24.02.2022
  169


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Аңғардағы арпалыс

 


Шадыман түнгі ұйқысынан түс көріп оянған. Көзі ұйқыға ілінсе болды, тап бір өңіндегідей түстер баурап алатын болған. Ол түстерінде негізінен көретіні Шолпан қыз. Күндіз ол қыз жайлы ойламаса да солай. Түсінде осы Емшектаудың жанына келеді.


Өзімен кездеседі. Айтқан сөздері де анық есінде қалады. Ал осы түнде көрген түсінде Шолпан қыз тіпті, іштегі су бассейнінің жиегінде кездескен. Таң мезгілі болса керек.


Шолпан қыз тап бір су перілері сияқты бассейін суынан шыға келгендей көрінген.


Шадыман оның оң қолымен оң қолынан шап беріп ұстай алып жағаға шығарған. Қыздың киімдері болса да су. Тұла бойы дір-дір етеді. Шадыман оны дереу су бассейіні жағасындағы арнайы дене жылытқыш шам бар орынға жеткізген. Алғашында бота көздері өзіне қадалып, ауызындағы ақ маржандай тістері тістеріне тимей, сөйлеуге де мұршасы келмеген. Тек сәлден соң ғана есіне келе бастаған.



  • Сен қайда болдың, Шолпан қыз? – деген өзі сол кезде оған әбіржи қарап.


 



  • Мен, алыста болдым, өте алыста, Шадыман аға! Сіздер мені іздедіңіздер ме? - деген Шолпан қыз жай ғана сйөлеп.


Неге іздемейміз, Шолпан. Біз сені күнде іздеміз!


 



  • Іздесеңіздер осы кезге дейін неге таба алмадыңыздар мені?


 



  • Таба алмадық. Енді таптым!


 



  • Жоқ, Шадыман аға, сіздер мені әлі тапқан жоқсыздар! Мен де сіздерді таба алған жоқпын!

  • Бізді қалай тапқан жоқсыз, Шолпан? Менің қасымда отырған жоқсың ба?


 



  • Жоқ, Шадыман аға, біз бір бірімізді тапқан жоқпыз. Бір бірімізден әлі алыстамыз. Бірақ мен өзімнің сіздерден қанша жер алыста екенімді айта алмаймын. Мына жарық дүние өте құбылмалы болып тұр маған.

  • Оның шет-жағасын біз де көріп жүрміз, Шолпан, - деп Шадыман қыздың бота көздеріне қадала қараған. – бірақ ол көріністерден сені көргенімізбен жолыға алмадық.

  • Иә, Шадыман аға, сіздер мені телеэкрандағыдай көре алдыңыздар. Оны білемін. Үміттеріңізді үзбеңіздер. Мен ораламын.

  • Қалай ораласың. Жанымда отырған жоқсың ба?


 



  • Жоқ, Шадыман аға. Мен әлі сіздермен бірге емеспін.


 



  • Мына бассейіннің суына қалай түсіп кеттің?


 



  • Мен бассейін суына түскен жоқпын. Мұхит суының бетінде алапат желкенді кемемен жүздім.

  • Жалғыз һөзің бе?


 



  • Жоқ, жанымда Абзал есімді замандас жігіт болды.


 



  • Абзал?


 



  • Иә, Шадыман аға. Мен сол жігітті кезіктіргенмін. Онымен бірге серуендеймін.


 


Шолпанның бұл сөзінен кейін Шадыманның бойын қарамағындағы жас қызға деген қызғаныш сезімі билеген. «Мен сені бейтаныс жігітке бермеймін!» деп, жас қызды өзіне қарай тарта түскен. Сол кезде таң бозарып қалған. Қолдан жасалған Жер ғаламшары табиғаты жағдайындағы ортадағы түрлі тірішілік иелері қозғала бастаған. Енді сәлден соң


ағаш бұтақтарындағы көзге іліге бермейтін Бұлбұл құстар сайрап ала жөнелген. Шадыман айналасына жалтақ-жалтақ қараған. Шолпанның үстіндегі киімдпрінің де кепкенін анық көрген. Шолпаннан тағы да көз жазып қалмауы үшін сол қолымен оның оң қолын


мықтылап ұстап тұрып:


 



  • Шолпан қызым, менімен жүре ғой. Ғарышкер-геологтар үйіне баралық. Олар да сені сағынынуда. Оларға жолыққаннан кейін асханадан асі ішесің, содан соң өзіңнің жатын


пәтеріңе барып демаласың. Қалпыңа келесің. Жүре ғой. Әйтпесе, біз сеннен тағы да көз жазып қаламыз, - деген.



  • Мен де сіздерді сағындым, - деп Шолпан бірге жүргендей болып еді, электронды сағаттың сыңғыр еткен дыбысы ұйқыдан оятып жіберген.


Жаңағы түсінде көргендерінің бірі де жоқ. Жатын бөлмеде, төсігінің үстінде жалғыз жатыр. Басын жұмсақ жастықтан көтеріп, төсек үстіне отырып, ойға батты. Көңіл-күйі төмен түсіп кеткен. Мұндай көңілсіз сәттері әдетте Шолпан ғаламшары аймақтарын бұрғы қондырғылармен бұрғылап әрі Шолпан қызды іздеп таба алмай келген кешкі мезгілдерде болуыш еді. Ал мына көңілсідік сезімі енді тіпті, тұрып, бой жазуына да мүмкіндік бермейтіндей. Отырған төсегінен әрең тұрды. Үлкен терезенің қазақы ою-өрнекті пердесін сырып ашатын жүйені іске қосатын түймені нұқыды оң қолының сұқ саусағымен.


