. Табиғаттағы құстарға болса да демалыс – қызыл күн деген атымен жоқ. Жүректері қалай тынымсыз соқса, өздері де дәл солай тынымсыз әрекет етеді. Таң қылаң бере аң біткеннің бәрі де азықтарын іздеуге шығады. Айлы түн мен жұлдызды түндерде де тыным таппайтындары бар.


 


Осы табиғат аясы да, оның тірішілік иелері де осы ғаламат қос тау - Емшектаудың астындағы ұңғылап жасалған ортаға сыйып кеткен. Қос Емшектауды әуғарыш кемесінен көрген адам оның астында осындай тамаша табиғи орта бар деп еш ойлмас еді. Ал ғарышкер-геологтар үшін мұның бәрі де үйреншікті көрініс. Жер ғаламшары табиғатын сағынтпайтын тамаша орта. Есмұхан арнайы құрылғылардан жіберіліп тұратын таза ауаны еркін жұтып, алшаң басып келеді. Бүгінгі күн дамалыс күн болғандықтан


асықпайды. Кешке дейін уақыты бар. Әріптестері түнгі ұйқыларынан оянып, тұрып, таңғы жаттығуларын жасап, жуынып-шайнып асханадан таңғы астарын ішкен соң өзі басқарып концерт ұйымдастырады. Ал кім де кім «Бүгінгі демалыс уақытымды өзімше өткіземін» десе де өз еркі. Есмұхан Шадыманның біріші орынбасары болғандықтан қай нәрсеге де үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сол жауапкершілік аптасына бір ғана рет келетін демалыс күні де өзіне маза бермейді.


Есмұхан осындай-осындай ойлармен біршама серуендеген соң Шадыманды оятуға бекінді. Оның оянатындай уақыты да әлдеқашан болған. Оың Шадыман қанша шаршаса да демалыс күндері төсегінде күнұзақ жатпайтын. Осындай уақытта ол аллея бойында немесе көл жағасында серуендеп жүретін. Бүгін көрінер емес. Есмұхан Ғарышкерлер үйіне кіріп, Шадыманның пәтерінің есігінің жоғарғы оң тұсындағы қоңырауды іске қосатын түймені оң қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқыды. Іш жақтан Бұлбұл құстың сайраған дауысын салатын қоңыраудың үні естілді. Бірақ жауап болмады. «Шадыман қатты шаршаған екен-ау. Бұлбұлдай сайраған есік қоңырауының дауысын да еститін емес», - деп бір ойлады. Содан қоңырау түймесін екінші рет нұқыған. Тағы да жауап болмады. Тап бір пәтердің жатын бөлмесінде ешкім жоқтай. Есмұхан сонда да тың тыңдап біраз тұрды.


Ешетме шықпаған соң жылдам басып өзінің пәтеріне келді. Бөлмесінде Шадыманмен байланысатын бейнебайланыс құралы бар. Сол қолының сұқ саусағымен соның қажетті түймесін басып қоңырау шалды. Оған да жауап болмады. Содан Есмұхан басқа бір мәнерге көшкен. Ол аса қажет жағдайда қолданатын бейнбайланыс құралы еді. Соны қосты. Қарсы алдындағы шағын экраннан Шадыманның жатын бөлмесінің іші, жатын төсегі, отырып демалатын диваны, жазу үстелі, сетереотеледидар, бейнетелефон, тағы басқадай заттары айнадан қарағандай ап-анық көрінді. Шадыманның өзі жоқ. Жатын төсегі тап-тұйнақтай жиналған. Шадыманның түнеп шыққаны аңғарылады. Тек әрі қарай не болғаны белгісіз. Есмұхан аң-таң. Бөлмесінің ішін экран арқылы бірнеше рет қарап шықты. Шынымен-ақ жоқ. Оның сыртта да, асханада да болмағаны өзіне белгілі. Енді іздейтін бір ғана жер бар. Ол Емшектау астынан сыртқа жаяу шығатын құбыр жол.


