24.02.2022
  159


Автор: Абдрахман Асылбек

Ерте оянған ара

Қарға оранып, құрсанып дала жатыр,
Күн жылынбас қаңтарда,
Қара да тұр.
Қос қабатты терезе тесігінен
Шыға келді оянып ара батыр.
Үйдің іші тең бе еді даламенен?
Жан-жағына тұрды ол қарап ерен.
Серігі жоқ қасында, гүл бағы жоқ,
Қоректенбек бұл жерде ара немен?
Көктем бе деп үй ішін шолып та алды,
Ары-бері қанатын керіп те алды.
Көріп еді қомданып, ұша алмады,
Үш күннен соң сол ара өліп қалды.
Асықпаса, көктем де келмес пе еді?
Келмес пе еді –
Гүлден нәр термес пе еді?
Кім біледі,
Басқаға балын беріп,
Өкінішсіз содан соң өлмес пе еді?
Түсінбедім осы бір оянысты,
Санамда бір сезікті ой алысты:
Таппаса ер елінен таянышты,
Өліміндей араның аянышты.





Пікір жазу