Таң атып келеді екен. Жасанды ортадағы шағын табиғаттың бар көрінісі көз алдында. Аллея, бассейін, оның төңірегіндегі түрлі ағаштар, отырып демалатын ағаш орындықтар


 


мен тағы басқалар адам баласы тірішілігінің көрінісін айқындап тұр. Осы жаңа ғана түсінде бассейін жағасындағы дене жылытқыш шам бар орындағы ағаш орындықта Шолпан қыз екеуі тап бір осы өңіндегідей әңгімелесіп отырған еді. Тіпті, сол қолымен оның оң қолын да ұстаған. Егер осы өңінде болғанда, оны бір сәтке де ешқайда жібермес еді. Өкінішке орай түсінде болды бәрі де.


Шадыман жаймен сырт киімін киіп, есігін де жаймен ашып, сыртқа шықты. Аллеяға түсіп, түсінде Шолпан қыз екеуі қатар отырған ағаш орындықтың жанына келді. Бүгін күн жексенбі, демалыс болғандықтан әрптестерінің бәрі де түнгі ұйқыларынан ояна қойған жоқ еді. Шаршап-шалдығып жүріп жеткен демалыс күндерінде тып-тыныш демалғандарын да қалады Шадыман. Ал басшы қашан да ұйқыдан сергек болуы керек. Тек Шолпан ғаламшарын ғылыми зерттеу ғана ма еді, түн ұйқысын төрт бөлетін, енді оған қапелімде көз жазып қалған Шолпан қыз да қосылған. Ғаламшардың қай аймағындағы тегісті бұрғы қондырғылармен бұрғылауға барса да әуелі ШОлпанның ізін іздейді, қалай да тауып алуды көздейді. Бірақ, өкінішке орай, әзірге еш нәтиже жоқ. Қарамағындағы зерек қыз тек түсіне ене береді. Түндегі түсіндегідей кездеседі, тілдеседі, мұңын шағады, арманын айтады, өздерін сағынғанын білдіреді. Осының бәрі де Шадыманға жеңіл тимеген.


Шадыман осының бәрін ой елегінен өткізіп, онан сайын көңілсіденді. Жер-дүниеге сыймай кететін де түрі бар. Ағаш орындықтан ширақ тұрып, түсінде өзі тартып шығарып алған бассейін суына келіп, еңкейін салқын сумен бет-әлпетін шайды. Түсіндегі Шолпан қызды тағы да көз алдына елестетті. Одан басқа амалы да жоқ. Айнала тып-тыныш.


Шағын табиғат аясы әдеттегі таң мезгіліндегідей мүлгіп тұр. Анда-санда сайраған Бұлбұл құс пен тағы басқа да құстардың сайраған жағымды дауыстары құлаққа жетеді. Сонда да Шадыманның көңіл-күйі онша көтеріле қоймаған.


Осы тұста ол адам баласының көңіл-күйінің көтерілуінің тек тамаша табиғат көріністері мен құстардың тамаша дауыстарына байланысты емес екенін түсінщді. Егер тек соған байланысты болатын болса, дәл қазір Шадыман да шаттанып кеткен болар ма еді. Енді таң мезгілінде тамаша сайрайтын Бұлбұл екеш Бұлбұл құстың сайрағаны да көңіл-күйін көтерер емес. Шадыманға енді керісінше, бар табиғат сүреңсізденіп, Бұлбұл құстардың дауытары да жағымсыданып кеткендей. Мына ортадағының бәрі де суық тартақандай.


Сәлден соң Шадыман ойына әлдене түсе кеткендей Ғарышкерлер үйіне қарады. Содан соң жылдам басып өзінің пәтеріне келіп, ондағы асханада автоматты аспазшыға тапсырыс беріп, таңғы астан аздап алды, бір шыны көфе ішті.. А Үлкен асханаға барғысы келмеген. Сөйтіп, үстіне оттегі баллондар бекітілген жеңіл комбинезонын, басына шлемін киіп, пәтерінен қайта шығып, Емшектаудан сыртқа жаяу шығатын жолға түскен. Шығар қақпаға жеткен соң оның дәлізіндегі екі есіктің аралығындағы шағын шыны үйшіктің ішіне еніп, үстел үстіндегі шағын тақтадан салқын ауаны жылытатын жүйені іске қосатын түйемні оң қолының сұқ саусағымен нұқыды. Артынша ысылдаған дыбыс шығып,


қабырғалардан бу шықты. Ол бу бірте-бірте қоюланып, іште ештеме көзге


шалынбайтындай күй орнады. Егер өзі шыны үйшіктің ішінде болмағанда қалай қарай жүрерін де білмей қалған болар еді. Алдындағы алты қырлы эңраннан іштегі барлық жағдай анық көрсетіліп тұр. Барлық жағдай қалыпты. Шадыман енді осы дәліздегі темпераураның Цельсий бағамымен алпыс градусқа дейін көтерілун күтті. Сол кезде қарсы алдындағы қақпа автоматты түрде ашылмақ.