Есмұхан бейнетелефонды да, Шадыманның бөлмесін тікелей көрсететін көрсеткіш экранды да тез сөндіріп, жылдам басып ділізге шықты. Онда әлі ешкім жоқ. Жасанды Күн тал бойы жоғары көтеріліп қалса да, ғарышкер-геологтар түн ұйқыларынан әлі тұра қоймапты. Оны Есмұхан бірден түсінді. Ғарышкер-геолгогтардың демаслы күні түн


ұйқыларынан осылай асықпай тұратындары бір бұл емес. Солай бола тұрса да, Шадыманның ізім-ғайым болғаны Есмұханның бойында үрей тудырды. Қатты сасқаны сондай, қалай қара жүрерін де, қайда барып, кімнен ақыл сұрауды да білмеді. Өзі


өзгеден емес, өзгелер өақыл сұрауға тиісті басшы ретінде өзінен. Шадыман жоқ болған соң-ақ ендігі бар жауапкершіліктің өзіне ауатыны да түсінікті. Ендігі не шешімді де өзі айтпақ. Сондықтан өзіне абдырап-әбіржуге негіз жоқ. Өзі абдырап тұрса, басқалар не күйге түспек. Осы жағынан келгенде қанша толқыса да Есмұхан өзін мықты ұстауға міндетті. Сәл кідірстен соң аяқтарын жылдам басып, өзінің пәтеріне келді.


Бейнетелефонды іске қосып, Алдиярға қоңырау соқты.


 



  • Қайырлы таң, Алдияр! – деді жасанды Күн көкке көтеріліп қалса да.


 



  • Қайырлы таң, Есмұхан аға! – деп Алдияр жауап қатты.


 



  • Қалай демалдыңыз?


 



  • Жақсы. Алғыстымын. Жатын төсегімнен тұрғаным жаңа. Қатты ұйқтаппын. Ешбір түс те көрмеппін. Шаршағанымнан шығар.

  • Домбыққан бет-әлпетіңізден көрініп тұр, - деді Есмұхан сәл көңілсізденіп, - мына әлі трішілікке қолайсыздау Шолпан ғаламшарының аптабы қалай қажытпасын. Бәріміз де солай.

  • Иә, аға? – деді осыдан соң екі көзінің екі жиегін екәі қолының сұқ саусақтарымен жас балаша жеңіл уқалап-уқалап қойып, - біз шаршамайтын күн бар ма? Күн демалыс болған осң асықпай тұрғаным ғой.


-Дұрыс, дұрыс. Оған сізді ешкім де сөкпек емес. Қайта мен ертерек мазаладым ба?


 



  • Жо-жоқ, Есмұхан аға! Ол не дегеніңіз. Жасанды Күніміз анау, төбе тұсқа таяп қалған.


Ендігі қалған жарты күнде не іс тындырамыз.


 



  • Қалып бара жатқан ештеме жоқ, Алдияр. Барлық ісіміз жоспарлы түрде жүеге асып келеді. Шектеулі табиғат аясы демесек, бәрі де көңілдегідей ғой. Сондықтан әбіржуге еш негіз жоқ.

  • Әбіржитін демекші, өзіңіздің де реңіңіз солғын, көңіл-күйіңіз де әдеттегіден төмен. Жай ма, аға? – деп Алдияр бір жайсыздықты ішінен сезгендей экранға жақындай түсті.

  • Экрандағы түрлі түсті көріністің анық көрінетіні сондай, ондағы адамнің бет-жүзінен қарсы отырғандағыдай көп нәрсені байқауға болатын еді.

  • Дұрыс аңғардың, Алдияр, - деді Есмұхан енді күрсініп салып, кідіріп қалды. Бірақ бұл кідірісті Алдияр Шадыманға байланысты деп ойламай:

  • Шадыман аға оянды ма екен, түнгі ұқйчсынан? – деп сұрағанда Есмұхан:


 



  • Ол кісіні мен таң атқалы таппай жүрмін, - деп көңілсіз жауап берді. Таппағаныңыз қалай? – деді Алдияр әлі де ештемеге мән бермей.

  • Шадыман пәтерінде де, асханада да, алаңда да жоқ болып шықты.


 



  • Онысы қалай? – алдиярдың жүрегі зырқ етті.


 



  • Оның себебін өзім де білмей тұрмын. Бақылау бейнекамералары ол кісінің мына тау асты қалашығымыздан сыртқа жаяуларға арналаған жолмен шығып кеткен.

  • Ол қалай болғаны, Есмұхан аға?


 



  • Онысын өзім де түсінбей тұрмын, - деді Есмұхан.


