Түстегі Шолпан қыз
Шадыман соңғы күндері аз ұйқтайтын болған. Оны мазалаған түн ұйқысында кіретін шым-шытырық түстер еді. Көздері ұйқыға кетсе болғаны, түсіне Шолпан енеді. Бұдан бұрын Шолпан түн ұйқысында көрген анау-мынау түстеріне онша мән бермейтін. «Түс – Түлкінің қиы» деген халық сөзін берік ұстанатын. Түс көру жөнінде айтылатын әңгімелер мен жазылған еңбектерге мән бере бермейтін енді түстен арылар жері жоқ. Ол көрген түстері күн санап түн ұйқысын төрте бөліп те келеді.
Бүгін де түстер көріп,рте оянған. Әдетте, түнгі ұйқыдан электронды сағаттың дабылының өзінен әрең оянып, көздерін ашатын. Ал бүгінгі түнгі ұйқысында көрген
түстерінен ерекше бір ләззат алғандай. Түсінде тағы да Шолпанды көрген. Ол қыз түсіне енген түннің ертеңінде Шадыман оны қайта тауып алғандай көңілді жүреді. Онымен түсінде мес, тап бір өңінде кездескендей көңіл тоқтатады.
Шадыман төсегінен баяу тұрды. Терезеден сыртқа бір қарапалып, есікті ашып, аулаға шықты. Арнайы жасалған алаңқайда таңғы жаттығуларын жасады. Содан соң салқын сумен жуынып-шайынып, демалыс бөлмесіне келді. Жұмсақ диван үстіне отыра кетіп, түнде көрген түстерін есіне түсінді. Түсінде Шолпан қыз екеуі асханада әңгімелесіп отырды. Өзі Шолпанға жіберіп алған үлкен қателегін айтты, жас қыздан кешірім сұрады.
Шолпан басын изеп, өзінің де балалық жасап алғанын айтып, өкінішін білдірген. Өзі оған шама-шарқы келгенше бар көмегін беретінін, ол үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын айтқан. Бірақ бір ғана нәрсені анық біле алмады. Ол – Шолпанның қай мекен-жайда екенін біле алмаған. Ол сұрағына Шолпан қыз: «Мен қазақ ауылындамын. Маған арнайы тігілген киіз үйдемін» деумен шектеліп, зым-зия болған.
Шадыман ой тұңғиығын жұмылған көздерін ашып алды. Кең бөлме. Отырған диваны, түрлі бейнебайланыс жүйелері, электронды сағат, стереотеледидар, тағы басқа заттар.
Шадыман басын жұмсақ диванның жақтауына қарай сәл шалқайта сүйеп, екі көзін қайта жұмды. Осылай біраз отырып барып түрегелді. Сол бойда тіке асханаға тартқан. Таңғы ас уақыты әлі ерте болғандықтан онда аспазшы биотұлғалардан өзге ешкім көрінбеді.
Шадымен түсінде Шолпан екеуі отырған дастархан жанына келді. Оның жанындағы түсінде көрген орындыққа жайымен отырды. Қарсы алдындағы орындықтан түсіндегі Шолпанды көз алдына елестетті. Ол қыздың түсіндегі өзіне қадала қарап отырысы да бір ғажап еді. Сол түсі енді өңіне айнала кетсе ғой. Онда өзі нағыз бақытты басшы болған болар еді. Ұмытылмас бір сәт орнамақ. Бірақ, өкінішке орай, ол ойы орындалмады.
Шадыман енді дастархан басында жалғыз. Ойын кең бөлмедегі дастархандарға таңғы ас пен түпрлі тағамдарды тасып, қойып жүрген аспазшы, көмекші биотұлғалардың жүрістері ғана бұзады. Әрқайсысының өзіне тән бағдарламалы жұмысы бар. Бірақ қаншама бағдарламалы болса да биотұлғалар тірі, саналы адамдардың өздері емес. Жер ғаламшарындағы адам баласы іс-әрекеттерінің де осындай бағдарламалық іс- әрекеттерге жақындап қалғаны белгілі. «Біз, адам баласы, адами қасиеттен сырт шығып
барамыз», деп бір ойлап қойды Шадыман ішінен. Осы ауытқушылықтың
барымташылыққа апарып соғатынын да түсінді басшы ғалым. Шолпан қызды құпия түрде алып кетіп, құпияжерде ұстап отырған адамдардың кімдер екеніне ақыл-ойын жеткізе алмады.