Іштің булануы көпке созылмады. Қанша дегенмен де бұл бұрғы қондырғы кемелер шығатын құбыр жол емес. Экранның жоғарғы тұсындағы термометрдің қызыл сұйығы


 


көтеріле-көтеріле қажетті температураға жетті, атмосфералық қысым Шолпан ғаламшарының атмосфералық қысымымен теңесті. Шадыман сол замат басындағы шлемінің алғы шынысын жапты. Комбинезонының арқасына бекітілген оттегі баллондарынан шлемге оттегі келетін түтіктердің жайын тексерді. Соның артынша алдындағы қақпа да жайымен айқара ашыла берді. Қанша ысытылса да есіктердің саңылау-саңылауларында қалып қойған ылғал сырттан қарсы келген ыстықтан буланып ала жөнелді. Бірақ ондай көрініс үйреншікті болғандықтан Шадыман оған аса мән бере қоймады. Іштейгі басты мақсаты осы Емшектаудың төңірегін жаяу бір шарлап көрмек-ті. Сол мақсатымен бүгінгі демалыста әріптестерін мазалмай бір өзі шықты.


Осы қос тауға Емшектау деген атты өзі қойған соң оның қыз емшегіне қаншалықты ұқсас екендігіне үнемі көңіл бөледі. Әріптестеріне өзінің ойының дұрыстығын дәлелдей түсу үшін бұл қос тауды неше рет анықтап сіуретке де түсірген. Таулар ешбір күмәнсіз қыздың қос емшегіне ұқсайды. Қос таудың төбесіндегі қарайған ұштары да қыз емшегінің қарайған ұштарындай. Тек ғаламат үлкен! Қос тауды анықтап көру үшін талай жерге алыстап барып қарау керек. Әуе-ғарыш кемесімен Шолпан аспанына ұшып шығып, кеменің дөңгелек терезелерінен қараса, тіпті де ғажап! Шадыман осында келгелі бұл ғажайып табиғи алапат мүсінге тәнті. «Сонда, дана қазақ халқымыз осы Шолпан ғаламшарынан қыз бейнесін сонау Жерден, елден көре білген бе?» деген де ой келеді кейде Шадыманға.


Кейде балалығы ұстағандай осы қос таудың бел-беліне, жартас-жартасына жаяу шығуды да армандап қояды іштей. Бірақ енді оға уақыты қайда, күш-қуаты қайда. Осы қос Емшектаудың астындағы ұңғы іші толығымен тап Жердегі сияқты табиғат аясына айналдырылған. Онда шағын тау да, тас та, көл де бар. Сондықта да өзі де, басқалар да бұл таудың басына жайу шығуды аса қалай бермейді. Ғылыми зерттеу жұмыстарын


аяқтаған соң сол ортада болады үнемі. Ал түн тыныштығында Шолпан қызды түсінде көрген соң Шадыман жер-дүниеге сыймағандай күй кешіп, «Бәлкім, мен оны осы қос Емшектаудың төңірегінен кездестіріп қалармын» деген үмітпен осылай қарай шығып кеткен. Енді Шадыманға Шолпан қызды алыстан болса да бір көріп қалудың өзі де бір арман. Сол арманы енді бойына ерен батылдық сезімін сіңірген.


Шадыман алға қарай жүре түсті. Айнала дүние әлемі енді өзіне еш қызықсыз, еш әсерсіздей. Тек топ басшысы болған осң өзін орташа көңіл-күйде ұстауға, ешкімге білдірмеуге тырысады. Өйткені, өзінің жасаған әрбір ісі қарамағындағыларға үлгі болуы тиісті. Қатты қуанғанын да, қатты ренжігенін де білдірмейді қарамағындағыларына. Басыш ретінде оларды қашан да жақсы нәрсеге қарай жетелейді. Осы уақыттың ішінде талай оқиғалар да болып өткен. Жер тәуілігімен есептегенде екі күннің бірінде түрлі жағдайлар болып жатады. Ғалымдар мен мамандардың бірі алпыс градус ыстық аптапта су іздей беруден жалықса, екінші бірі әлденеден қорыққандай Жерге қайтуды жиі еске салады. Ал Шолпан қыз жоғалғалы ондай үрейлі сөздер тіпті де жиілеп кеткен. Демалыс күндерінің жиі жариялануының басты бір себебі де содан-ды.


Ал Жерден осында алғаш келген кездері демлаыс күн дегенді білмеген ешқайсысы.


Ол кезде Шолпан ғаламшарының аптапты ыстығы да, желі мен нөсерлі найзағайын да тыңдамай зерттеу жүргізетін түрлі аймаққа. Ешқайсысы да осындай күтпеген өкінішті оқиғаны бастан кешеміз деп ойламаған. Енді бәрі де өз жұмыстарына мұқият. Сырт жағдайлардан өте сақ. Шадыман Емшектауға өздерінен бұрын келген құрылысшылар жасаған тепкешектермен өрлей бере осының бәрін де ой елегінен өткізіп үлгерді. Егер осы тау Жерде болса, онда үстіне комбинезон, басына шлем кимес еді. Шадыман шамалы көтерілгеннен кейін Жердегі, елдегі дәл осыған ұқсас тепкешекпен тауға


 


шыққанын есіне алды. Ол тепкешектер адамды тауға алып шығатын техникалардың жоқтығынан емес, адам баласының жаяу шығып, серуен жасауына мүмкіндік тудыру үшін жасалған-ды. Ал мына тепкешектер ғылыми зерттеулер үшін, кейде осылай көтеріліп, айнала-төңіректі бақылап-барлау                                                                  үшін жасалған-ды.