 



  • Ол кісі не себепті Емшектау асты қалашығымыздан сыртқа кеткен? – деді Алдияр сасқалақтаған жас балаша сұрақ қойып.

  • Онысы әзірге бәрімізге де жұмбақ.


 



  • Енді не істейміз, Есмұхан аға? Ғарышкер-геологтарды көтереміз бе? Олардың тұнгі ұйқыларыннан оянатын уақыттары да болды емеспе?

  • Жоқ, олар демала тұрсын, - деді Есмұхан тағы да күрсініп салып, - кішкене өз өзімізге келіп алайқшы.

  • Уақыт кетіп барады ғой, Есмұхан аға? – деді Алдияр дегбірсізденіп.


 



  • Мұның дұрыс.


 


Есмұхан осы сөзінен кейін бейнеэкран алдында бір сәтке үнсіз отырып қылды.


Бейнетелефонның жұмыс істеген дыбысы ғана естіліп тұр енді бөлмесінде. Екеуінен басқа ғарышкер-геологтар болса да бұл жағдайдан әзірге мүлдем бейхабар. Егер «Шұғыл жағдай!» дабылын берсе, мына дәліздің бойы әп-сәтте әріптестеріне толмақ. Есмұхан ол жағын да ойлаған. Өзі дұрыс демала алмаса да, әріптестерінің демалыс күні осылай тып- тыныш демалғандарын қалайды ішінен Есмұхан. Алдияр өзінің ең жақын көмекшілерінің бірі болғандықтан оған бейнетефон қоңырауын соғып, кеңесіп отыр. Бірақ бұл істі өзгелерден жасырып, уақыт жоғалтудың реті де жоқ-ты. Осы шешімге келген Есмұхан енді Алдиярдың тез киініп, өзінің пәтеріне келуін өтінді. Екеу болып ақылдасқан іс оңды болмақ.


Есмұхан Алдияр келісімен асханаға баруды ұсынды. Екеуі солай қарай асыққан.


Жеткен бойда Есмұхан ондағы арнайы хабарлағыш құралдан ғарышкер-геологтардың ұйқыларынан тұріп, таңғы дене жаттығуларын жасап, жуынып-шайынып болған соң асханаға келулерін өтінді. Олар да Есмұханның толқулы дауысынан келеңсіз бір жағдайдың болғанын сезген. Қанша дегенмен де Шолпан ғаламшары Жер ғаламшары емес, бөлен әлем. Сондықтан кез келген сәтте түрлі жағдайлардың орын алуы әбден мүұмкін. Сондықтан да әрбір ғарышкер-геолог пәтерлеріндегі дыбыс күшейткішке қашан да құлақ түріп жүреді. Есмұхан мен Алдияр мән-жайды бірден айтқан жоқ. Ғарышкер- геологтардың мейлінше тез келгендерін қалады. Ара-тұра олардың қозғалыстарын көрсткіш экран арқылы бақылап та қойды. Ғарышкер-геологтар ширақ қозғалған.


Бірақ олардың ешқайсысының ойына Шадыманның жоқ екені келмеген. Ондай ойда екендерін Есмұхан мен Алдияр сезген. Қашан таңғы астарын жайбарақат ішіп болғанша ол жөнінде ештеме айтпай қоя тұруды жөн санаған. Ғарыш-геологтар асханаға әдеттегілерінен тез жетті. Өзді өзді үстел-дастархандарының жандарындағы


орындықтарға отырып, әдеттегілерінше көңілді әңгіме-әзілмен таңғы астарын ішті. Асханадағы аспазшы биотұлғалар әдеттегілерінше зыр ж.үгіріп, олардың сұраған дәмдерін әкеліп беруде. Есмұхан мен Алдияр әлі де іштерін тынуда. Бір қызығы, ғарышкер-геологтардың ешқайсысы да «Шадыман қайда?» деп сұраған жоқ. Басшы болған соң тексергендей болмайық дегендері шығар.


Тағңғы астан соң ғарыш-геологтар қол шайып, дәлізге шығып бой жазған.. Одан соң олар аллея бойымен жүріп, көл жағалап, құстардың әдемі әуендерін тыңдап,


ұйымдастырылған концертті тамашалауға барулары тиісті еді. Бірақ жағдай күрт өзгерді. Есмұхан арнайы хабар таратқыш құралға барып, асхана мен дәліздердегі дыбыс күшейткіштер арқылы мынандай суыт хабар жариялады:



  • Құрметті әріптестер! – деді ол толқулы үнмен, - бес минутқа жедел хабар айтылатын арнаы бөлмеге кіурулеріңізді өтінемін!