Содан қалың ойдан шығып, отырған орнынан тұріп, қайтадан өзінің жатын пәтеріне келген. Бұл кезде Қос Емшектау астындағы табиғат аясы да ояына бастаған. Күмбездегі жұлдыздардың жарық сәулелері өлеусіреп, бірте-бірте көмескіленген. Кейбіреулері көзден ғайып болған. Шығыс көкжиектен жарқырай Күн көтеріліп келеді. Айнала шектеулі табиғат аясындағы түрлі жәндіктер санаулы тұрғындарын қарсы алғылары келгендей әрекеттеріне көшкен. Шамалы соққан салқын самалдан ағаштардың бұтақтары қозғалып, шапырақтары қалтылдайды. Жасанды көл суының беті сәл толқындалады. Ағаштардың бұтақ-бұтақтарында қонақтап отырған небір құстар құйқылжыта сайрайды. Арнайы
орындардағы қолға үйретілген аңдар да, іріл-ұсақты малдар да тірішілік әрекеттеріне кіріскен. Олардың ешқайсысы да Шадыманның жәбіркеу көңіл-күйімен санаспайды.
Санасыздық деген осы. Олар өздерінің Шолпан ғаламшарындағы осы Емшектаудың астындағы Жер ғаламшары жағдайына келтірілген ортада тірішілік кешіп жатқандарынан да бейхабар. Олармен салыстырғанда саналы адам барар жерін де, жүрген жерін де анық біледі. Тек өзінің өмірлік тағдырын дәл болжай алмайды. Соған қарамастан адам алдына үлкен мақсат қояды. Адам баласының да ғұмірі шектеулі болғандықтан басты үміті
ұрпаққа келіп тіреледі. Шадыман бұл жағын да ойынан сырт қалдырған жоқ. Жатын бөлмесінің үлкен терезесінен сырттағы жандана берген тірішілікке қадала қарап ұзақ отырды.
Содан соң түбі тереңдеген ойынан селт оянып, отырған орнынан түрды. Жасанды Күн шығыс көкжиектен күмбезге қарай біршама көтеріліп, аядай табиғат аясындағы ауа жыли берді. Күллі тірішілік жадырай түскен. Жаңа ғана ағаш бұтақтарына қонақтай отырып алып, тынымсыз сайрған түрлі құстар да енді жемдерін іздуге ұшып кеткен.
Құмдағы тас-тастың арасындағы Кесірткелер де енді Күн сәулесіне жылынуға жатқан. Жыландардың қозғалыстары ширай берген.. Бұл қым-қуыт тірішілік әрекеттерін көзбен көрген әрбір адам баласы да қарапо отыра алмақ емес.
Шадыман пәтерінен шығып, асханаға жетті. Бұл кезде өзінен басқа ғарышкер- геологтар асханаға барып, өзді өзді дастархандарының жандарындағы орындықтарға отырып үлгерген еді. Шадыман келген бойда әдетте өзі ас ішетін дастархан жанындағы орындығына жайғасты. Аспазшы биотұлғалар таңғы ас пен тағамдарды әкелгенше әңгіме- дүкен құрды. Әркі өзінің түн тыныштығында қалай ұйқтағанын, қандай түс көргенін айтып отырды. Шадыман ол әңгімелерді мұқият тыңдай отырып, тағы да ой тұңғиығына батты.
Өзінің түні бойы көрген түсі де түс емес, өңіндегі бір ғажайып оқиғадай болған. Бұрын түс көруден азар болса, енді Шолпан қызбен қайта табысқандай әсерберетін түстерді көре беруге даяр. «Түсімде болса да Шолпан қызды көре берсем екен» деген де ниетті ойда отыр.
Таңғы астарынан алып, шайларын, кофелерін ішкен соң ғарышкер-геологтар уақыт жоғалтпастан Кең тегіске аттанар алдында қысқа кеңес өткізетін үлкен бөлмеге жиналды. Онда барлық ғарышкер-геолггтарға тиесілі тапсырмала беріп, өзі де заттарын алған.
Шолпан қыздан көз жазып қалғалы Шадыманның баратын жері тек Кең тегіс қана. Ол аймақтан Шолпан қызды кезіктіруден үмітін бір үзбейді. Ондай үміт қарамағындағы әріптестерінде де бар. Сондықтан олар да Кең тегіске барғанды қалайды. Сөйтіп, ғарышкер-геологтар бұл жолы Кең тегістің шығыс жақ аймағына бұрғылау жұмыстарын
жүргізуді жоспарлаған. Ол жақтан Шолпан қыздың көрініп қалуы да ғажап емес еді ғарышкер-геологтардың ойларынша.