Шадыман мыңға жуық тепкешекті басып көтерілген кезде оттегілі комбинезоны болса да кәдімгідей алқынып та қалды. Шыны шлемінің маңдайы тұсындағы термометрдің


қызыл түсті сұйығы да жиырма бес градустан жоғарылап қалған. Маңдайнан шып-шып тер де шыға бастаған. Енді емін-еркін келіп тұрған оттегі де көмек берер емес. Айнала-төңірегі де көздеріне біресе қызғылттанғандай, біресе сарғыштанғандай болып көрінеді. Шадыман ондай көріністерден қанша ер, қанша батыр болса да секем алмай қалмайды. Ондай сәтте аяқтары тепкешектің бірінен мүлт кетсе, төмен қарай домалай жөнелмек. Сол үшін де тепкешектердің тұла бойына ұстағыш темір жасалған. Шадыман оң қолымен содн ұстіп, сырғыта жылжытып, аяқтарымен тепкешектерді жайымен басып, жоғары қарай көтеріліп келеді. Биіктеген сайын тұла бойы комбинезонның ішінде, он сегіз градус


жылылықта болса да сырттағы аптапты ыстықты сезе түседі.


 


Сонда да кейін қарай түсер ойы жоқ. Қайта тау басына жақындаған сайын бір жігерлі үміт өзін ілгері қарай тарта түскендей болады. Таудың адамды осылай елдіріп әкете беретін құпия құдіретті қасиетін Шадыман іуел бастан біледі. Жастайынан тау құмар болатын. Сол қызығушылық өзін ғарышкер-геолог мамандығына алып келген. Енді Күн жүйесіндегі осы ғажайып Шолпан ғаламшарын зерттеуге де келді. Тек осы Шолпан ғаламшарын зерттеп жүріп, құрамдағы зерек Шолпан қызды жоғалтып алғаны өкінішті. Бұл таудың басына серуен үішн емес, биіктен айнала-төңіректен Шолпан қызды көзбен барлай іздеу үшін шығып келеді. Шолпан қызды тапса, Жерге, елге армансыз оралмақ.


Сол үміт өзінің үлкен жігеріне жігер қосады. Тау басынан да, жел мен аптапты ыстықтан да қорқар жайы жоқ. Тек ілгері, ілгері қарай басып, көтеріліп келеді. Сөйтіп, таудың бір беліне де шықты-ау! Көз алдында жас қыздың қос анарындай болып


Емшектеу тұр. Оның қолмен құйып жасағндай екендігі сондай, қос Емшектау демеуге де негіз жоқ сяиқты. Шадыман осыған да іштей риза. Енді бел дегі жалпақ тас үстінде тұрып, айнала-төңірекке көз жіберген.Төменнен үлкен аңғарды көрді. «Шолпан қызды сол аңғар ішінен іздеп көрсем қайтеді?» деген ой келді басына.


Сол ойымен төмен қарай түсті. Етегіне жеткен соң сол үлкен аңғарға қарай жүрді. Ол бір заманда суы арқырап-күркіреп ағып жатқан өзен суының құрғап қалған аңғары. Жаңа биікте тұрғанда осы аңғарда өзен суы күркірей ағып жатқандай елес берген көзіне.


Шадыман: «Осы аңғарда бір тамшы су қалса ғой» деп бір ойлап қойды.. Аңғардың жиегінің биік жарқабақты жеріне жеткен соң жан-жағын барлап біраз тұрды. Шадыманға мұндай аңғар тансық емес. Бұл ғаламшардағы алапат өзен аңғарын кіім білмейді.


Сәлден соң аңғардың бір жайпауыт жерін тауып, ішіне түспек болды. Сөйтіп кейін қарай бұрыла бергенде, тұрған жарқабақ кенеттен опырылып кетіп, өзі аңғар ішіне қарай домалап ала жөнелді. Аяқтарын тірейтін, иә болмаса, екі қолымен қармап ұстайтын бір кертік тас, иә ағаш тамыры болсайшы. Оның үстіне киген комбинезоны да еркін қозғалуын шектеген. Шадыманның басы айналды. Дүние-елмі бейнебір айналып- төңкеріліп барады. Оған Шолпан ғаламшарының атмосфералық қысымы қосылғандай. Егер үстіне киген қорғаныс комбинезоны болмаса, онда өміріне тіпті де қауіп төнер еді. Жақсы болғанда, арқа-беліндегі қос оттегі баллондарына да зақым келмеген.