Дәлізде жүрген ғашыкер-геологтар мұны естісімен елеңдесіп, бір-бірімен дабыр- дұбыр сөйлесіп кетті. Өзара бірдемелерді айтады. Кейбіреуі бір жайсыз жаңалықтың


 


айтылатынын іштей сезетін де сияқты. Бірақ көбісінің ойына Шадыман түскен жоқ-ты. Тек Елтай ғана айнала-төңіректе дабырласып сөйлесіп тұрғандарға бұрыла қарап:



  • Әріптестер, басшымыз Шадыман қайда? – деп қалды.


 



  • Расында да ол ксі қайда?


 



  • Әңімеге берілеміз деп, тіпті, башсымыздың қайда екенін сұрамаппыз да ғой!


 



  • Мен ол кісіні «Әлі демалып жатқан болар» деп ойлаған едім.


 



  • Мүмкін суыт хабар ол кісі жөнінде емес шығар? Ол кісі өзінің пәтерінде болар?


 



  • Не хабар болса да қазір Есмұхан айтады ғой.


 



  • Әйтеуірі жақсы хабар болса екен.


 



  • Тезірек бөлмеге жиналайық, әріптестер! –


 


деген сөздер сөздер мен бір-біріне кереғар сөздер айтылып та үлгерген. Не айтқанда да, ғарышкер-геологтар не хабар екенін нақты біле алмады. Есмұхан мен Алдияр да әзірге ешкімге тіс жармаған. Жайсыз хабарды айтқылары да келмейтін сияқты. Екеуі тек анда-санда бір-біріне қарап, жай ғана күбірлеп бірдемелерді айтып қояды.


Күтпеген жерден жедел айтылғалы тұрған хабарды естуге ғарышкер-геологтар тез жиналды. Екі көздері Есмұхан мен Алдиярда. Есмұхан сәлден соң тағы да толқи сөйледі.



  • Құрметті әрптестер! Біз бүгін үш ұйқтасақ ойымызға келмейтін клеңсіз жағдайға тап болдық! Өзіміздің басшымыз Шадыман таң атқалы не пәтерінде, не асхана, не алаңда жоқ!


Мұны естігенде бөлмедегі жұмсақ орындықтарда отырған ғарышкер-геологтар онан сайын дабырласып, қозғалақтап кетті. Кейбіреулер отырған орнынан тұрып та кеткен.


Ондайлағра Есмұхан қайта отыруын өтінді. Сонда да олардың бірі:


 



  • Енді басшымыз жоғалса, онда не болдық! – деп сөзін айтып үлгерді.


 



  • Құрметті әрптестер, - деп жалғады сөзін Есмұхан отырғандар тыныштала бергенде, - біз әрі ғарышкер әрі геологтар емеспіз бе? Ер жүрек азаматтармыз қай-қайысымыз да.


Ондай болмасақ мұндай алыс сапарға аттанар ма едік. Сондықтан да арамызда су жүректер жоқ деп ойлаймын. Енді болған жағдайды қысқаша айтайын. Мен бүгін ерте тұрғанмын. Содан соң аллея мен көл жағасында серуендедім. Сөйтіп асханаға бардым. Әдетте жүретін Шадыман онда да көрінбеді. Содан соң пәтеріме келіп, оған бейнетелефон қоңырауын соқтым. Жауап болмады. Одан соң аса қажет жағдайда қолданатын көрсеткіш экран арқылы Шадыманның пәтерін, демалыс,. Жатын бөлмесін шолдым. Шадыман жоқ. Содан Алдиярға бейнетелефон қоңырауын соққанмын. Бұл екеуміздің пікірімізше, Шадыман Емшектаудан жаяулар шығатын жолмен сыртқа кеткен.