Домалай-домалай келіп, етбетінен жатып қалған. Аңғыр іші тым-тырыс. Не жел, не дыбыс жоқ. Желдің Шолпанның үстінде де мардымсыз соғатыны белгілі. Енді дыбыстың


 


да болмауы бұл әлемде ешбір тірішілік белгісінің жоқтығын байқатқандай. Өзі күтпеген жерден дәл осындай күйге түсемін деп ойлап па. Жаңа ғана үстінен қарағанда аса терең емес сияқтанып көрінген аңғар түбі Шадыманға тап бір зындан тереңіндей де болып кеткен. Аңғар ернеуін жайымен аунап, шалқалап жатқанда байқаған. Ғаламшар


аспанындағы қою ала бұлттар әдеттегісінше жылдам жөңки жылжып барады. Бар дүние сарғыш түске боялғандай көрініс. Мүгіген таулар мен ірі-ірі тастар өзін осындай бір тыныштық дүниесіне тартып әкеткендей. Соны айқындай түскісі келгендей аспандағы


қою ала бұлттар да Күн көзін ашар емес. Мұндай көріністің ешбір адам баласының көңіл- күйін көтермейтіні белгілі.


Шадыман осындай күйге түссе де, қарамағындағы жоғалған Шолпан қыз үшін бұдан да зор қиындықтар мен қатерлерге баратынын ойлап қойды. Шалқалай жатқан бойда ғаламшардың үнсіз, тілсіз бұлттарын қарақ көздерімен асықпай бақылады. Ғаламшар аспанда жылдам жөңкіген бұлттардың бағыттарына қарама-қарсы бағытта айналып бара жатқандай көрінетінінен де сескенбеді. Шолпан қызды жоғалтып алғаннан кейін-ақ бойын осындай ерекше батырлық сезімі билеген-ді. Тірішілік әлемі сұрықсыз тартқандай.


Ғарышкер-геологтарға басшы болудан да бас тарқысы келді. Тек осындай тып-тыныш дүние әлемі де керек сияқты енді өзінің жан-дүниесіне.


Бірақ Шолпан аспанындағы қою ала бұлттар тынышсыз. Олар еш тоқтамай жөңкиді. Араларынан ара-тұра жарқ етіп найзағай оты көзге шалынады. Жаңбыр нөсері сирек. Ал егер осы найзағай Жер ғаламшарының аспанында жарқылдаса, соңынан жаңбыр нөсерлетер еді. Мұнда ол жоқ. Тектымырсық ыстық үстінде комбинезоны болса да бірте- бірте ысытып, буып барады. Сәлден соң тамағы кеуіп, шөлдей бастаған. Жай қозғалып, түрегеп отырып, сол қолымен қынындағы ішінде су бар, микротоңазытқыш жүйелерімен жабдықталған шағын шөлмегін алды. Шолпан ғаламшары жағдайында су су ішудің өзі де бір михнат. Шадыман ыдыстың басындағы кішкене түтікті аузына жақындатты. Сол замат сырт еткен дыбыс шығып, түтік шлем иегінен ашылған кішкене тесік арқылы ауызына жетті. Сырт еткен дыбыс тағы қаталанды. Бұл шлем иегіндегі түтік енген жердің тығыз жабылған дыбсы еді. Салқын суы түтік бойымен көтерілді. Шадыман суыд жаймен сорып ішіп, шамалы болса да әлденіп қалды. Тұла бойы да шираған. Су ішіп болған соң әлгі іс қайтланды. Шөлмекті қайта қынына салды.


Енді алдын ақ тұман шалғандай болған көздері де айнала-төңіректі анық көре бастады. Аңғардың ішіндегі ірілі-ұсақты тастар да «Енді мені анықтап көріп ал» дегендей бадырайтып-бадырайып жатыр. Шадыман енді отырған орнынан тұруға талпынды. Сол кезде сол аяғының тізе тұсы солқ етіп шаншып кетті. Жаңа аңғр жарқабағы кенеттен


опырылып, өзі құлап, төмен қарай домалағанда сол тізесін қандай да бір тасқа қатты соғып алса керек. Комбинезонынң ішікі жағында болған соң онша сезбепті. Енді орннан түрегелуге талпынған кезде ауырып бастаған. Шадыман ауызын сәл ашып, біресе тістеніп, сол аяғының тізесін сол қолының алақанымен жай сипалап біраз отырды. Енді өзінің мына терең аңғар ішінен оңайлықпен қайта шыға алмайтынын іштей сезді.Жаңа ғана көздеріне шығып кетуге оңай сияқтанып көрінген аңғар жарқаақтары бейнебір аспанға шығып кеткендей. Аспандағы қою ала бұлттар да «Ал енді қош бол!» дегендей


жылдам жөңкіп барады. Соның артынша басы тағы да айналғандай, одан соң басы емес, Шолпан ғалмшарының өзі аналып бара жатқандай болды. Қайсысы айналса да


Шадыманға енді оңай соғар емес.


 


Қиналған сайын өмір сүруге деген жанталасы арта түсті. Жай кездерде «Өмір сүргім келмейді» дейтін сөздері жай сөздер болып шықты. Өмір мен өлім арпалысқан кезде адам пенде бірден-ақ өмір жағына шыға келеді екен. Енді дәл қазір тек өзі үшін емес, Шолпан


 


қыз бен әріптестері үшін де күш жинауға тырысты. Кмбинезонының кеудесіндегі кішкентай ғана бейнебайланыс құралын іске қосыты да:



  • Әріптестерім, мен үлкен аңғар ішіне құладым! Сол аяғымнан жарақат алдым! Қайта шыа алмай жатырмын! – деп жай ғана сөйледі.


Сөйтіп, бірнеше минуттар бойы жауап күтіп жатты. Бірақ олардан жауап болмады.


Енді мына меңіреу табиғат аясында бір өзі. Ендігші бір үміті осы Шолпан ғалмшарының батпайтын Күні, атпайтын таңы. Жер тәуілігі есебімен алғанда екі жүз қырық тәуілікке созылатын күні қалай өтсін. Жердегі бұлтты күндей болып тұрады да алады. Сол жағынан келгенде, мына аңғар ішінен сыртқа қайта шығуға қанша уақыт арпалысса да қараңғыға қалмақ емес.


Бірақ Шолпан күні ұзақ олғанымен жата берудің де реті жоқ. Оның үстіне аласапыран болып іздеп жүрген әріптестері бар. Сондықтан уақыт жоғалтпай осы аңғардың жарқабағынан көрінген шағын үңгір ішіне кіріп, салқындау ортада комбинезонының сол балағын жоғары көтеріп, алған жарақатын артқы екі қалтасының біріндегі арнайы сұйқпен жуып, жабысқыш матамен таңуы керек. Ал мына ашық жерде


оны жасау еш мүмкін емес. Алпыс градус ыстық аяғынан өтіп кетпек. Шадыман жай ғана қозғалып, өзі жатқан жерден сәл ғана арыдағы бір жалпақ тастың үстіне шықты. Ол тастың үстінен әлгі қарайған үңгір тіпті анық көрінеді екен. Ол үңгірдің неден, қалай


пайда болғаны өзіне қазір қажет емес. Керегі, оның сырттан салқындау іші. Енді уақыт өткізе берсе, тізесінен қан көп кетіп, одан сайын әлсіремек.


Бойындағы бар күшін жинақтап, сол аяғының тізесінің қатты ауырғанына қарамастан сылтып басып сол үңгірдің аузына да жетті. Адам баласы емін-еркін жүұріп-тұра алатын іші сәл қараңғылау. Егер ғаламшардың аспанын бұлт торламаса, ішкі жағы жарығырақ болмақ. Шадыман алғанышнда үңгір ішіне кіруге батпады. Қанша дегенмен де бұл Жер ғаламшарындағы үңгір емес. Бірақ тағы да шегнуге жол жоқ. Жаймен ене берген.Іші кең, төбе қабырғасы биік екен. Енген бойда жүрген аяқ дыбысы сәл де болса жаңғырығып естілгендей болды өзіне. Ішкі жағы қараңғылана түсті. Шадыман кеудесінің сол


жағындағы қалтасынан шағын қолшамын сол қолына ұстай оның түймесін басты.


Алдыңғы жағы біршама жарықтанды. Шадыман сонда да ілгері қарай жүре түсті. Ондағы ойы: «Тереңі салқынырақ болар» дегені еді. Жоқ, ішіне қарай енген сайын тымырсықтана берген. Кейін бұрылып қарағанда үңгір ауызы тап бір ұзын құбырдың ауызындай кішкене болып көрінді.


Әрі қарай жүрмеді. Сол жерден отырып сол аяғына ем-дом жасайтын жалпақ тас іздеді. Ол да бар екен. Жлпақтау тас үстіне отыра кетті. Ем-дом жасамастан бұрын айнала-төңірегін тағы бір барлап алды қолшамымен. Ештеме жоқ сияқты. Тек әрбір қозғалған дыбысы сәл жаңғырығып естіледі. Бөтен дыбыс жоқ. Сонда да «Шолпан ғаламшарының үлкен бір аңғарындағы үңгір ішінде ештеме болмайды» деп тұжырым жасауға негіз жоқ еді. Жалпақ тас үстінде отырғанымен басын айналдыра қозғап, көздерімен үңгір ішін шолумен болды. Төбе тұсыда ана анарларындағыдай ұштары қарйған емшек тастар көп екен. Соған қарағанда ол емшек тастардан бір кездері су тамшылаған да сияқты. Қолшамының сәулесі түскенде олар жақұттай жылтырайды. Мұндай көріністер Шадыманға тансық еме. Мамандығы геолог болған соң мұндайларды Жердегі үңгірлерде талай рет кездестірген. Тек мына үңгірдегі емшек тастар олардан сәл бөлекшелеу.


Шадыман енді уақыт жоғалпау үшін комбинезонының сол балағының сырмасын ағытып, тізесінен жоғары көтерді. Содан соң қан тоқтатқыш жабысқақ матаны жарақатқа


 


жапсырды. Сол кезде жарақаттың ашуынан дауысы қатты шығып кеткен. Ол өзіне зиян болып тиді. Дауысы үңгір қабырғаларынан жаңғырығып, бірнеше рет қайталанды. Төбе қабырғасының кей жерлерінен ірілі-ұсақты тастар да құлап түсіп үлгерген. Соның артынша үңгірдің терең түп жағында жылтыраған сегіз көз пайда болды. Шадыман сол аяғының ауырғанына қарамастан тез есін жиды. Орнынан ширақ түрып, оң қолына


қынындағы лазерлі тапаншасын алды. Сол кезде әлгі сегіз көзді мақұлық өзіне қарай жақындай берді. Алғашында Шадыман осол қолындағы қорлшамының мардымсыз жарығынан оның не мақұлық екенін ажырата алмаған еді. Енді байқаса, ол шын мәнінде де оттай жанған сегіз көзі бар, тұрпаты Айдаһар жыланға ұқсас мақұлық екен. Тас еденмен жылжығаны да, ысылдағаны да соны еске түсіреді.