Оны Алдияр екеуміз байнекамералар түсірілімдерінен көрдік. Сіздерге таңғы астарыңызды ішіп болғанша айтпауды жөн санадық. Бейнбайланыс құралдарының


Емшектаудан жүз шақырыға дейінгі айнала-төңіректі көрсете алатыны өздеріңізге жақсы белгілі. Бірақ одан әзірге Шадыман көзге түспей тұр. Сондықтан енді ол кісіні іздеуге әуе- ғарыш кемесімен аттанамыз. Әрбір топ өз кемелеріне мінеді. Сұрақтарыңыз бар ма?


 


Ғарышкер-геолгогтар бір сәтке үнсіз қалған. Бөлме ішінде ұшып жүрген Шыбын ызыңы естілердей тыныштық. Шолпан қыздан кейін болып отырған бұл жұмбақ оқиға отырғандардың қай қасысын да ойлантқан. Қанша батыл, қанша батыр болса да Шолпан ғаламшарының мынандай елсіз даласында пәлендей ерлік жасаймын деудің өзі де қиын. Бір жоғалған адамды іздеп таппай жүріп, екінші адамның жоғалғаны ғарышкер- геологтардың ешбіріне жеңіл соқпады. Ешкім сөйлер алар емес. Осыны түсінген Алдияр сәлден соң мінберге көтерілген.



  • Құрметті әріптестер, - деді ол сәл батылдау сөйлеп, - уақыт жылдам қашан да. Таң атқаннан бері көп уақыт өтіп те кетті. Сондықтан қозғалайық. Жүздеріңізден қатты толқуларыңызды көріп тұрмын. Ешқайсысымызға да жеңіл соғып тұрған жоқ бұл күтпеген келеңсіз оқиға. Дегенмен де жаңа Есмұхан аға айтқандай, біз ғарышкерміз, геологтармыз. Сондықтан батылмыз. «Үмітсіз – Шайтан» деген мақал белгілі. Үмітсіз болмайық,


әріптестер! Шолпан қызымызды, басшымыз Шадыманды тапай Жерге, елге оралмайық! Осы сертімізге берік болайық, әріптестер! Мен іздеу сапарымызға сәттілік пен жеміс тілеймін!


Алдиярдың бұл сөзі отырғандарға жігер берді. Олардың арасынан: «Сертімізге берік болайық!» деген сөздер естілді. Ол сөздерді қолдағандары жұдырығы жұмылған оң қолдарын көтерді. Ғарышкер-геологтардың бәрі де ендігі іздеу сапарының


алдыңғыдағыдан әлдеқайда күрделі болатынын іштей сезіп те отыр. Қысқа мәжәліс


аяқталды. Ғарышкер-геологтар отырған орындарынан дүркірей көтеріліп, дәлізге қарай ағылды. Соның артынша Емшектаудың астындағы осы қалашықтағы барлық автоматты- компьютерлі жүйелер іске қоыслды, небір түрлі түсті шамдар жыпылық қақты, абылдар беріліп жатты. Осылайша Емшектау астындағы қалашықтың тұрғындарының әбіржуі басталған. Әуе-ғарыш кемелері ұшуға дайындалатын орындар мен ұшып шығатын дәліздерде техника биотұлғалардың қозғалыстары да жиілеген. Мұндай кезде әуе-ғарыш кемелерінің жедел ұшып шығуларына жағдай жасайтын күрделі жүйелер де іске


қоыслады. Ол жүйелер арқылы шығар дәліздердегі температуралар реттеледі.


 


Ғарыш-геологтар да ширақ қозғалған. Олар үстеріне арнайы комбинезондарын, бастарына шлемдерін киіп, өзді өзді әуе-ғарыш кемелеріне отырған. Ендігі басшылық міндеті Есмұханда. Бәрі де соның нұсқауын тыңдайды. Қарапаймдылық қанша сақталса да, топқа бір адамның басшылық жасау қажет. Бұл қоғам заңы. Өйтеген күнде жасаған қандай іс те өз нәтижесін бермейді. Соны түсінген ғарышкер-геологтар Есмұхан айтқанды бұлжытпай орындауға тырысады. Бейнабайланысты бір сәтке де үзбейді. Шамалыдан соң ғарышкер-геологтар мен мамандар мінген әуе-ғарыш кемелері алдарынан айқара ашыла берген үлкен қақпа арқылы сыртқа қарай үй Қарлығаштарындай бірінен соң бірі сыртқа қарай қалықтай ұшып шыға берді.





Пікір жазу