Қанша қарулы болса да Шадыман одан қорқайын деді. «Табиғаты енді-енді ғана жанданып келе жатқан Шолпан ғалымшарының үлкен аңғарындағы бір үңгірден осындай құбыжық шыға келеді» деп ойлап па. Қатты айғайлап жіберіп, мына құбыжықты оятып алса да, сол аяғының жарақатын таңып үлгергеніне іштей қуанды. Алғашқыдағысынан ширек қозғалып, кейін шегіне берген. Сегіз көзді мақұлық өзіне жақындап та қалған.


Шадыман енді шыдамады. Оі қолынының саусақтарым ен қыса ұстаған тапаншасынан лазер сәулесін оған қарай бірнеше рет жіберіп, өзі тағы да кейіндей берді. Сегіз көөздің үшеуі жоқ болды. Оның есесіне мақұлықтың өзіне қарай жыолжуы мен ысылдауы күшейе түсті. Шадыман сол аяғының тізесінің әлі де ауыратынына қарамастан шегінісін


жылдамдатты. Мақұлық та қайтар емес. Үңгірдің шығар ауызына жақындағанда оның шын мәнінде де көздері сегіз, денесі жуан әрі ұзын, түрі қорқынышты мақұлықекенін анық көрді.


Шадыман одан қанша қорқып шегініп келе жатса да, тапаншасынан оған қарай тағы да бірнеше рет лазер сәулесін жіберді. Мақұлықтың жан дауысы шықты. Бірақ сегіз көзінің біреуі сөнбепті. Сол бойыман өзін үңгір ішінен шығып кеткенше қуалады. Шадыман үңгірден шыққан бойда кейінгі жағына қарамағандықтан шағын бір қырлы тасқа оң


аяғымен соқтығып, сол қырынан тасты жерге құлап түсті. Сол мезетте мақұлық та жетіп қалған. Шадыман тасты жерде жатса да оң қолындағы тапаншамен мақұлыққа тағы бір лазер сәулесін атты. Бірақ ол сәуле оған тимеді. Енді қшар жер, қорғанар орын қалмады. Онымен арпалысуға тура келмек. Үстінде тысы қалың комбинезоны болмаса, мақұлықтың жалаңдаған отты тілдерінің өзі де денесін күйдіріп жібермек. Мақұлықтың бір метрге дейін ұзаратын отты тілі комбинезонының жылтыр тысына жетіп, тайқып кейін кетіп, ауызына қайта кіріп жатты.


Бірақ, соншама отты көздерінен айырылған мақұлық алғашқысынан біршама әлсіреп те қалды. Сонда да дес бермеуге тарасып бағады. Лазер сәулелері күйдірген көздерінің орындарынан бу бұрқырап, денесі дір-діретсе де қарсыласын жеңіден күдерін үзер емес. Дем жетпегендей арандай ауызын қайта-қайта аша береді. Шадыман тапаншасынан лазер сәулесін үсті-үстіне жібере берді мақұлыққа қарай. Кенет сегіз көзді мақұлықтың басының ұшып келіп, өзінің денесіне сарт етіп қатты тиіп, өзінің тас еденге ұшып түскенін бір-ақ білді.


Құлаған орнынан тез қайта тұруға талпынғанда мақұлық басының аман қалған жағыз көзінің өзіне төне қадалып тұрғанын көрді. Енді оң қолының саусақтарыменқыса ұстаған тапаншасының лазер сәулесін мақұлықтың басына туралауға да мүмкіндігі қалмаған еді. Тағы тез қозғалып, басты қос қолымен қыса ұстады да, жаныдағы жалпақ тасқа қатты бір соқты. Мақұлық кәдімігдей есеңіреп қалған. Бірақ әлі де қайтар емес. Арпалыс жалғаса берді. Мақұлықтың басын сол қос қолдап қыса ұстаған бойы Шадыман оынмен бірге бірнеше рет аунады. Сонда да қолдарын босатпады. Босатса, өзінің де тасқа соғылуы оп-


 


оңай. Мақұлық та өзінің тірішілігінде мұндай күті әрі айлалы тірішілік иесін оңайлықпен жеңе алмайтынын сезетіндей бейберект қозғалақтайды. Шадыман сол бейберекеттігін пайдаланып бның басын қырлы тасқа бірнеше рет соқты. Тек содан соң ғана барып мақұлық әлсірей берді.


Егер мақұлықтың сегіз көзі бірдей лазер сәулелерінен дін аман болғанда, жеңу


қиынға соғатын екен. Бақытына қарай үңгір ішінен сырқа шықпай жатып-ақ мақұлықтың жеті көзі жойылды. Енді оның соңғы, сегізінші көзін жойуы қажет. Оң қолының саусақтарымен қыса ұстаған тапаншасынан лазерсәулесін тағы жіберудің реті келер емес. Бар болғаны мақұлықтың басын қос қолымен қыса ұстаған бойында онымен бірге аунаумен болды. Тек ұтқаны, мақұлықтың күші кете берді. Сырттағы алпыс градустың ыстық ауа да оған қосымша болғандай. Шолпан ғаламшарының аптапты ұзақ күнінде


үңгірдің сонау қараңғы түкпірінде ұйқыда жатып, сыртқа түн мезгілінде ғана шықса керек. Ал оның азығын қайдан табатыны, суды қайдан тауып ішетіні Шадыманға белгісіз еді.


Енді біраздан соң Шадыманның мақұлықтың басын қыса ұстаған қолдары тала бастады. Оған өмірінде алғаш рет көрген, осылай арпалысып жатқан мақұлықтың түр- тұрпаты да тітіркенішті еді. Жанында көмек көрсетер бір жан баласы болмағандықтан, өзін өзі тірі сақтау керек болғандықтан Шадыман бар күш-жігерін салды. Қос қолымен қыса ұстаған құбыжық басымен бірге аунай жүріп, Шадыман үңгір жақ тұстан бұлтиып шығып тұрған тепкешек тасты байқады. Ебін тауып соған жақындауды көздеді. Мақұлық басымен бірге айналып барып бұлтиған тепкешк тасқа жақындай бергенде ішкі жоспарын орындау үшін тез қозғалып, тепкешек тасқа ілікті де, оң қолындағы тапаншадан құбыжыққа қарай тағы бірнеше рет лазер сәулесін ағытты. Тек сол кезде барып қос қолынан боасаған мақұлық басын теңселтіп-теңселтіп барып жалпақ бір тастың үстіне гүрс құады. Басы да сол тасқа соғылған. Тұла бойы дірілдіеп-дірілдеп барып біржолата тынышталды.


Шадыман есі мен күшін тез жиып, «Үңгір ішінен дәл осындай мақұлықтың тағы шыға келмеуіне кім кепіл» деген оймен аңғардан шығуға асықты. Оның жайпақтау келген тұсын тауып, еңбектей тырмысып тегіске к шықты. ОНдағы биіктеу бір тастың ү үстіне отырып, шлемінің ішіндегі микрожелдеткішін іске қосып, терін басты. Өзі жаңға ғана алып


мақұлықпен алысып, оны жеңіп шыққан үңгірге қарады. Мақұлық сол бойда қозғалысыыз жатыр. «Сондай қорқынышты алыпты қалай жеңдім?» деп өз өзіне сұрақ қойды Шадыман.


«Шын жанталасқанда адамның күші еселеніп кетеді» деген сөз рас екен ғой» деп бір түйді ішінен. Оған қолындағы лазерлі тапаншасының көмегінің тигені де рас. Шадыман енді


«Шолпан ғаламшары мүлдем тірішіліксіз» дегенге сенбеді. Мақұлықтың қорқынышты бейнесі де көпке дейін көз алдынан кетпеді. «Тұн ұйөқымда да түсімнен шықпас енді бұл құбыжық" деп те ойлады.


Сөйтіп келген жолына қайта түскен. Өзін шарқ ұрып іздеп жүрген достарын да ойлап қойды. Аңғар ішінде бірнеше сағат бойы болғанын сол қолының білегіне таққан электронды сағатына қарап білді. Емшектауға қарай жүре берді. Аспан сол бұлт жапқан қалпында. Шамалыдан соң қанша коминезонды олса да тымырсық ыстық тұла бойын терлете бастаған. Біраздан соң тіпті де қалжыраған. Бірақ Шолпан ғаламшарының


мынандай иесіз даласында, мынандай тымырсық, құрғағында жата кететін де орын жоқ. Жата кеткен күнде жаңағы сияқты алып бірдеменің ізінен келіп бас салмауына кім кепіл. Осындай ойлармен Шадыман ара-тұра кідріп-кідіріп, ұйқылы-ояу адамдай сәл шайқалақтап жүре берді- жүре берді.


Сол аяғының жарақаты әлі де болса сырқырап ауырып келеді. Сонда да оны тыңдамауға тырысады. Тезірек Емшектаудың астындағы қалашыққа жетуді ойлайды.


 


Бірақ тағы біраз жер жүрген соң тіпті де қалжырады. Әрбір қадамын санап баса бастаған. Сөйтте-сөйте тағы біраз жерді кейінге тастағандай еді. Жоқ, жүрісі өнбеді. Емшектауға жете алар емес. Емшектаудан осылай қарай шыққанда денсаулығы мен


қажырлылығының арқасында ештемені білмеген екен. Енді бар денесі ауыр тартып келеді. Үстіндегі жеңіл деген комбинезонына да салмақ қосылып кеткендей. Бойынан биік бір тастың жанына, оның күңгірт көлеңкесіне жеткенде тұла бойы су болып терлеп, көз алды қарауыта бастады. Шадыман оған да мән бермеуге тырысып, тас қабырғасына сүйене алға қарай жүрмек еді, екі құлағы шыңылдап, алдындағы қызыл-сарғыш түсті әлем ағара берді.





Пікір жазу